Разное и полезное о мамах

Баланы мемлекеттік балабақшаға қалай орналастыруға болады

Түсінікті тілмен: барлық артықшылықтары мен кемшіліктері
Баланы мемлекеттік балабақшаға қалай орналастыруға болады
Түсінікті тілмен: барлық артықшылықтары мен кемшіліктері
Баланы мемлекеттік балабақшаға қалай орналастыруға болады
Түсінікті тілмен: барлық артықшылықтары мен кемшіліктері
16.07.2019, 21:00
Изменено: 21.04.2024, 14:22

Балаларды мемлекеттік балабақшаға орналастыру жүйесі бірнеше қайтара өзгеріске ұшырады – алдымен балалар жалпы қалалық кезекке қойылды, ал жолдама электронды түрде емес, қағаз бетінде берілді. Ыңғайлы ма? Жоқ! Кезек, сығылыс, былық…

Кейін азаматтарға қызмет көрсетудің көптеген функциялары электрондық түрге көшірілген соң, кезек басқа тәсілмен үлестіріле бастады – жас ата-аналар өздеріне ыңғайлы белгілі бір балабақшаға өтініш беріп, кезектері келгенше күткен. Жақсы емес пе? Иә. Тек бір кемшілігі – кезектен тыс тұлғалардың және бірінші кезектегілердің тізіміне кіргендер (немесе бір амалын тауып, осы санаттағылардың қатарына кіргендер) күтушілер тізімін айналып өтіп, балаларын балабақшаға орналастыра алатын болды. Аталған жеңілдікті жүйеде бәрі жақсы болатын, тек бір осал тұсы – ол балаларды белгілі бір балабақшаларға орналастырудың заңсыз сызбаларының пайда болуына жағдай жасады. Ал кезек болса, сол баяғы өзгеріссіз күйінде қала беретін.

Үдерістің барынша ашықтығын қамтамасыз ету үшін 2018 жылдан бастап мектепке дейінгі балалар ұйымдарындағы орындарды үлестіруге тағы өзгерістер енгізілді – кезек қайтадан бүкіл қалаға ортақ болды.

Баланы мемлекеттік балабақшаға қалай орналастыруға болады

Балаларды балабақшаларға үлестіру қалай жүзеге асырылады?

Енді кезекті автоматты жүйе үлестіреді. Бір қарағанда, бәрі жақсы болып көрінеді: кезегіңіз келген бойда өтінішіңізде көрсетілген электронды поштаңызға немесе телефон нөміріңізге балабақшаға жолдама алатын кездің келгені жөнінде хабарлама келеді. Бірақ сіз балабақшаны тек сол сәтте бос болған және жолдама берілген бақшалар арасында таңдай аласыз. Бұл орын барлық кезектегілерге қолжетімді. Бұл жерде жылдамырақ әрекет етудің маңызы зор. Әрине бұл жүйенің үлкен кемшілігі болып табылады. Тағы бір кемшілігі – адами фактор. Ата-ананың қалада болмауы, басқа да жағдайлар жүйемен ескерілмейді.

Бұдан әрі. Жолдаманы алған бойда, сіз кезектен автоматты түрде шығарыласыз, сосын бес күн ішінде балабақшаға баруыңыз керек. Егер қандай да себептермен балабақшаға бара алмасаңыз, жолдамаңыз жойылады. Ал балаңыз стоп-парақшаға жөнелтіледі. Бұл нені білдіреді? Яғни, 10 күн ішінде сізге екінші қайтара жолдама жіберілмейді.

Тағы бір маңызды ескерту: егер сіз екі қайтара жолдама алып, 5 күн ішінде екі қайтара балабақшаға бармасаңыз, сіз кезектен автоматты түрде шығарыласыз.

