Бауырың – бауыр етіңдей Бауырың – бауыр етіңдей
5 минут - 03.12.2016, 14:07
Бауырың – бауыр етіңдей

Бауырың – бауыр етіңдей

5 минут - 03.12.2016, 14:07

Қожабергенов Серікқали ағаның қарапайым отбасында бауырмалдық, үлкенге құрмет, кішіге ізет, көмек сұрағанға қолұшын беруден аянбау деген адамгершілік қағидалары тәрбиеге негіз болған. Әкеден ерте қалып, өзі оқымастан бауырларын алға жетелеген ағаның өз өмірі бұған бұлтартпас дәлел. Биыл жетпіске толып отырған Серікқали Ықсанұлы қарапайым жұмысшы болудан бастап, зоотехник, трактор бригадасын басқару ісі, кейін 1994-96 жылдары өзі өмір сүріп жатқан Мереке ауылында әкім болуға дейін өз еңбегімен көтерілді.

Жан жары Балсекер де өмірдің бар қызығы мен қиындығын бірге көтерісіп, жолдасын түсіністікпен қолдап, бір әулеттің ұйытқысы болып отырған берекелі ана.   

Әкеден 14 жасында ерте қалған Серікқалидың алдында інісі мен мен қарындасын оқытып, аяққа тұрғызу міндеті тұрды. Анасы Ұлғанымның айтып кеткен «бауырларыңды жетілдіру, оқыту, үйлендіру сенің мойныңда» деген аманаты да бар. Ол көп ойланбай інісін Орал қаласындағы ауылшаруашылық институтына зоотехник мамандығы бойынша білім алуға көмектеседі. Қарындасы Хамиданы өзі қалаған тарихшы мамандығын Университетте меңгеруге қолұшын берді. Бауырларына көмектесе жүріп, оқудың қажет екенін өзі де түсінді. Олардан кейін өзі де ауыл шарауашылығы институтында зоотехник мамандығына сырттай оқиды.

Тағдыр оның таза көңіл, адал ықыласпен жасаған еңбегін зая кетірмеді.  Қарындасы Хамида білімін тереңдетіп, тарих ғылымы бойынша диссертациясын қорғап, өзі оқыған университетте шәкірттерін тәрбиелеп, үлгілі оқытушылардың бірі болды. 

Қожабергенов әулетіндегі жыл сайын отбасымен атап өтілетін мереке – Жеңіс күні. Әулеттің атасы - Ықсан соғыс ардагері. Ол осы Тасқала ауданының Мереке ауылынан соғыс басталған 1941 жылы майданға аттанғандардың алғашқы легінде болды. Отан үшін от кешкен, ел қорғаған жауынгер 1945 жылы елге аман оралады. Ауыл шаруашылығында жұмыс жасап, балаларына «Сендерге соғысты көрсетпесін, адал жүріп, адам атына сай өмір сүріңдер. өз еңбектеріңмен ғана мал табыңдар» деп өсиет етті.

Осы отбасының елгезек балалары Аңсар, Біржан, Батыр, мен Венера орта мектептен кейін жоғары білім алды, әрқайсысы өсіп, өніп, өмірден өз орындарын тапты. Бәрі жақсы оқып, хоккей, волейбол, футболдан өз мектептерінің намысын қорғауға аудандық, облыстық сайыстарға дейін барды. Ұстаздарының ықыласына бөленген тәртіпті оқушылар болды.

Қазір Аңсар Батыс Қазақстан облыстық жекеменшік сотының төрағасы, Біржан да заңгер. Олар Орал қаласының тұрғындары. Венера Ақсай қаласында балалар кітапханасының меңгерушісі. Аймақтағы 14-наурызда басталатын Жыл басы - көрісу дәстүрінде олар міндетті түрде қарашаңыраққа жиналады.

Қазақстанның Батыс облыстарында, онымен шекаралас аймақтарда наурыз мерекесі 14-наурызда басталады. Бұл мейрам «көрісу» деп те аталады. Жасы кішілер үлкенге сәлем беруге арнайы кеп, «жасың құтты болсын, бақытты бол!» десіп, осыған дейінгі өкпе-реніші болса бір-бірін кешіріп, татуласады, ақ тілектерін айтысады. Осы салт бойынша балалары ата-анаға арнайы көрісуге келеді.

- дәл осы күні мүмкіндік болмаса, балаларым келесі күні келеді, немесе көп ұзатпай жетеді. Көрісіп батамызды алады. Бәріміз қол алысып, құшақтасып, сыйлықтар жасап, мерекені жергілікті дәстүрге сай атап өтеміз, - дейді Балсекер апай.

Pandaland Image

Мерекесі мен берекесі кетпеген Қожабергеновтер отбасы қашан да басқаға көмектесуден қашпайтын, қазақы дәстүрі бар, сыйластығы мен бойларына жақсы мінезді жарастыра білген берекелі әулеттің бірі.


Menu
×