Корей косметикасы немесе мен бетіме қалай күтім жасаймын Корей косметикасы немесе мен бетіме қалай күтім жасаймын
33 минут - 28.04.2015, 09:20
Корей косметикасы немесе мен бетіме қалай күтім жасаймын

Корей косметикасы немесе мен бетіме қалай күтім жасаймын

33 минут - 28.04.2015, 09:20

Арзан әрі тиімді косметика —қиял емес, шындық. Бұндай ғажайып косметика Оңтүстік Кореяда шығарылады және жақын уақыттан бері менің сүікті күтім құралдарыма айналды.

 

Бірнеше жыл қатарынан мен дәріханалық косметиканы қолдандым, оның ішінде Exfoliac, Avene, Vichy маркалары бар. Одан кейін америкалық Paulakav4sChoice өніміне көштім.Дәріханалық косметиканың пайдасынан зияны көп екеніне көзім жетті: терідегі ұсақ-тесіктерді лық толтырып, бетімді безеу басты. Бұл кездері мен әлі косметиканың құрамын жете түсінгенім жоқ, дәріханалық болғасын міндетті түрде тиімді болуына сендім. Бірақ, көп кешікпей одан көңілім қалды. Бақытыма орай, бір күні Пола Бигаун деген автордың мақаласына тап болып, бұл мақала арқасында күтім косметикасының құрамын толықтай бүге-шүгесіне дейін түсіне бастадым. Қандай қосындылар теріме жау, қандайына бетім шыдай алатынын бес саусағымдай біліп, бірнеше жыл Пола Бигаун шығаратын Paulakav4s Choice құралдарын пайдаланып жүрдім. Косметика жаман деп айта алмаймын, бірақ бетімде пигмент дақтары пайда бола бастады, оның ішінде BHA және АНА қышқылдарының кесірінен.

 

Ұнатып қалған Paulakav4s Choice брендін немен ауыстыруды көпке дейін білмей, күнімен-түнімен косметикалық форумдарды зерттедім. Өзіме керегі: тиімді, бағасы қолайлы, және ең бастысы теріме зиян келтірмеуі.Сол кезде көзім корей косметикасына түсті. Үш айдай мен форумдар мен пікірлермен танысып, құрамдарын зерттеп, ақырында корей косметикасын алуға тәуекел еттім. Осы шешімді қабылдағаныма сол уақыттан бері бірде-бір өкінгенім жоқ, өзімді корей косметикасының шын берілген адепті деп айта аламын. Оған бірнеше себеп бар:

 

1.Құрамы өте жақсы – оған ұқсасын еуропалық маркалардан іздеп табу оңайға түспейді. Косметика пайдалы қосындыларға толы, табиғи компоненттердің үлесі 99%-ға дейін жетеді.

2.Қолайлы бағасы. Корей косметикасында люкс те және масс-маркетте бар. Өзім масс-маркетті колданамын– люкске қолым жетпей жүр, өйткені қымбат емес косметиканың өзі мені қанағаттандырады. Аса ескеретін жайт, тапсырысты Интернетпен тікелей берсеңіз, косметиканың бағасы одан да арзанырақ түседі.

3.Ассортименті кең. Бір брендтің өзінде ондаған желілері бар,әр желіде үш құралдан кем емес. Соған қарағанда корейлік косметиканы тіпті зейнеткерлікке дейін сынай беруге болады.

4.Әсем безендірілген сырты және ерекшелігі. Онымен әсіресе TonyMoly, HolikaHolika, Baviphat брендтері белгілі: шарайнаңызды түрлі-түрлі жеміс-жидек, өзгеше құтылар әрлендіретініне дайын болыңыздар.


Image title

 

5.NotaBene. Әрмен қарай оқырдың алдында, бір ескертпеге көңіл бөлгеніңіз жөн. Менің терім аралас, пигменттерге және қабынуға бейім. Өзіме комедогендік емес құрамы бар, жақсы ылғалдандыратын, жеңіл текстуралы құралдарды таңдаймын.Сондықтан құрғақ терілі ханшайымдарғаменің ұсыныстарым жақпай қалуы мүмкін. Олар өздеріне одан да нәрлі заттарды таңдап алуы тиіс. Осы уақытқа шейін мен өте көп өнімді сынап көрдім, бірақ, ұсынатыным - өзіме нағыз тиімді болып көрінген косметика.