Жүйе бұзылысы

Жаңа ереже бойынша қараша мен желтоқсанда туылған балалар өз жылдарына қосылмайды. Іс жүзінде бұл қалай болған? Мәселен, 2016 жылдың желтоқсан айында туылған бала бар делік. Оны ата-анасы тұрғылықты орны бойынша қолайлы балабақшаға кезекке қояды (кезек онша үлкен емес болып көрінеді – екі жасқа толар шамасында, балабақшаға баратын кезде кезегі де келіп қалар еді). 2018 жылы кезектің барлығы ортақ кезекке қосылған кезде, бала өзінен бір жыл кейін 2017 жылы туылған балалардың тізіміне автоматты түрде кіргізілген. Әрине оның алдындағы кезек ұлғаяды – бүкіл қала бойынша ғой! – бірақ айтарлықтай емес. Балабақшаға ол тек жасы кіші балалармен келесі жылы бара алатын болады. Мейлі, болсын. Бірақ орындар үлестірілгеннен кейін, топтар жинақталатын кезде, 2018 жылдың қазан айында ереже қайтадан өзгертіледі– бұл жөнінде ешбір ата-анаға хабар берілмейді. 2016 жылдың соңында туылған (балабақшаға орын алып қойған) балалар қайтадан өздерімен жасты балалардың тізіміне қосылады, сөйтіп онда кері нәтижемен қайта жылжиды. Мысалы, тізімде төрт жүзінші болып тұрған бала 4500-орынға кері жылжыған. Яғни жүйе қараша мен желтоқсан айларында туылған балаларды автоматты түрде сенімсіздендіріп, оларды жақсы балабақшадан орын алу мүмкіндігінен айырған.

Бүгінде бұл былық түбегейлі жойылды. 2018 жылдың қазан айынан бастап бір жылы туылған барлық бала бір топқа кіргізілетін болды.

Баланы мемлекеттік балабақшаға қалай орналастыруға болады

Балабақшаға жолдама беру мерзімі мен кезектілігі

Әдетте балабақшадағы орындар мамыр айында – қоштасу рәсімі өткізілгеннен кейін босай бастайды. Топтар жылжиды– кіші жастағылары бір сатыға жоғары көтеріліп,бөбекжайлар босайды. Сондықтан хабарландыру бірінші кезекте ең кіші жастағы сәбилерге беріледі. Олардан кейін– жасы үлкенірек балаларға, содан соң– ең үлкен жастағыларға.

Биылғы 2019 жылы балабақшаларға бөлу мерзімдері былайша үлестірілген:

20 мамырдан бастап орындар 2017 жылы туылған балалар үшін босатылады. 21 мамырда таңертеңгі 7-ден бастап ата-аналар балабақшадағы орындар туралы хабарландыруды алып, ұсынылған нұсқаларды көріп шығуы тиіс. Пайдаланылмаған орындарды 24 мамыр күні сағат 6:50-ден 7:00-ге дейін сайтта табуға болады - онда бүкіл тізім жарияланады.

27 мамырдан бастап орындар 2016 жылы туылған балалар үшін үлестіріледі. Ал келесі 28 мамыр күні– хабарландыруды алып, өзіңіз таңдаған мектепке дейінгі мекемеге тіркелуге болады. Қалған балабақшаларды 31 мамырда көруге болады (тізім сағат 6:50-ден 7:00-ге дейінгі аралықта жарияланады).

3 маусымда 2015 және 2014 жылдары туылған балалар үшін орындар бөлінеді. 4 маусымда сағат 7:00-ден бастап балалардың ата-аналары жолдамаларын алып (кезегі келген болса), 7 маусымда сағат 6:50-ден 7:00-ге дейінгі аралықта қалғандары бос орындарды көре алады.

Іс жүзінде бұл қалай болады?

Сізден талап етілетіні: ертерек тұрып, қолыңызға барлық құжаттарыңызды: электронды қолтаңбаңызды, өзіңіздің және балаңыздың ЖСН-ін алып, нақты шешіммен, ең дұрысы – балаңызды орналастырғыңыз келетін балабақшалар тізімімен үйден шығасыз. Сайтқа кіріп, қапылып жатпау үшін аталған құжаттарды алдын ала дайындап қойған жөн.

Сөйтіп, тек кезектегілер үшін балабақшалар тізімі бар батырма пайда болған бойда, сіз нұсқаларды қарап, өзіңізге қолайлы мекемені таңдайсыз да, ұсынылған нысанды толтырасыз, сосын жолдаманы электронды түрде жүктеп алып, басып шығарасыз – керегі сол ғана! – сол жолдамамен балабақша меңгерушісіне бес күн ішінде кіріп шығасыз. Тізім кезектегілер үшін тек үш күнгі аралықта қолжетімді болады. Ең жақсы орындар бірден үлестірілетіні түсінікті әрине, сондықтан таңдау жасауды ұзаққа созбаған жөн.

