Балаға күнде айту керек 7 сөз тіркесі
Балаларымыздың бақытты, батыл, шынайы, сабырлы болуына әсер ететін 7 сөз тіркесіне тоқталамын.
Басты шарт сөз тіркестерін күнде айту!
№1. Мен сені жақсы көремін
Балада “ата-ана махаббатын ақтауым керек” деген секілді түсінік қалыптастырмаған жөн. Қандай жағдай болмасын, оны ата-анасы жақсы көретінін және кез келген уақытта қолдайтынын сезіну керек. Сонда алға қойған мақсаттарға жету талабы жоғары болады. Одан басқа күніне бір рет емес, бірнеше рет айтамыз.
№2. Сен менің бақытымсың
Қазір өмір сүру қарқынында өмірдің сәтімен өмір сүру ұмыт болып жатады. Бақытты сезіне білу де өнер. Осы сөз тіркесті айта отырып, ата-ана балаға қуаныш сыйлап қана қоймай, өздерінің көңілі көтеріңкі болуына да әсер етеді.
№3. Сен тамаша баласың (күшті, ақылды)
Баланы мақтай отырып, оның өзін өзі бағалай білуіне шақырамыз. Мақтай отырып “ең” сөзін қолданбау керек. Әйтпесе, бала қоршаған адамдарды менсінбей бастайды.
№4. Сенің қолыңнан келетініне сенемін
Баланы жақсы көргенде “соқыр махаббаттан” сақтанған дұрыс. Кішкентай балаға өзіне тамақ ішкізіп, содан асүйді жинап жатқаннан гөрі, өзімізге бере салған оңай секілді. Баланың орнына барлығын істемей, оған үйрету керек. Баланың қолынан келетініне сеніп қана қоймай, баланың өзіне де оның қолынан келетінін көрсетеміз.
№5. Менің өмірімде сенің бар болғаныңа рахмет
Ана атанған соң өміріңді екіге бөлуге болады. Ана атанғанға дейінгі және ана болған кезден кейін. Және кейін өміріңді балаңсыз елестете алмайсың, кішкентай сәбиің әр қашан сенің жаныңда болғандай сезім туады. Осы сезім үшін алғыс білдіре білген өте маңызды.
№6. Батыл бол, Қалаған ісіңмен айналысуға тырыс
Есейген соң, армандарымызға, мақсаттарымызға жетуге батылдығымыз жетпей жатады. Осы қателікті қайталамау үшін, қазірден бастап балаларды батыл болуға шақыру керек. Сонда балаларыңыз қалаған жұмысқа орныласып, не өз кәсібін ашуға түрткі боласыз.
№7. Менмен ақпаратпен бөлісуге қорықпа
Балалар есейе келе, олардың өздерінің құпиялары, орталары пайда болады. Балалар бірнәрсе ұрынып, не қиын жағдайға түскенде, ең бірінші бөлісетін адам сіз болуыңыз керек. балаларыңыздың сізбен ақпарат бөлісуіне қорықпау керек. Сондықтан бөліссе, алғысыңызды білдіріп. Ұрысып, не жұрттың балалары олса, не МЕН САҒАН АЙТЫП ЕДІМ ғой десеңіз, келесі жолы бала сізбен ешнарсемен де бөліспейді.