 

Азиаттық(Корейлік)күтім жүйесі осындай:

 

1. Қос сатылы тазарту: гидрофильдік май және көбік (пенка)
2. Пилинг пен маскалар
3. Тонер/лосьон
4. Серум/эссенция
5. Эмульсия/косметикалық сүт (молочко)
6. Иісмай+ көз терісіне арналған иісмай
7. Қосымшакүтім құралдары (мысалы, макияждың астына жағатын негіз немесе түнгі маска)
8. Макияж

 

Image titleImage title

ГИДРОФИЛЬДІК МАЙ

 

Корейлік күтім косметикасында бұл мен үшін ең бірінші жаңалық. Қандай да бір косметиканы күшті кетіретін зат.

Арналуы. Қос сатылы тазартудың бірінші сатысы. Май косметиканы, оның ішінде суға төзімді заттарды да керемет ерітеді. Егер сіз BB кремді қолдансаңыз, оны міндетті түрде тек гидрофильді маймен кетіру керек. Әйтпесе BB кремді бірнеше күн қолданғаннан кейін терідегі ұсақ тесіктерді лық толтырып тастайды. Дәлдеп айтсам, май жуынуға емес, макияжды кетіруге ғана арналған.


 

Қолдануы. Майды құрғақ қолмен құрғақ теріге жағып, екі минуттай сылау керек. Әсіресе маңдай, көз без мұрын айналасына ерекше көңіл бөлгеніңіз жөн. Содан кейін қолды май ақ түсті эмульсияға айналғанға дейін сулап, сол эмульсияны бетке жағып, сумен жуып тастаңыз. Бұл маймен мен тіпті көздегі бояуды да кетіремін.


 


 

 

Мен қолданатын май

- HolikaHolika Soda Pore Cleansing B.B Deep Cleansing Oil – қандай да болсын бояуды кетіреді. Құрамында терідегі ұсақ тесіктерді лық толтыратын минералды май жоқ . Мен пайдаланып көрген майлардың ішінде осы брендтің өнімін ерекше ұнаттым. Image title

Жуынуға арналған көбік

 

Арналуы. Көбік бетті майдан немесе басқа да бояу кетіретін құрал қалдықтарынан толықтай тазарту үшін қажет.  Оны сабын әлде жуынуға арналған гельмен де ауыстыруға болады. Бірақ, азиялықтардың пікірінше, көбік теріні қатты құрғатпай, ұсақ тесіктерді жақсы тазартады.

Қолдануы. Дайынкөбік әр жерде сатыла береді, бұл жөнінде бір алтын ережем бар – бағасы 5 доллардан асатын бет жууға арналған құралдарды сатып алмаймын.Өйткені көбік бет терісінде 10 секундтан көп тұрмай, лезде сумен шайылады, одан күтетінім- тек қана тазарту. Арзан заттар бұл миссияны керемет орындай береді. Көбік жасау үшін арнайы тор сатып алыңыз – ол қандайда болсын гельді көбікке айналдырады. 

MISSA BUBBLE MAKER(Көбік жасауға  арнаЛҒАН тор )

Image title

ЫЛҒАНДАНДЫРУ

 

Арналуы. Азиялықтарда үш секундтық ереже бар – жуынғаннан кейін 3 секунд ішінде бетке ылғалдандыратын иісмай немесе басқа құралды жағу керек, өйткені су теріні бірден құрғатады. 3 секундта теріңіз тек қана бірнеше пайыз ылғалды, 30 секундта – 50%-ға дейін ылғал жоғалтады.


 

Қолдануы.  Жуынғаннан кейін гиалуроны бар лосьон/тоник, немесе мист (термальды су тәрізді ) қолдануға болады.


 


Лосьон — судан қоюлау сұйықтық, одан тек бірнеше тамшы тамызсаңыз болды.

Таңертең жуынғаннан кейін мен ылғалдандыратын Mizon Aloe 76 Soothing Toner қолданамын. Шыны көлемі - 500 мл, одан үлкенді көргенім жоқ.

 

Құрал туралы ақпарат. Тониктің құрамында 76% алое шырыны бар, ол күнге күюден, терінің тітіркенуінен, акне мен жаралардан қорғайды. Тыныштандырып, ылғалдандырып, қабынудан, кеуіп кетуден сақтайды. 

 

Image title

 

 

 

 

 

Кешке қарай теріні тазартқаннан соң мен бетіме MizonSnail Repair Hydro Mist себемін, термальді су тәрізді косметикалық құрам, бірақ, оның сипаттамасы әлдеқайда күштірек.

 

 

 

 

 

Image title

 

 

 

 

ПИЛИНГ-ШИЫРШЫҚ(СКАТКА)

 

 

Бұл корейлік күтім косметикасында мен үшін екінші жаңалық болып шықты.