Егер сіздің кезегіңіз әлі келмеген болса, сіздің де балабақшаға тіркелуге бір мүмкіндігіңіз бар. Кезектегілерге таңдау жасау үшін берілетін үш күн өткен соң, қалған балабақшалардың тізімі барлық қалаушыларға қолжетімді болады (кезектегі нөміріңіз маңызды емес, ең бастысы балаңыз таңдалған жылға сәйкес келсе болғаны). Тізім сайтқа таңертеңгі 6:50-ден бастап жүктеледі. Сағатыңызды оятарға қойып, қажетті құжаттарды аласыз да, жылдам әрекет жасауға жаттығасыз – сіздің міндетіңіз бірінші болып үлгеру. Кейінгі алгоритм сол бұрынғыдай– барлық қажет құжатты толтырып, жолдама аласыз.

Егер сіз көрсетілген күндері үлгермей қалсаңыз, еш қамықпаңыз. Кейде уақыт өте келе балабақшалардағы орындар босап тұрады, және олар бұл туралы сайтта хабарландыру жасайды – тізімді күн сайын тексеріп тұрсаңыз, балаңызды қажетті мектепке дейінгі мекемеге орналастыра аласыз.

Азаматтардың қандай санаттары мемлекеттік балабақшалардағы орындарды кезексіз алады?

Жеңілдігі бар бірінші нөмірлі азаматтардың санаты – әскерилер. Олардың балалары балабақшаларға кезексіз орналастырылады.

Екінші санаттағылар– кезек күттірмейтін тұрғандар. Бұл ата-аналары мүгедек, ата-анасының қамқорлығынан айрылған балалар мен жетімдер, көп балалы отбасылардан шыққан балалар және даму ерекшеліктері бар сәбилер. Олар үшеуден кейін біреуі қағидасы бойынша қабылданады, яғни балабақшада орын алған үш баладан кейін бір кезек күттірмейтін бала қабылданады.

2019 жылы мемлекеттік балабақша ақысы күніне 830 теңгеден есептеледі – құны бір айдағы күндер санына байланысты өзгеріп тұруы мүмкін. Орташа есеппен алғанда айына шамамен 18000 теңгені құрайды.

Баланы мемлекеттік балабақшаға қалай орналастыруға болады

Мемлекеттік балабақшаға орналаса алмаған жағдайда не істеу керек?

«Балапан» мемлекеттік бағдарламасы қарастырылған, бұл бағдарлама бойынша оған қатысатын жекеменшік балабақшалардың біріне балаңызды орналастыруға мүмкіндігіңіз бар.

Бұл тұста мынадай ерекшеліктер бар: бағдарлама бөбек жасындағы топтарға қолжетімсіз (балалар үш жастан асқан болуы тиіс), балаңыз балабақшаға кезекте тұруы керек және сіз таңдаған балабақшада бос орындар болуы тиіс.

Бұл жағдайда кезегіңіздің нөмірі маңызды емес. Бірақ мемлекеттік балабақшалармен салыстырғанда, мұндай балабақша үшін төлемақы қымбатырақ болуы мүмкін – әкімшілік сізден кейбір қосымша сабақтар мен үйірмелердің құнын төлеуіңізді өтінуге құқылы. Алматы қаласы әкімшілігінің қолдау қызметінің айтуы бойынша сіз қосымша сабақтардан бас тартып, тек күніне 830 теңгеден келісілген көлемдегі төлемақыны төлеуге құқығыңыз бар. Есіңізде болсын:балаңыз мемлекеттік тапсырыс бойынша балабақшаға орналастырылған сәттен бастап кезектен автоматты түрде шығарылады.

Мемлекеттік тапсырысқа қатысатын жекеменшік балабақшалардың толық тізімі open-almaty.kz сайтында берілген.

Енді қорытындылайық. Егер сіз: сәбиіңіз туылған сәттен бастап алдын ала кезекке тұрсаңыз және кезектің үлестірілуіндегі өзгерістерді қадағалап (байқағанымыздай, өзгерістер үнемі болып тұрады екен), туындаған мәселелер бойынша қолдау қызметіне қоңырау шалып, таңдаған балабақшаңыз орын бөліп қалар деген үмітпен үнемі сайтқа кіріп тұрсаңыз. Немесе өз таңдауыңызды «Балапан» мемлекеттік тапсырысына қатысатын балабақшаларға берсеңіз – мемлекеттік балабақшаға орналасуға мүмкіндік бар.

Еще по этой теме

Популярные статьи и новости

Menu
×