30.03.2017 10:21:20
Шашлыкты əр түрлі жолмен маринадтаса болады:уксуспен, айранмен анар жəне қызанақ шырынымен, лимон + базиликпен, алмамен, қызыл смородинамен,минералды сумен, майонезбен. Ең бастысы кез-келген маринадта етке міндетті түрде пияз, бұрыш, тұз қосып, жоғарыда аталған (өзіңізге ұнайтын) заттармен араластырған жөн. Маринадтың бірнеше түріне тоқтала кетейік:
4 дана пиязды майдалап турап, оған бір лимонның шырынын сығып қолыңызбен араластырып алыңыз. Етті тұздап, бұрыштап кезекпен бірінші қабат ет, екінші қабат лимон қосылған пиязымызды қосып кезекпен қайталаңыз. Əр қабаттаған сайын минералды суды қосып отырыңыз. 1 кг етке 1.5 стақан су. Бір түнге қалдырыңыз. Бұл маринад əсіресе сиыр етіне өте үйлесімді (қоймен қоян етіне де жарайды).
1 л айранды 2 ас қасық сұйық маймен араластырамыз. 1 кг құс (тауық, үйрек т.б) етін немесе қолыңызда бар етті алыңыз. 4 дана ұсақтап туралған пиязға аскөкті (укроп, петрушка, кинза) алып ұсақтап турап 3 ас қасық қосыңыз. Етті тұздап, бұрыштап жəнағы пиязбен аскөк қоспасымен қабат қылып ыдыс ішіне қалаймыз. Бірінші қабат ет екінші қабат пиязбен аскөк қосындысы. Осы қабаттың үстіне май қосылған айранды көп мөлшерде құямыз. Бұл маринад құс жəне қоян етіне өте үйлесімді. Негізгі маринадтар. Көбісі лайм, анар шырынын, сарымсақ (чеснок), лавр жапырағын, бал қосып жасағанды ұнатады. Міне осындай қоспалармен ерекше дəм беретін бірнеше
мысалды көрсете кетейік.
1 кг етке 6ас қасық (сыртынан ыстық суда жылытылған) соевый соусты, 1 ас қасық балды, 3 жарты сарымсақты қосып жақсылап араластырады. Үстіне қалауыңызша аскөкті қосып тағы бір жақсылап араластырады.
200 гр ашты горчицаға 2 ас қасық майорана, 0,5 шай қасық розмарина жəне 0,5 шай қасық орегано, 4 лавр жапырағы (ұсақтап сындырылған) бəрін етке қосып араластырады.
2 ас қасық ашты томат кетчубын 3 ас қасық сұйық маймен араластырып оған ұсақталған 2 бас сарымсақ қосамыз. 2 орташа пияз және 1 шай қасық розмаринамен 1 шай қасық майорана, тұз, бұрышты көбірек қосып жақсылап араластырады.
Етті пластика, керамика, əйнекті, эмальды ыдысқа маринадтау керек. Алюминнен жасалған ыдыс жарамайды. Себебі алюминнен жасалған ыдыс құрамынан қышқыл бөліп етке жағымсыз иіс береді. Кей жағдайда барлық заттарды етпен араластырып полиэтиленді пакетке салып аузын жақсылап бекітеміз. Маринадталған ет салқын жерде ең дұрысы тоңазытқышқа қойылғаны дұрыс.
Қой еті
Көп адамдарға қой етінен жасалған кəуап ұнайды,бірақ ол қымбатырақ болады. Неғұрлым жас қойдың (қозы) етінен жасаса соғұрлым кəуап өте дəмді болады. Жас қойдың райы ақ болады, сары емес. Соған қарап малдың не жас не кəрі екенін анықтауға болады. Қойдың етін өте үлкен емес орташа етіп турап сүйектерімен бірге қолданған жөн. Егер сүйектері үлкен болса бөлуге болады. Қойдың етін 5 сағаттан артық маринадтаған дұрыс, егер қозы болмаса. Қой етін ыстықтай жеген дұрыс, суып қалса өз дəмін жоғалтады.
Сиыр еті
Тауық еті
Балық