Семейный досуг

Айя Қиял әлемі: аттракциондар, бағалар, сервис

Біз саябақтың 2019 жылғы жағдайын өз көзімізбен көрейік деген оймен саябақты барлауға жөнелдік, Саябақтың жұмыс тәртібі
Айя Қиял әлемі: аттракциондар, бағалар, сервис
Біз саябақтың 2019 жылғы жағдайын өз көзімізбен көрейік деген оймен саябақты барлауға жөнелдік, Саябақтың жұмыс тәртібі
Айя Қиял әлемі: аттракциондар, бағалар, сервис
Біз саябақтың 2019 жылғы жағдайын өз көзімізбен көрейік деген оймен саябақты барлауға жөнелдік, Саябақтың жұмыс тәртібі
18.06.2019, 21:00
Изменено: 03.05.2024, 14:13

Балалардың жазғы маусымдағы ең сүйікті ойын-сауықтарының бірі –аттракциондар саябағына бару. Алматыдағы ойын-сауық саябақтарының арасында ең танымалы -  Айя Қиял әлемі саябағы. Бұл ойын-сауық орны туралы айтылатын пікірлер сан қилы: біреулер аттракциондардың алуан түрлігіне қайран қалса, енді біреулер саябақтағы жағдайды сынға алып, қауіпсіздік шараларының әлсіреп кеткенін алға тартады. Біз саябақтың 2019 жылғы жағдайын өз көзімізбен көрейік деген оймен саябақты барлауға жөнелдік. Аттракциондар, бағалар, сервис, жаңа өнімдер – осының барлығы жөнінде мақаламыздан оқып біле аласыз.

Айя Қиял әлемі: аттракциондар, бағалар, сервис

Жұмыс кестесі

Саябақтың жұмыс тәртібі біршама таң қалдырады: жұмыс күндері ол тек күндізгі 11-де ашылады, яғни нағыз серуендеу шағы күннің ең ыстық мезгіліне келеді. Кіре берісінде сағат 10-нан бастап келушілер үймелеп тұрады, қақпасы жабық, билетті де дәл 11.00-ден сата бастайды. Ашылған кезде орталық кіреберістің алдында сәкілер болған жоқ, олар бірнеше сағаттан соң ғана қойылды.

Алматыдағы Айя Қиял әлемі саябағының жұмыс тәртібі:

Дүйсенбі, сейсенбі, жұма  - 11.00-ден 21.00-ге дейін.

Бейсенбі - 12.00-ден 21.00-ге дейін.

Сәрсенбі - 11.00-ден 20.30-ға дейін  

Сенбі, жексенбі, мейрам күндері – 11.00-ден 21.00-ге дейін.

 

Байланыс деректері:

Мекенжайы:  Алматы, Абай даңғылы, 50а.

Байланыс телефоны: +7 (727) 394-57-27.

Саябақтың ресми сайты жоқ.

Айя Қиял әлемі: аттракциондар, бағалар, сервис

Алматы Қиял әлемі саябағының бағалары:

Бойы 130 см-ге дейінгі бір адамға арналған билет – 2000 теңге.

130 см-ден жоғары бір адамға арналған билет – 3500 теңге.

Бойы 90 см-ге дейінгі балалар мен зейнеткерлер тегін кіре алады.

Кіре берісте балаларыңыздың бойын өлшеуге арналған сызық шәкілі орналастырылған.

Баға тұрғысынан бір мағыналы баға беруге келмейді, біздің ойымызша жағымды да, жағымсыз да тұстары баршылық. Бір жағынан, нақты бір соманы бір рет төлеп қойып, кез келген аттракционға қалағаныңызша міне беруге болады. Ал екінші жағынан, ересек адамға, мейлі ол аттракционға мінбей, балаларын жай алып жүретін болса да, 3500 теңге төлеуі керек болады. 

Ескертпе:

Алматы Қиял әлемі саябағына велосипедпен, самокатпен және скейтбордпен кіруге тыйым салынады. Сондай-ақ өзімен бірге үй жануарларын алып кіруге де рұқсат етілмейді.

Аттракциондар: қауіпсіздік және шектеулер

Саябақта 41 аттракцион орналасқан: 9 экстремалдық, 15 балаларға арналған және 17 отбасылық. Су әткеншектері жоқ. Барлық аттракциондарда 15 минуттық үзіліс қарастырылған.

 

Айя Қиял әлемі: аттракциондар, бағалар, сервисАйя Қиял әлемі: аттракциондар, бағалар, сервисАйя Қиял әлемі: аттракциондар, бағалар, сервис

 

Қауіпсіздік жүйесі

Саябақ 1997 жылы құрылғанын ескерсек, жұмыс істеп тұрған механизмдерді қайта құрылымдау мәселесінің туындайды. Өкінішке орай, бұл туралы ақпарат жоқ, білетініміз тек шамамен 4 жыл бұрын саябақтың Сәтбаев көшесіне жақын орналасқан жоғарғы бөлігі жаңартылған. Қауіпсіздік мәселесінің күмән тудыруы орынды: ескі механизмдерді жаңарту, ауыстыру тұрғысынан қандай да жұмыс жүргізіле ме, әлде бәрі бәз баяғы қалпында қалуда ма?

