Развитие

Енді сөйлейтін боламыз: мемлекет сөйлеу қабілетінің ақаулары бар балаларға қалай көмектеседі

Бір ананың басынан кешірген оқиғасы
Енді сөйлейтін боламыз: мемлекет сөйлеу қабілетінің ақаулары бар балаларға қалай көмектеседі
Бір ананың басынан кешірген оқиғасы
Енді сөйлейтін боламыз: мемлекет сөйлеу қабілетінің ақаулары бар балаларға қалай көмектеседі
Бір ананың басынан кешірген оқиғасы
17.07.2019, 02:12
Изменено: 24.04.2024, 13:27

Бала өзіне қажеті болмаған соң сөйлемей жүре бергені туралы ескі анекдот есіңізде шығар. Бір жағынан күлкілі болып көрінгенімен, екінші жағынан мәз болатындай жағдай емес, әсіресе мұндай жағдай өз басыңызға туған болса. Бір жыл, екі, тіпті үш жыл күтесің, бірақ балаң сөйлемейді. Таныстарың күрсініп, бәлкім оның бір жері ауыратын шығар деп тұспалдай бастайды, сол сәтте өзің де қорқа бастайсың – ал егер расында да, қандай да бір патология болса ше?

Қорыққанды қойып, кәсіби көмекке жүгінуге кеңес береміз. Бұған қоса бізде ондай көмек бар – ол сапалы әрі тегін, баласын тілдік бақшаға беріп, онысына өкінбеген біздің кейіпкеріміз неге таңырқайтынын білейік.

«Баламды қалыпты жағдайда босандым. Өсуі де қалыпты болды– дәрігерлер тарапынан ешқандай ескертулер болған жоқ. Бірақ іс жүзінде оған әрбір екінші балада диагностикаланатын БСІҚ –бас сүйек ішілік қысым диагнозы қойылған болатын. Оның өсіп-жетілуі жақсы өтті, тіпті көптеген құрбыларынан жылдамырақ десе де болады – ерте отырып, еңбектеп, жүре бастады… Жалпы, олөте белсенді әрі білімқұмар болатын. Бір ғана«кеселі» – сөйлемейтін. Екі жасқа дейін бұл жөнінде мүлдем уайымдамаппын– күйеуім де бала кезінде көпке дейін сөйлемепті. Бірақ үшке толар шағында үрейлене бастадым: балам жекелеген дыбыстардан басқа анық ешнәрсе айта алмайтын. Қайда барып, не істерімді білмедім. Бір танысыммен әңгімелесіп отырып, осы тақырыпты қозғамағанымда, сол баяғы қалпымызда қала беруші едік. Ол нақты диагноз қойып, түзету шараларын тағайындап беретін комиссияға қаралуымызға кеңес берді. Одан тағы білгенім, сөйлеу мәселелері бар балалар үшін көп нәрсе жасалған екен – арнайы балабақша, мектеп, мейлі жай сабақ болсын, бәрі мемлекеттің демеуқаржысынан ұсынылатын көрінеді. Бірақ онда тек комиссия арқылы ғана өтуге болады. Бұл үшін барлық мамандардың тексеруінен өтіп, солардың тағайындауын алу керек екен».

Анықтама үшін: «Алматы қаласының мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған сауықтыру орталығы» ҚММ – психологиялық-физикалық дамуында ауытқулары, оқу, қарым-қатынас, мінез-құлық мәселелері бар балалар мен жасөспірімдерді кешенді психологиялық-медициналық-педагогикалық зерттеу, сондай-ақ 0-ден 18 жасқа дейінгі мүмкіндігі шектеулі балалар мен жасөспірімдерді психологиялық- педагогикалық түзету және сауықтыру үшін құрылған бейкоммерциялық ұйым.

Бүгінгі таңда АҚМШБСО ҚММ-нің құрылымында:

5 психологиялық-медициналық-педагогикалық консультация (ПМПК);

8 психологиялық- педагогикалық түзету кабинеті (ППТК) жұмыс істейді.

