Елінің өркендеуіне өз үлесін қоспақ Елінің өркендеуіне өз үлесін қоспақ
4 минуты - 03.12.2016, 14:23
Елінің өркендеуіне өз үлесін қоспақ

Елінің өркендеуіне өз үлесін қоспақ

4 минуты - 03.12.2016, 14:23

Осыдан он, он бес жыл уақыт бұрын Қазақстанның түкпір-түкпірінен талай отбасылар арман қуып жаңа қала – Астанаға қоныс аударды. Бұл жастар Астананың келешегіне, өз болашағына сеніммен қарап, осы қадамдарын көп ойланбастан нық жасаған болатын. Солардың бірі Ақтөбе өлкесінің Мұғалжар ауданынан көшкен Данабеков Жетес пен Гүлжәмила еді.

...Аманжол Данабеков арғы атасы Жетес биге ұқсасын деп ұлының атын Жетес қойған екен. Жақайым Жетес биден «адамның, жердің, сөздің және пікірдің сәні не?» дегенде Жетес би «Адамның сәні - өнер, білім, акылы, жердің сәні - жеміс, өнім, дақылы, сөздің сәні - өнегелі нақылы, пікірдің сәні - ойландырар мақұлы», – деп жауап берген екен... Шешеннің «адамның сәні» деп айтып кеткен ақыл, өнер мен білім ұрпағы Жетестің балаларының бойынан табылады.  

Бүгінде бұл отбасынан шыққан Әзім мен Әлімнің қабілеті химия пәнінен бірнеше халықаралық байқауларда жоғары деңгейде көрініп, өз күшімен шетелде білім алуда. Олардың білімге деген дарыны Қазақ-түрік лицейінде оқып жүрген кезде-ақ аңғарылды. Әзім Астанада, Вашингтонда өтілген Халықаралық химия пәнінің олимпиадаларының жеңімпазы, Мәскеуде 2013 жылы осы олимпиаданың Алтын медалін жеңіп алды. Мектеп бітірісімен Оңтүстік Кореядағы KAIST университетінде білім алуды таңдады. Әлім де 2014 жылыЯкутск қаласында химия пәнінен өткен олимпиадада 2-орын алып, былтыр Ереванда өткен 49-шы Менделеев олимпиадасының диплом иегері болды. Ол мектептен соң ағасының таңдаған университетіне оқуға барды.

Екі қазақ баласына М.В.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университеті шақыру жіберсе де, олардың таңдауы Кореяға түсті.

Pandaland Image

Жетес үлкен ұлының былтыр химия саласының академигі, отандасымыз, профессор Әдекенов Серғазының әлем мойындаған ғылыми лабораториясында бір ай тәжірибеден өтіп, Серғазы Мыңжасарұлының бағыт-бағдарымен бірге ақ батасын алғанын үлкен мақтанышпен әңгімелеп берді. Еске түсірсек, отандық дәрілік бірегей препараттарды жасап шығарған ғалымның кеселді ісікке қарсы «Арглабин» жаңа бірегей отандық препараты шетелдерде қолданысқа түскені көпке мәлім.

«Өнегелі ұстаз», «Тәуелсіз Қазақ елінің болашағын бірге қалаймыз» республикалық ұстаздар байқауларының жеңімпазы Гүлжәмила университет бітіргеннен кейін 15 жылдан соң ғана өз мамандығы бойынша қызметке араласты. Себебі алтын уақытын ол балаларына арнағанды жөн деп санады.  Әзім мен Әлім сабақтарын жақсы меңгеріп, әбден жетіліп, өзбетінше қалыптасқанша аналық мейірімін аямады.  

Екі ұлдан кейінгіАқмарал қаладағы № 44 аралас орта мектептің қазақ сыныбының оқушысы. Ол оқушылар арасындағы ғылыми жобаларда қазақтың салт-дәстүрлері мен өнері бойынша алғашқы шығармашылық жұмыстарын жазып, қатарластарының алдында жүр. «Қазақ тілі мен әдебиеті» пәнінен сайыстарға қатысып, марапаттар алды. Дегенмен Ақмаралдың арманы дәрігер болу екен. Әрине, ол өнерден ешқашан қол үзбек емес.

...Әзім жуырда Тәуелсіздіктің 25 жылдығына орай ұйымдастырылған Елбасының жастармен кездесуіне келмек. Бұндай баласы болғанын әр отбасы, әр ата-ана армандайды.


Популярные статьи и новости

×