Ұлттық статистика бюросының мәліметтері бойынша, 1 қаңтар мен 30 сәуір аралығында елімізде 7 425 “Медина” есімді балақай дүниеге келді.
Қазіргі таңда аталмыш есім елімізде жылдан-жылға танымал болып келеді.
“Медина” есімінің жалпы сипаттамасы
Шығу тарихы: Мұсылман халқы үшін аса құрметке ие қалалардың бірі - Сауд Арабиясындағы Иасриб (Ясриб) қаласы. Аталмыш қала Мұхаммед пайғамбар (ғ.с.) көшіп барғаннан кейін “Медине” деп аталды. Қала атауы жалпы халық арасында “Медина” деп өзгеріске ұшырап, қыз балалардың есіміне айналды.
Бұл есім иелері өзіне сенімді, тәуелсіз, ойдағы елеспен емес, шынайы өмір сүргенді ұнатады. Кез келген мәселені ақылмен шешу арқылы, өмірінде рационализмге талпынады. Оның айтқан сөзі мен істеген қылықтары алдын ала жан-жақты ойластырылған.
Жомарттық - бұл есім иелеріне тән қасиет.
Өз қадірін жақсы түсініп, кез келген ортада ұтымды қасиеттерін оңайшылықпен көрсете алады.
"Медина" есімді арудардың мінезі ұстамды болып келеді. Егер оларға сырттай әсер еткіңіз келсе, табысқа жетуіңіз екіталай. Сонымен қатар бұл ханымдар өте белсенді, қарапайым және көтеріңкі көңіл күйге толы өмірді ұнатады.
Медина отбасы ішінде
"Медина" есімді қыздар болашақ жолдасын таңдарда, оның қаражатына емес, ішкі әлеміне назар аударады. Романтикалық карым қатынаста олардың жүрегін жаулау жолындағы жасалған амалдар өте маңызды. Бұл арулар бос уәдеге қанағатшылық танытпайтынын естен шығармаңыз!
Медина қоғам ішінде
Бұл есім иелерін жұмысқа қабылдар алдында, бірнеше өзгешеліктерді есте сақтағаныңыз жөн. Оларды еңбекқорлығына қарамастан, жұмыстан тыс уақытта мазаламауға тырысыңыз. Өз уақытын бағалай білетін олар, тек төтенше жағдайда ғана қосымша жұмыс жасауға келіседі.