Анаға хат Анаға хат
47 секунд - 12.01.2016, 13:06
Анаға хат

Анаға хат

47 секунд - 12.01.2016, 13:06

 Анашым, жүрегімнің төріндесің,

Әрдайым жан-дүниемнің көгіндесің,

Шалғайда жүрсем дағы бір өзіңнен,

Қүлазыған көңілдің өріндесің.


Қуансам да бөлісем бір өзіңмен,

Қайғырсам қуат алам бір сөзіңнен.

Сынаушым да, өзіңсің ,қолдаушым да,

Ақылшым да, өзіңсің ,қорғаушым да.


Анашым, қадіріңе жете алам ба?

Сол сұрақ тұрады әркез ой-санамда.

Бүгінде келін болдым, менде анамын,

Жүрегімнің түбінде жас баламын.


Анашым отырушы ең аман бол деп,

Ақылды бол,бастысы адам бол деп,

Өсірдің, ержеткіздің бес балаңды,

Жырлаймын, жырлап өтем мен анамды!


Популярные статьи и новости

×