Менің босану тарихым Менің босану тарихым
4 минуты - 26.04.2018, 06:24
Менің босану тарихым

Менің босану тарихым

4 минуты - 26.04.2018, 06:24

Дәрігерлер ҰДЗ бойынша маған жүктіліктің 40-41 аптасы, яғни желтоқсанның 10-16 аралығында туып қаларсың деп болжамдап айтты. Бірақ 1 желтоқсанда ма ҰДЗ жасатқанда, дәрігер : «Баланың барлық мүшесі дамыған, қазір-ақ тусаң да бола береді.» деді. Айтқаны бар болсын, енді күнде таң ертең, бүгін туып қалам ба деген оймен ақ күндерім өтіп бастады.

Бір қызығы соңғы айда, ой тезірек тусам екен деп асыға бастайсың да, болжап айтқан күн жақындағанда қорқыныш сезімі пайда бола бастайды.

15 желтоқсан таңғы 5-те аз-маз толғақ басталды. Сол түні онсызда кеш жатқан соң, жолдасым кішкене ұйқтап алсын деп, 8-ге дейін оятпадым. Негізі жұмысқа баратын ол, 8 де тұрып, жұмысынан сұранып, сөйтіп анамызға хабарладық. Ол кісі: «Неге жедел жәрдемге хабарласпадыңдар, жолда туып қойсаң ше? Тез хабарласыңдар» деді. Біз хабарласып, жедел жәрдем күттік. Перзентханаға деген заттар сөмкеде дайын тұрған.

Содан жедел жәрдем кеп, перзентханаға жол тарттық. Сағат тоғыздар шамасы. Толғақ күшейе бастады, дегенмен аса қатты ауырмады. Сөйтіп, туғанға дейінгі палатада салмақ өлшеп, киім ауыстырып, дәрігер қарап, туатын палатаға жіберді. Алдын-ала ешнәрсе келіспейсіздер, жолдасыңызда кіру үшін, оның флюрасы, таза киімі болса болды, бір палатаға кіргізе береді.

Тегін, мемлекеттік ұйым болған соң, мен тар бөлме, нашар қарым-қатынас елестеткем. Шындығында палата кең, барлығы таза, медбикелердің қарым-қатынасы да жақсы. Жолдасым қасымда. Ол ұйқысы қанбаған, кішкене төсекке жатып ұйықтап алған сәті де болды.
Жанындағы палаталардан әйелдердің айқайлап, боқтап жатқан дауыстары естіліп жатты. Оның жанында менің толғағым жеңіл дүние көрінді. Оған қоса, Олжасқа: « Менің жүктілік кезім жеңіл өткен, қазірде жеңіл туа салатын секілдімін ғой» деп күліп отырғанбыз. Күліп отқан түрімді көрген медбике «Сенің толғағың тоқтап қалған ба?» деп шошып сұрап жатқан. «Жоқ уақытысымен» деп қоямын. Медбике :«Су кетті ме?» деп сұрады. « Жоқ» деп қоям.

Кейін медбикелер : « Су табиғи жолмен кетпесе, біз тесу арқылы су кетіреміз, сонда сен тез туасың» деді. Сағат 12-ге таман дәрігерлер келіп, тескен соң, суым кетті. Осы сәтте бағанадан бері күліп, ойнап отырған кезім, толғақтың қатты күшеюімен және толғақ арасы тым жиі болып кетті. Айқайлағаным соншалықты, менің жолдасым: «Дауысың бүкіл перзентханаға естіліп жатыр, жайырақ» деп ол жүр. 3,5 сағат шыңғырып, айқайлаған соң, толғақтан кейінгі потуги дейді, яғни баланы күшену арқылы өмірге алып келу этапы басталды. Төсекке жатқызып, келген толғақ сайын күшеніп, тура сағат 15:30 менің тұңғышым дүниеге келді.

Ең жақсысы баланы туа сала, баланы сіздің кеудеңізге жатқызады. Сол сәтте ерекше бақытты сезімге оралып, қиналып босанғанымды ұмытып кеттім.

Дегенмен күш әлі де керек, өйткені плацентаны шығару үшін де күшеніп, кейін дәрігерлер жатырды, қал жағдайыңызды, барлығын тексеріп болған соң, мені жанұяммен бірге қалдырды.

 


Популярные статьи и новости

Menu
×