 

Арналуы. Азиялық пилинг-шиыршық– скрабқа ұқсас, бірақ, одан едәуірнәзік құрал. Куперозға бейім және терісі сезімтал жандарға ондай пилингтіқолдануға болмайды. Пилингтің құрамында қышқыл мен энзимдер бар (қышқылдың үлесі көп емес).


 

Қолдануы. Түрікәдімгі гельге ұқсайды. Құрғақ немесе шамалы ылғалдандырылған бетке жағып, сылау керек. Бұл кезде гель шиыршыққа айналып, бет терісі түлептүседі. Осының бәрін сумен кетіру қажет.Жетісіне 2-3рет қолдануға болады.

Менің қолданатыным  MizonApple smoothie peeling gel.

 

Құрал жөнінде ақпарат. Құрамында ешқандай механикалық абразивтік заттектері жоқ. Тері алма, қамыс сіріндісі және табиғи целлюлоза мен кератиндегі гликоль және жеміс қышқылдарының әрекеттесуінен шиыршықтанады. Жеміс пен гликоль қышқылдары мүйіз қабаты мен эпидермис жасушалары арасындағы байланысты жұмсартады. Целлюлоза ауада жайлап кеуіп, зиянды заттарды сіңіріп, уқалау кезінде ескі кератиноциттермен шиыршықтанып қалады. Бірақ, олардан қорқатын ештеңесі де жоқ – пилинг сау жасушаларды жарақаттандырмай, тек қана өлген жасушаларды тазартады.



Image title

   

Целлюлоза негізіндегі SkinfoodPineapple Deep Peeling шиырық пилингі де бар.

Құрал туралы ақпарат. Құрамында табиғи целлюлоза және AHA бар терең пилинг-гель. Мына құралдың ішінде бромелайн мен алоэ сіріңдісі бар.

Image title

 

 

 

БЕТКЕАРНАЛҒАН МАСКА

 

Арналуы. Бұл жерде бәрі түсінікті сияқты.Маскалардың ылғалдындыратын, қоректендіретін, ағартатын, терідегі ұсақ-тесіктерді тарылтатын түр-түрібар. Өзіңізге ұнайтын затты таңдапалыңыз.

 

Қолдануы. Маскаларды қалай қолданатыны бәрімізге белгілі. Бірақ азиялықтарда арнайы массажды маскалар бар – оларды қолданғанда бетті 2-3 минуттай уқалау керек, ондай маскаларды аптасына 2-3 рет істеуге болады.


 

Өзім TonyMoly Tomatox Magic White Massage Pack ұнатамын– теріні күшті тазартып, ылғандандырып және бет реңін жақсартады.

 

Image title

 

Матадан жасалынған МАСКА

 

Арналуы. Кәдімгі маскаларға ұқсас, сұйықтықпен суланған мата тәрізді.

 

Қолдануы. Матадан жасалынған маскалардыңең ыңғайлы тұсы -оларды сумен жуудыңкерегіжоқ. Бетке жапсырып 20 минуттай  ұстауыңызқажет. Сулы болған соң, маска оңай жабысып, бетте жақсы тұрады. Бірақ, өзімоларды қолданып көрген жоқпын.

 Image title

ЭССЕНЦИЯ/ІРІТКІ (СЫВОРОТКА)

 Арналуы. Эссенция немесе іріткі (сыворотка)- бұл белсенді заттектердің жиынтығы, бірақ,оның концентрациясы кремнен әлдеқайда жоғары. Іріткінің де қартаюға қарсы, ылғалдындыратын, ағартатын көптеген түрлері бар.

Қолдануы. Іріткі белсенді заттектерге толы болғасын, оны бет терісіне аздап жағып, саусақ ұшымен уқалау керек. Іріткі кремнің астына жағылады, 10-15 минуттан кейін әбден сіңіп болған соң теріге крем жағыңыз.

 Мен іріткінің екі түрін қолданамын, таңертең– гиалуроны бар ылғалдындаратын, кешке – ағартатын іріткі.

 

Mizon Hyaluronic Acid100.

Құралтуралы ақпарат. Гиалуроныбар MizonHyaluronic Acid100 іріткісі–үй жағдайында қолдануға арналған кәсіби косметика, беретін әсері жағынан медициналық негізге жақын.Мысалы бала терісінде гиалурон қышқылы көп болғасын ол жарқын да нәзік болып көрінеді, бірақ, өсе келе ағзада бұл қышқылдың мөлшері азайа түседі.

