Екінші рет босану тарихым Екінші рет босану тарихым
4 минуты - 23.04.2018, 07:06
Екінші рет босану тарихым

Екінші рет босану тарихым

4 минуты - 23.04.2018, 07:06

Екінші рет босанған жеңіл ме?

Алдында мен алғаш босанған кезім туралы сіздермен бөліскен болатынмын.

Бүгін екінші баламды босанған жайлы, және екі босануды өзара салыстырамын.

Екінші жүктілікте ҰДЗ бойынша дәрігерлер 2-6 қыркүйек арасында босанасың деп болжады. Қателеспесем сол 40-41 аптада 2016 жылдың 4 қыркүйегінде таңертең сағат 08-00 де толғақ басталды. Толғақ басталғанын белім біртүрлі басқаша ауырады. Толғақты қалай білем деп уайымдап жүрсеңіздер, уайымдамаңыздар, толғақты шатастыруға болмайды, өзіңіз негізінен түсінесіз. 8 де тұрып, жанұямызбен таңғы ас ішіп, 9 шамасында, тұңғышымызды апасына апардық. Жедел жәрдемге сол үйден хабарластық. Заттарымызбен, жолдасым заттармен барлығымен дайын отырдық.

Осы жолы мен Алматыда босандым, тіркелген мекенжай бойынша Қалкамандағы 1-ші перзентханаға бардық. Перзентханаға туатын палатаға жатқызбас бұрын, алдымен киім ауыстырып, дәрігер қарайды, салмақ өлшеп, алмасу картасын қарап шығады. Соңғы ҰДЗ-де дәрігер маған « Бала басымен төмен қарап емес, жоғары қарап жатыр» деп айтқан болатын, «бірақ бала әліде іште қозғалып, дұрыс жайғасуы да мүмкін» деді.

Сондықтан, туатын палатаға жібермес бұрын, ҰДЗ арқылы баланың қалай жатқанын көрді, қуанышыма орай, басымен төменге қарап, барлығы дұрыс болды. Сағат 10:30 - 11 шамасы, толғақ уақытысымен, және күшейіп бастады, дегенмен шыдамды. Айқайлап, шу шығаратындай емес.

Тексеруден өткенше, жолдасым киімін ауыстырып, флюрасымен мені сыртта күтііп отырды. Кейін екеуміз бірге палатаға бардық.

Осы жолы палата кішкентай болғанымен, керек заттың барлығы болды. Екінші босану, әрі бірінші босанудан кейін аз уақыт өткен соң, дәрігерлер маған « Жеңіл, әрі тез босанасың» деді. Шынында келгенде, бәрі басқаша болды.

Бірінші реттегідей, су табиғи жолмен кетпеді. Сондықтан дәрігерлер сағат 14:00 шамасында, жатырды тесті. Содан толғақ қайта қатты күшейіп, арасы жиілей түсті. Мен өзім сағат 18:00 ге дейін туып қалармын деп болжадым. Бірақ сағат 16:00 де дәрігерлер келіп тексергенде, еш өзгеріс көрмеген соң, толғақтың күшін есептейтін апаратқа қосты. Негізі 200-220 көрсету керек, бірақ менде толғақ күші 20ны ғана көрсетті. Дәрігерлер "Не қатты қиналып отсың, толғағыңның күші де жоқ, тезірек туу үшін, капельница қоямыз " деп мәлімдеді. Содан 15 минут капельницаға қосып, толғақ ауыртып келсе де, шыдадым. Кейін дәрігерлер айтпақшы толғағым 10 есе қаттырақ, 10 есе ауыр болды. Шыңғыруға сәл ақ қалды. Бірақ, қандай қиын болмасын, өзімді осы жолы жақсы ұстадым. Дұрыс демалып, шар үстінде отырып. Ауырған жағынан жеңіл болмаса да, жалпы бірінші реттен кейін не күтетінін білген соң ба, жеңіл болды.

19:30 таман потуги басталып, дәрігер, медбикелер қасыма келіп, тура сағат 19:30 екінші балам дүниеге келді.


Популярные статьи и новости

×