Здоровье ребенка

Вакциналаудан кейінгі асқынулар – АКДС

Өкінішке орай, вакциналардың ешбірі мүлдем қауіпсіз болып табылмайды.
Вакциналаудан кейінгі асқынулар – АКДС
Өкінішке орай, вакциналардың ешбірі мүлдем қауіпсіз болып табылмайды.
Вакциналаудан кейінгі асқынулар – АКДС
Өкінішке орай, вакциналардың ешбірі мүлдем қауіпсіз болып табылмайды.
17.07.2019, 03:02
Изменено: 26.04.2024, 15:11

Барлық вакциналар белгілі реактогенділік дәрежесіне ие, бұл препараттарға арналған нормативтік құжаттамада көрсетіледі. Бұл нені білдіреді, қандай асқынулары бар және шынайы қаупі қандай?

Иммунитет дегеніміз не

Иммунитет туа біткен (өзіндік емес) және жүре пайда болған (өзіндік) болып ажыратылады.

1. Жүктілік барысында анадан нәрестенің қанына анасы өз кезінде ауырған немесе егілген сырқаттарынан антиденелер келіп түседі. Олар 3 айдан бастап бір жылға дейін жойылады – бұл туа біткен иммунитет.

2. Жүре пайда болған немесе өзіндік иммунитет тек бала туылғаннан кейін, жұқпа қоздырғыштарымен жанасу нәтижесінде пайда болады.

Бұл қалай жұмыс істейді

Жұқпа қоздырғышы енгеннен кейін, ағзада антиденелер қалыптасады. Олардың жұқпаны бұғаттау үшін жеткілікті мөлшерде қалыптасуы үшін бір аптадан артық уақыт керек. Осы уақыт бойы адам ауырады, және сырқатының ауырлығына қарай оны асқындырып алуы немесе өліп қалуы мүмкін.

Иммунологиялық жады

Сауығудан кейін арнайы иммундық жасушалар қоздырғыштардың қайта кірген кезінде оларды қысқа мерзімде жойып, аурудың өршуіне жол бермеу үшін қоздырғыштар туралы ақпаратты сақтайды. Вакциналау дәл осы әсерге негізделген.

Вакцинаналардың жанама әсері және АКДС вакцинасынан кейінгі асқынулар – айырмашылығы неде?

Жанама әсерлер– арнайы емді талап етпейтін реакциялар.

1. Екпе жасалған жердегі жергілікті реакциялар (ауырсыну, ісіну) тұтас жасушалы АКДС вакцинасы пайдаланылған жағдайлардың 50%-да кездескен. Бірақ 2013 жылдан бастап Қазақстанда жасушасыз көкжөтел құрамдасы бар АКДС қолданылып келеді. Мұндай вакцина қымбаттау, бірақ жергілікті реакциялардың небары 10%-на дейін тудырады.

2. Өзіндік емес жүйелі реакциялар – күйгелектік, әлсіздену – тұтас жасушалы АКДС вакцинасы пайдаланылған кезде 50%-ға дейін, жасушасыз - 25%.

3. Дене температурасының 38 С-тан жоғары көтерілуі – тұтас жасушалы АКДС вакцинасы үшін 50%, жасушасыз - 10%-ға дейін.

4. Ұйқы мен тәбеттің бұзылуы, лоқсу, құсу және іш өту – жиі кездесіп тұрады, өздігінен кетеді.

5. Фебрильді құрысу – дене температурасының ұзақ уақыт бойы 39 С-тан жоғары көтерілуіне реакция – вакциналауға дұрыс дайындалған жағдайда өте сирек кездеседі.

Вакциналаудан кейінгі асқынулар – екпе жасалғаннан кейін ағзада пайда болып, денсаулықтың бұзылуына алып келетін тұрақты өзгерістер.

1. Энцефалопатия (мидың зақымдануы) екпе жасалған 300 000 балаға 1 жағдай, ал көкжөтелмен ауырған кезде - 1200 науқас балаға бір жағдай.

2. Температура көтерілмей құрысу–100 000 екпеге 0,3-0,9 жағдай. Бұл ретте афебрильді құрысу жүйке жүйесінің перинаталды зақымдануының белгісі болуы мүмкін және екпе егумен тек қалыптасу мерзімі тұрғысынан ғана байланысады – 3-4 ай.

Вакциналаудан кейінгі асқынулар – АКДСЖанама реакциялар мен асқынулардың пайда болуына әкелетін факторлар:

* қолдануға қарсы көрсетімдерді елемеу;

* вакциналау тәртібін бұзу;

* егілген адам ағзасының жағдайының өзіндік ерекшеліктері;

* вакциналарды өндіру шарттарын, тасымалдау және сақтау ережелерін бұзу, вакциналық препараттың нашар сапасы.

Аналар көбіне АКДС вакцинасынан кейінгі неврологиялық бұзылыстардан қорқады. Бірақ сырқаттанудан кейінгі асқыну қаупі жүздеген, тіпті мыңдаған есе артық екенін ұмытып кетеді. Дифтерия, көкжөтел және сіреспенің асқынулары мен өлім жағдайлары жөнінде ақпаратты мына мақаладан қарауға болады.

 

Орыс тілінде мақала

Фото: depositphotos.com

Menu
×