Qazaqsha

ЖҮКТІЛІКТІҢ 1 АПТАСЫ

Бүкіл әлемдегі дәрігерлер жүктілік мерзімін соңғы етеккірдің бірінші күнінен бастап санайды, бұл көбінесе болашақ аналар арасында түсініксіздікті тудырады, олар жүктіліктің нақты күнін білеміз деп санайды.
ЖҮКТІЛІКТІҢ 1 АПТАСЫ
Бүкіл әлемдегі дәрігерлер жүктілік мерзімін соңғы етеккірдің бірінші күнінен бастап санайды, бұл көбінесе болашақ аналар арасында түсініксіздікті тудырады, олар жүктіліктің нақты күнін білеміз деп санайды.
ЖҮКТІЛІКТІҢ 1 АПТАСЫ
Бүкіл әлемдегі дәрігерлер жүктілік мерзімін соңғы етеккірдің бірінші күнінен бастап санайды, бұл көбінесе болашақ аналар арасында түсініксіздікті тудырады, олар жүктіліктің нақты күнін білеміз деп санайды.
14.04.2021, 03:19
Изменено: 06.05.2024, 03:53

Бұл әдіс "акушерлік" деп аталады және ол болашақ баланың қандай даму сатысында екенін түсінуге мүмкіндік береді. Бұл ұғым ұрықтандырудың нақты қашан болғанын анықтау өте қиын болғандықтан пайда болды.

Әдетте әйелдің етеккір циклінің ортасында пісіп жетілген жұмыртқа жасушасы аналық безінен шығып, құрсақ қуысынан жатыр түтігіне өтеді. Бұл процесс овуляция деп аталады. Әйелдің жұмыртқа жасушасы жатыр түтігінде болған кезде, сперматозоидтармен «кездесі күнін» күтеді және 24 сағат бойы тірі болады. Сперматозоидтар әйелдің ағзасына еніп, ұрықтандыру қабілетін 3-5 күнге дейін сақтайды. Осылайша, жүкті болу жыныстық қатынастан бірнеше күн өткен соң пайда болуы мүмкін.

Жүктіліктің 1 аптасындағы әйелдің сезімдері

Жүктіліктің алғашқы аптасында әйелдің аяғы ауыр екенін анықтау мүмкін емес, ал дамудың бұл кезеңі әлі эмбрион болмаған кезде "жұмыртқа" немесе "эмбрионға дейінгі кезең" деп аталады. Бұл кезең жүктіліктің алғашқы екі аптасына созылады. Әйел жүктілік болды немесе болатынын білмеуі де мүмкін, бірақ дәл осы уақытта болашақ ана өзін күтуді бастауы керек.

Бала: ұрықтың дамуы, 1-апта

Қазір сіздің болашақ балаңызды тек микроскоптың көмегімен көруге болады, бірақ оның гендерінде тұқым қуалайтын ақпараттар қазірдің өзінде бар: жынысы, көзінің түсі, бойы және бет ерекшеліктері.

Күйеуі тек ұл немесе тек қыз тууын сұрайтын аналар үшін жақсы жаңалық! Болашақ баланың жынысы ер адамға байланысты. Сперматозоидтарда хромосомалардың 2 түрі болуы мүмкін, күйеуіңіз қай хромосоманы алып жүретініне байланысты (X немесе Y), қыз немесе ұл туылады.

Кеңес:

Егер сіздің жүктілігіңіз жоспарланған болса және сіз алдын-ала қажетті анализдар тапсырып, дәрігерлерден өтіп, теңдестірілген және дұрыс тамақтансаңыз өте жақсы. Алайда, көптеген болашақ аналар үшін жүктілік жағымды тосын сый болады, сондықтан сіз өзіңіздің денсаулығыңызға және болашақ балаңыздың денсаулығына қамқорлықты дәл қазір бастауыңызға болады.

  • Ішімдіктен және темекі шегуден бас тарту. Таңқаларлық жағдай - көптеген әйелдер «Жүктілік кезінде алкоголь ішуге болады ма?» деген сұраққа бірден жауап бере алмайды. Біреуі бір стақан шараптың зиян тигізбейтініне сенімді, ал біреуі бір стақан сырадан бас тартпайды. Алайда Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДҰ) ұсыныстары бір мағыналы: ішімдік - балаға ауыр ақаулар әкелуі мүмкін улы зат.
  • Дәрілік заттардан бас тарту. Жүктілік кезінде көптеген дәрі-дәрмектерге тыйым салынады, бірақ сіз онсыз жүруіңізге болмайтын жағдайлар болады. Ішілген таблетка туралы алаңдамаңыз - болашақ анаға бұл керек емес, дегенмен дәрігерден кеңес алыңыз.
  • Дұрыс және теңдестірілген тамақтану. "Біз не жесек - сол болғанымыз" деп айтылған сөз бекер емес. Болашақ ананың мәзірі қаншалықты әр түрлі және пайдалы болса, бұл жүктіліктің бүкіл кезеңіндегі әл-ауқатына тура байланысты болады. Жемістер мен көкөністерді көбірек жеңіз, табиғи шырындар ішіңіз. Мәзіріңізге міндетті түрде сүт өнімдері мен жармаларды қосыңыз.
  • Иммундық жүйеңізді нығайтыңыз. Жүкті болу және бала сүю - бұл салауатты өмір салтын бастауға, күнделікті ашық ауаға шығуға, йога немесе жүзумен айналысуды бастауға болатын тамаша уақыт. Мұндай іс-шаралар сіздің көңіл-күйіңізді көтеріп қана қоймай, денсаулығыңызға айтарлықтай пайда әкеледі. Сіздің балаңыз дүниеге келгенде, сіз бірге серуендегенді және сәбилерге арналған бассейнде жүзгенді ұнататын болатыныңыз сөзсіз.
  • Көбірек жағымды эмоциялар! Жұмыс істейтін әйелдерге стресстен аулақ болу қиынға соғуы мүмкін, бірақ қазір сіз болашақ нәресте мен оның денсаулығының пайдасына шешілетін құндылықтарды қайта бағалау кезеңіне кіресіз!

Келесі оқитыныңыз: ЖҮКТІЛІКТІҢ 2 АПТАСЫ

Жүктілік күнтізбесін апта бойынша қадағалаңыз!

Сурет: unsplash.com

Menu
×