Нақты жауап жоқ, демек Айя Қиял әлемі саябағындағы аттракциондарға мінудің қауіпсіздігінде де сенім жоқ. Алысқа бармай, 2016 жылғы 26 мамырда болған оғаш жағдайды еске алсақ та болады, онда «Түймедақ» (Ромашка) аттракционы ауада 10 минуттан артық тұрып қалған болатын. Кейін баспасөз беттерінде осы оқиғаға қатысты мынадай түсініктеме берілген:

«Бұл сәтте аттракционда 15 адам болған. Олар ауада 10 минуттан сәл артық уақыт ілініп тұруға мәжбүр болған, кейін олардың барлығы саябақ қызметкерлерінің көмегімен жерге түсірілген. Аттракцион автоматты қауіпсіздік жүйесімен жабдықталған, ол тіпті электр қуаты кенет ауытқыған жағдайдың өзінде іске қосылады. Саябақтың өкілдері «Түймедақта» балалар болмағанын алға тартады, себебі оған бойы 140 см-ден жоғары келушілер ғана кіргізіледі дейді».


Айя Қиял әлемі: аттракциондар, бағалар, сервис

Балаңыз жоғалған жағдайда не істеу керек?

Балаңыз саябаққа келген кезде адасып кетсе, Алматы Айя Қиял әлемі саябағының әкімшілігінен қандай жауап күтуге болады? Саябақтың периметрі бойынша күзетшілер тұрады, сондай-ақ шыға берісте күзет посты қойылған. Осы жерде тұрған қызметкерлердің айтуынша, балалар саябақтан ересек адамның қарауынсыз шығарылмайды. Саябақ өкілдері бізге саябақ аумағында баланың жоғалғанын дереу хабарлайтын рупорлар мен камералар қарастырылғанын айтып сендірді. Бала жоғалған жағдайда,қысқа мерзімде табылуы тиіс.

 

Алматы Айя Қиял әлемі саябағының инфрақұрылымы

Кіре берістен бастап барлық саяжолдар бойында сәкілер қойылған, олардың басым бөлігі қалқамен жабдықталған. Кезекке тұратын орындарға да күнқағарлар орнатылған, сондықтан келушілердің демалуына қашан да орын табылады. Сонымен қатар әткеншек-сәкілер де бар, ыстық күннің көзінен жасырынуға болатын шағын жазғы алаң да табылады. Саябақтың басты көшесі жарқын дарбазамен безендірілген, онда жанға жайлы салқындық беретін жеңіл су шашыратқыштар орнатылған.

Айя Қиял әлемі: аттракциондар, бағалар, сервис

Сусындар мен тәттілер негізгі саяжолда сатылады, бағалары ойға қонымды: жарты литрлік суды 150 теңгеге, ал балмұздақ түйіршігін 200 теңгеге алуға болады.

Сондай-ақ саябақ аумағында сәбилерге арналған 3 сырғанақ, су атқыш және шағын хайуанаттар бағы орналасқан.

Егер тіске басар нәрсе іздесеңіз, Айя Қиял әлемінде екі кафе қарастырылған. Біреуі тап кіре берісте орналасқан, онда сіздің таңдауыңызға бургер немесе пицца ұсынылады, бағасы 600-1500 теңге аралығында. Ыстық тағам мен тіске басар тағамдардың дәмін саябақтың жоғарғы жағында «Шолу доңғалағы» (Колесо обозрения) аттракционының жанында орналасқан кафеден татып көре аласыз. Салат, тіске басар, сорпа, кәуап – бәрі де оңтайлы бағаға ұсынылады: 600-ден 1500 теңгеге дейінгі аралықта.

Дәретхана саябақтың жоғарғы жағында орналасқан, ол біреу ғана. Кіруі тегін, бірақ бұл көңіліңізді көншітуі екіталай: ашылған сәттен бастап-ақ оның іші лас және тұрақты жағымсыз иіс сезіледі. Дәретхана қағазы мен қол сабынның болмауы тіпті жағымсыз әсер қалдырады.

Қызмет көрсетуге қатысты айтар болсақ, саябақ қызметкерлері өте сыпайы, қойған барлық сұрақтарыңызға жауап қайтарады, қажет болған жағдайда сұраған бағытыңызды көрсетіп жібереді.

 

Саябақтан кейін қайда баруға болады?

Айя Қиял әлемі саябағының айналасында цирк жанындағы әсерлі су атқыштар, ал саябаққа қарсы – М.Әуезов атындағы драма театры орналасқан. Өзен жанында серуендеп, Алматы орталық жүзу бассейніне баруға болады. Жақын жерде Promenade сауда орталығы да бар, онда көптеген дүкендермен қатар көпшілікке танымал INTERFOOD дүкені орналасқан.

 

Популярные статьи и новости

Menu
×