Qazaqsha

ЖҮКТІЛІКТІҢ 14 АПТАСЫ

Сіз жүктіліктің гүлденуі қарсаңындасыз. Енді сіз өзіңізді жігерлі сезіне бастайсыз.

Көптеген аналар дәл осы кезеңде ғана өздерін жүкті сезіне бастағандығын айтады. Сіз күндіз де, түнде де аштықты сезіне аласыз. Сіз белгілі бір өнімдерді ғана жегіңіз келуі мүмкін. Ағзаңыз сізге қандай заттар жетіспейтіндігін осылайша білдіреді. Бірақ «екеуіңіз үшін жеуге» болмайды, өзіңізге қанша керек болса, сонша жеңіз.

Жүктіліктің 14 аптасындағы әйелдің сезімдері

Сіз салмақ қоса бастайсыз. Ең бастысы, дәрігермен байланыста болуды ұмытпаңыз. Гинеколог бойыңызды, салмағыңызды өлшейді және нені көбірек ішіп-жеу керек, ал нені мүлдем алып тастауға болатын тағам-сусындарды анықтап береді. Зәр шығаруға деген ұмтылыс жиілеп барады, шыдап қысылуға жол бермеңіз, дәретханаға бірден барыңыз. Жүрісіңіз өзгере бастайды, сондықтан өкшелі аяқ киіммен қоштасатын кез келді. Әйтсе де, жүктілік сұлулық пен жеке күтімнен бас тартуға себеп болмайды. Жеңіл макияж және әдемі киімдер сіздің көңіл-күйіңізді әрдайым көтеруге көмектеседі.

Бала: ұрықтың дамуы, 14-апта

Бала қазір алманың мөлшеріне дейін өсті. Оның бет-әлпеті әлі қалыптасуда, мұрны, екі беті және құлақтары дұрыс пішінді болып келе жатыр. Тіпті басында шаштың белгілері бар. Баланың қаңқасын құрайтын шеміршек сүйектерге айнала бастады. Әзірше нәресте өте жұқа, ол сәл кейінірек май жинай бастайды. Бала сізбен бірге тамақтануды үйреніп жатыр. Ол қышқыл, ащы және тұзды заттарға реакциясын көрсете біледі. Тәттілікке жауап ретінде жұтыну қозғалыстары күшейеді.

Кеңес:

Жүкті әйелдерге арналған витаминдер кешенін қабылдау уақыты келді. Қайсысы жақсырақ және тиімді екені жайлы - дәрігерден кеңес алыңыз. Күнделікті мәзіріңізден ұнды тағамдар мен тәттіні алып тастаңыз. Жаттығу жасаңыз. Әрқашан есіңізде болсын - жүкті әйел ерекше әдемі!

Жүктілік күнтізбесін апта бойынша қадағалаңыз!

Сурет: pixabay.com

Сегодня читают

Сегодня читают

Топовые новости

×