Мен арықтауды бастадым, не үшін? Мен арықтауды бастадым, не үшін?
4 минуты - 26.11.2018, 09:08
Мен арықтауды бастадым, не үшін?

Мен арықтауды бастадым, не үшін?

4 минуты - 26.11.2018, 09:08

 

Барлықтарыңызға салем! Қалдарыңыз қалай? Сіздермен бірге мен Назерке! Осы тақырыпқа қатысты мен бөлек, жеке инстаграмда парақша ашқан да болатынмын. Сіздерменде бір әңгіме қозғайын.

Мен генетикалық тұрғыдан да толғанға өте жақын адаммын. Кейбір адамдар киллограмдап тамақ іше тұра тола алмаса, мен ауа жұтып та тола беретін секілдімін. Сол себепті, небір диеталарға отырмадым. Соңғы жақсы нәтиже берген дұрыс тамақтану болды. Арықтағанымды көріп, жақын туыс, достарым қалай деп сұрағанға, басында қалжыңдап, қайта толам, сосын қайта арықтағанымды жазып, түсірем деп едім. Сөзім шындыққа ауысып, соңғы уақытта мүлдем дұрыс тамақтанбағанның салдарынан салмақты тез қосудамын.

Бірақ барлығына арықтауды бастайық деп жариялап жібермесем, салмақ қосуым тоқталар емес.

Сондықтан арасында арықтап, не толып жатқан нәтижелеріммен, әдістерімен, пайдалы ақпараттармен де бөлісетін боламын.

Сырттан қарағанда мен семіздікпен ауыратын адамға ұқсамаймын, иа артық салмақ бар, бірақ вроде как норм. Жолдасым да қарсы емес.

Бірақ не үшін арықтағым келеді?

Ең қарапайым, ең біріншіден өзімді жақсы сезіну үшін. Өйткені қабат үйге баспалдақпен көтерілейін десең, демалуым қиындай түседі. Артық рет қозғалуға ерінесің, қиын. Өзімді жеңіл сезінгім келеді.

Өз салмақ нормама дейін арықтап, дұрыс тамақтанатын болсам, мені уақыт өте келе денсаулықпен мәселе туындамайды. Аурыға аз шалдығамын. Ерте қартаймаймын.

Үшіншіден балаларыма үлгі болғым келеді. Балаларды емес, өзіңді тәрбиеле демекші, балаларымның денесі шымыр, спортпен айналысып, мықты, өмірде активный болғанын қалаймын.

Қалай бастаймыз?

Ең керемет сәт. Біздің арықтауда ШЕКТЕУ ЖОҚ! Иа, иа. Рас айтам. Торт жегім келеді ме, фастфуд па, барлығы өз еркімде. Өйткені бізде кішкентай баламыз, мынау болмайды десе, соны алғымыз келеді. Тәтті болмайды, анау болмайды деген сайын, сол заттарды жей бергің келеді.

Мен болсам шектемеймін, енді шындығына келсек қашанға дейін тек тәтті жей бере аласың? Одан кейін тәтті сусын, фастфуд деген нәрсені өзім жақсы көрмеймін.

Екіншіден уақытпен де шектеу жоқ. Бір айда осынша тастауым керек дегендей. Тастасам, тастаймын, тастамасам оны да көрем. Өйткені олда талай бастан өткен, осыншаға арықтау керекпіін деп, норманы орындамасаң, көңілің түсіп кетеді. Ал мен стрессті тамақпен басатын адаммын.

Осыдан үшінші ереже, кез келген стресс жағдайынан алшақ болу керек.


Menu
×