Звезды Казахстана

Екінші рет отау құрған жұлдыздар

Көпшілік неке көкте жасалады деп айтады. Ал кездесулер тылсым күштің нәтижесінен туғандай. Бірақ қаншалықты жарасымды жұп болмаса да, әйгілі жұлдыздардың сезімдері тез суып, ажырасып жатқандар, өкінішке орай
Екінші рет отау құрған жұлдыздар
Көпшілік неке көкте жасалады деп айтады. Ал кездесулер тылсым күштің нәтижесінен туғандай. Бірақ қаншалықты жарасымды жұп болмаса да, әйгілі жұлдыздардың сезімдері тез суып, ажырасып жатқандар, өкінішке орай
Екінші рет отау құрған жұлдыздар
Көпшілік неке көкте жасалады деп айтады. Ал кездесулер тылсым күштің нәтижесінен туғандай. Бірақ қаншалықты жарасымды жұп болмаса да, әйгілі жұлдыздардың сезімдері тез суып, ажырасып жатқандар, өкінішке орай
04.02.2016, 06:05
Изменено: 19.04.2024, 19:56

Көпшілік неке көкте жасалады деп айтады. Ал кездесулер тылсым күштің нәтижесінен туғандай. Бірақ қаншалықты жарасымды жұп болмаса да, әйгілі жұлдыздардың сезімдері тез суып, ажырасып жатқандар, өкінішке орай, көп. Олардың алғашқы әрекеттері ұзаққа созылмады, алайда тағы да қиылған неке берік байланыспен, одан да шынайы сезіммен ерекшеленеді. Сіздерге екінші рет отбасын құрған танымал қазақстандық жұлдыздардың тізімін ұсынамыз.

Pandaland Image

Мадина Сәдуақасова

2000 жылы әншілік жолын енді бастаған Мадина Сәдуақасова бірінші күйеуімен Президенттік оркестрде танысып, 2006 жылы тұрмысқа шыққан. Көп ұзамай 2008 жылы ажырасқан соң, танымал әншінің жеке өмірі туралы еш хабар болмады. Уақыт өте келе 2014 жылдың ақпанында Мадина Сәдуақасоваға өзінен алты жас кіші Олжас атты жігіт ұсыныс жасағаны туралы тамаша жаңалық пайда болды. Екі жұп шоу-бизнестің барлық жұлдыздары жиналған ұлан асыр той жасады. Әншінің айтуынша Олжаспен "Таң қалманыз" бағдарламасында танысқан екен. Жұлдыздың сүйікті жары атақты жазушы Қабдеш Жұмаділовтің немересі екенін айта кетейік. 2014 жылдың 17 маусымында әнші өмірге ұл әкелді.


Pandaland Image

Майя Бекбаева

Майя Бекбаева дарынды журналист және телебағдарламалардың жүргізуші. Жолдасы Адиль Нуртаймен кездесуін тағдырдың бағы деп білемін дейді. Жұп бір салада жұмыс істейді, сондықтан жеке қарым-қатынаста да, кәсіпте де бірге дамып отыратындығын қуана айтып жүреді. Қазір Айлин мен Жәңгір атты балаларын тәрбиелейді.

Pandaland Image

Асхат Садырбай


2015 жылдың қазан айында Асхат Садырбай тағы да үйленді деген жаңалықтар көпшілікті біраз дауластырып қойды. Әлеуметтік желіде танымал жүргізушінің достары Айғаныммен некелескен суреттермен бөлісуге асықты. Еске сала кетейік, Асхат Садырбай 2011 жылы жас әнші Ерке Есмаханмен жұптасқан болатын. Олардың ортақ бір ұлы бар.


Pandaland Image

Мария Зубенко

Мария Зубенко танымал фотомодель және тележүргізуші. Өзінің бірінші күйеуі Владимир Ханмен "101" тобының "Я плюс ты" бейнебаянын түсіру барысында танысқан.2009 жылы “101”  бойз-бендтің әншісі Владимир Ханға тұрмысқа шығып, Ратмирді өмірге әкелді. Мария бірден Володяның ықыласын тудырып, тамаша бақытқа кенелгені туралы айтады. Әрине жұлдызды жұптың өмірі қарқынды және өте тығыз кестеге толы. Ажырасқан соң Мария Зубенко 2015 жылдың басында шоу-бизнеске қатысы жоқ, танымал емес Илья Тарановқа тұрмысқа шықты.

Популярные статьи и новости

Menu
×