«Мен интернеттен ақпарат тауып,қоңырау шалып, қабылдауға жазылдым.Ұйым бұрыннан бері жұмыс істейді екен, онда керең, даму кідірісі бар және жай тілі шықпай жүрген балаларды да қабылдай береді екен. Бір ай өтіп, кезегіміз келген кезде, біз баламызбен барлық мамандардың тексеруінен өттік, олардың әрқайсысы тест өткізіп, баламды қарап, қорытынды берді. Бәрі ескерілді: баламның салмағы мен бойынан бастап өзімнің босану және жүктілік тарихыма дейін. Мақсаты– даму кідірісі неліктен болғанын анықтау. Балам тапсырмалардың барлығын тамаша орындады – түстер мен жануарларды ажыратып, пирамидаларды өзі жинады және дәрігерлердің барлық өтініштерін орындады. Кідіріс тек тілдің шығуымен байланыс болды. Бізге тегін логопед сабақтары мен уқалауға жолдама берілді. Біз барған орталықта логопедпен қатар ЛФК, уқалау және т.б. да болды.

Логопедке біз екі ай бойы аптасына екі рет барып жүрдік. Логопед – тамаша адам еді, менің ұшқалақ баламның назарын өзіне аударып, бірден қызықтыра алды. Таң қаларлығы: ол өзін мінсіз ұстады, оның барлық талаптарын орындап, сабақ тамаша өтетін. Сол сабақтардан кейін өте күшті ілгерілеу байқалды».

Енді сөйлейтін боламыз: мемлекет сөйлеу қабілетінің ақаулары бар балаларға қалай көмектеседі

Тағы біраз ресми ақпарат: психологиялық-медициналық-педагогикалық консультация – даму мәселелері бар балаларды оқыту түрі мен нысанын белгілейтін сараптамалық қызмет. Ол әлеуметтік қорғау мекемелері үшін балаларға қорытынды беріп, мамандардың коррекциялық көмегіне мұқтаж балалар үшін оңтайлы педагогикалық бағдар ұсынады.

Балалар бекітілген кесте бойынша өткізілген консультация нәтижесінде, мектептер мен мектепке дейінгі ұйымдардың педагогтарының өтініші бойынша және ата-аналардың жеке бастамасы бойынша тексеруден өткізіледі.

«Логопед сабақтарынан кейін, балама мамандандырылған бақшаның қажет не қажет еместігін, қажет болған жағдайда, нақты қандай бақша керек екенін анықтау мақсатында бізді қайтадан комиссияға жіберді. Бізге балабақша қажет деп шешілді. Жолдаманы алып, көп созбай, тағайындалған балабақшамызға бардық. Ол керемет балабақша болып шықты. Тобымызда 15 бала, одан аспайды. Балалармен тұрақты негізде логопед айналысады. Тәрбиешілері– өте қамқор, жағдай керемет. Мен өте риза болдым.

Балалар жыл сайын комиссиядан өтіп тұрды. Егер түзету шаралары одан әрі керек болмаса, баланы жай балабақшаға ауыстыратын. Біз соңына дейін қалып, балабақшадан мамандандырылған мектепке жолдама алдық.

Мектеп туралы кереғар пікір көп болды. Мен көп күмәндандым – балам әжептәуір сөйлеп қалды, кейбір дыбыстармен ғана қиындықтары болатын. Шешім қабылдау керек болды – коррекциялық мектепке барамыз ба әлде бармаймыз ба. Жақындарым: «Қажеті не? Бұл– мектеп-интернат, онда балаларға қалай қарайтыны белгісіз, қандай балалармен бірге оқитынын ешкім білмейді. Бермей-ақ қой», - деп қарсылықтарын білдірді. Кейін түсінгенім, осы айтылған жорамалдар бойымда күмән тудырған екен. Сол сәтте логопед мені өзіне шақырып: «Сіз бұл мектептің қаншалықты жақсы екенін әзір білмейсіз. Бұған қоса, сіз мектебімізден қалаған кезіңізде бас тарта аласыз, бірақ бас тартқан жағдайда бұнда ешқашан қайта орналаса алмайсыз– араға таныс салсаңыз да, ақша ұсынсаңыз да, ешқалай. Сондықтан, келісіңіз» дегені жақсы болды.

Хабардар болыңыз! Бүгінгі таңда Алматы қаласында сөйлеу қабілетінің ауыр бұзылыстары бар 6 балабақша жұмыс істейді (оның ішінде қосымша екі балабақша ҚТА– қимыл-тірек аппаратының бұзылыстары бар балаларға арналған), онда 650 бала тәрбиеленеді. Балабақшалардың жобалық қуаттылығы сөйлеу қабілеті бұзылған барлық балаларды коррекциялық көмекпен қамтуға мүмкіндік бермейді.Баланы мамандандырылған мектепке дейінгі ұйымдарға тағайындау мәселесі баланың жасы мен оқытылатын тілін есере отырып, №1 психологиялық-медициналық-педагогикалық консультацияның қорытындысынан кейін шешіледі.

Енді сөйлейтін боламыз: мемлекет сөйлеу қабілетінің ақаулары бар балаларға қалай көмектеседі

«Сол кезде логопедтің мені көндіргеніне шексіз шүкір! Нәтижесінде, мектепте төрт жыл оқығаннан кейін, одан кеткіміз келмеді. Бұл – керемет мектеп. Сыныптарында бала аз, әрқайсысына жеке көзқарас… Рас, диагноздары ауыр балалар да болды: керең, қоян жырықты, бұл олардың дұрыс артикуляциясына кедергі келтіретін, бір сөзбен - әртүрлі. Бірақ менің балам сияқтылар да көп болды– кеш сөйлей бастағандар немесе болмашы ақаулары бар, мысалы, «р» және«л»әріптерін айта алмайтындар.Онда біз нөлдік сыныптан үшінші сыныпқа дейін (қоса есептегенде) оқып шықтық. Мұғаліміміз де тамаша кісі еді. Балам басқа мектептерде тап сол кісідей балаларды өз балаларындай көретін, оларға қамқор болып, сабақты түсіндіре білетін, түсінбеген жерінде еш ойланбай кез келген уақытта сұрай салуға болатын мұғалімдердің жоқтығына осы күнге дейін үйренісе алмай жүр.

Бұд мектептің мектеп-интернат болғаны оның кемшілігі емес, артықшылығы болды. Онда қонып қалу мүлдем міндетті емес еді: қаласаң – қонасың, қаламасаң – қонбайсың. Нөлдік сыныпта біз оны бір де бір қалдырып көрмеппіз. Кейін бойы үйреніп, достары көбейе бастаған кезде, өзі қалғысы келетін болды. Бұл ол үшін нағыз қызықты оқиға болатын. Ол аптасына екі рет қонып қалып жүретін. Ондағы тәртіп қатал болды – 9-да ұйқыға жатады, 7-де оянады. Бұл оны кәдімгідей тәртіпке салды. Онда сабағын да жасайтын, тамағын да ішетін. Мектептен кеткісі келмеді. Әйтсе де – кезекті комиссиядан кейін мектептен шығуымызға тура келді – балам түзету шараларына ендігі мұқтаж емес еді, мектептегі орын санаулы болды, ал оған түскісі келетіндердің саны керісінше артылып жатты.

Іріктеу ережелері күшейтілді – егер біз комиссиядан қазір өткен болсақ, бізді қабылдамауы әбден мүмкін еді. Айтарлықтай ауыр бұзылыстары болған жоқ. Кеш сөйлей бастағаны және «р» мен«л»әріптерін айта алмағаны болмаса. Бүгінде бұл коррекциялық балабақшаға баруға себеп болып есептелмейді. Кейін бірнеше әріпті айта алмаған кіші ұлымды сол балабақшаға бергім келген кезде, бізді жай ғана логопедтің сабағы мен уқалауға және ЛФК-ға жіберді, квота беруден бас тартты.

Балам мектебін сағынып жүр. Достарын, жақсы көрген мұғалімдерін сағынады. Онда өткен мейрамдарын, балаларға міндетті түрде берілетін сыйлықтарын жиі еске алады: туған күндеріне, Жаңа жылға, 8 наурызға … Бірақ ең бастысы, балам сол жердегі қамқорлылықты сезінген шағын сағынатын шығар деп ойлаймын, себебі ол мектебін өзінің екінші үйіндей көретін».

Қосымша ақпарат алу үшін Алматы қаласының мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған сауықтыру орталығына мына мекенжай бойынша хабарласуға болады: Торайғыров көшесі, 1, Каблуков к-нің қиылысы, 227-62-61; 257-08-55 телефондары бойынша немесе оны http://special-child.kzсайтынан алуға болады.

 

Menu
×