Тері құрғап, шымырлығымен тығыздылығын жоғалтып, әжімдер пайда бола бастайды. Ал құрамында (50%)гиалуроны бар іріткі теріні қарқынды ылғалдандырады. Mizon HyaluronicAcid100 іріткісін жүйелі түрде қолданғанда, дермальды матрикстің икемділігі өсіп, әжім тереңдігі азайып,тері бедері тегістеледі. Терінің барлық түріне жарай береді. Құрамында бояғыш заттар мен парабендер жоқ.Image title 

It’sskin Power10 Formula LI Effector. 

 

Құрал туралы ақпарат. Жоғары шоғырланған ағартатын іріткі, құрамында қызылмия сіріңдісі көп болғандықтан, теріні жарқын етіп, ашық рең береді. Сонымен қатар қызару мен тітіркенуден сақтайды.  

Мия сіріңдісі постакнеден болатын қабынудан сақтап және пигмент дақтарын болдырмай, күшті ағартатын әсер береді. Тітіркену ,ісіну, қабынуды жояды.

Image title

 

Мен Mizon және  It`s skin маркаларының барлық іріткісін қолданып көрдім, бірақ бәрінен тиімді осы екеуі болып шықты. Олардың беретін әсері толығымен мінездемелерімен сәйкес келеді.

 

 

ЭМУЛЬСИЯ мен Иісмай (КРЕМ)

 

 

Арналуы. Азиялықтарда эмульсияның ерекше орны бар, оны теріге іріткі мен кремнен бұрын жағу қажет.

Қолдануы. Эссенция/іріткіден кейін 10 минуттан соң теріге жаққан жөн.

Мен көптеген кремдерді қолданып көрдім, осы күнге дейін де жаңа құралдарды зерттеп жүрмін. Өзім ұнатып қалған иісмайлар жайлы айтып кетейін.

MizonAll In One Snail Repair Healing Cream. Осы кремнен бірнеше құтысын бітіріп үлгердім, әлі де сатып алып жүрмін. Менің Т-тұсыма нағыз жағатын зат – терімді тыныштандырып, қабынуды басып,бет реңін жақсартады. Бірақ, майлы теріге арналғандықтан бетті аз ғана құрғатады. Сондықтан кремнен кейін ылғалдыратын иісмай жағу керек.

 

Құралтуралы ақпарат. Крем құрамында ұлу секрециясының 92% сығындысы болғандықтан бұлқатты әсер ететін, бір сатылы бет терісінің жаңаруына арналған құрал. Аллантоин мен мықты табиғи гликоль қышқылы, ақуыз, биокомпоненттерге толы эластин және коллаген адам терісіндегі компоненттерге ұқсас. Биотехнология арқасында, ғалымдар ұлу шырышының құрамында протеин, alantoine, эластин мен нағыз түріндегі коллаген бар екенін дәлелдеді. Бұның бәрі де ұлу үйшігінің зақымданған денесінің қалпына келуі үшін қажет. Крем теріні қарқынды қоректендіріп, ылғал сақтайды.Қартаю процесімен тиімді күресіп, акне, үлкейтілген және ашық ұсақ-тесіктер ,безеу,бөртпе, босанғаннан кейінгі пигментация,дақтан кейін қарқынды жаңаруына әсер етеді.


Image title

Бетке арналған SKIN79 Sue Hydrating Fluid. Жеңіл консистенциялы, күшті ылғандандырып, ұсақ тесіктерді толтырмайтын крем –мен үшін бұл ең маңыздысы. Өйткені көптеген кремдерді (оның ішінде корейлік маркаларды да) қолданғаннан кейін бетім қабынып кетті.


 

Құрал туралы ақпарат. Күшті ылғалдандыратын SUEHydrating топтамасындағы флюид. Құрал теріге қуат беріп, бір мезгілде эссенция мен эмульсияның функцияларын орындайды. Фито жиынтық құрамында теңіз өсімдіктерінің сығындысымен маржан сіріңдісі бар, олар заттардың сезгіштігін жақсартып, су балансын керек деңгейде сақтайды.

Image title

 

Tonymoly FloriaNutra-Energy 100 Hours Cream,-бұл иісмайды мен тым құрғақ көз айналасындағы теріге және мойынға жағамын. Өте нәрлі крем болғанымен, бетте қабыршақ қалдырмай, теріге жақсы сіңеді.

 

 

Құрал туралы мәлімет. Бетке арналған ультра-ылғалдандыратын TonyMoly FLORIA NUTRA-Energy 100 hours cream- сирек және бағалы арган майы негізінде жасалған. Крем арган майымен қатар, гамамелис сығындысы мен сафлора және плауна бірегей өсімдік ингредиенттеріне толы. Крем теріні ылғалдандырып, ылғалдың булануын болдырмайды. Ішінде арган майы бар капсулалар,терінің терең кабаттарына сіңіп, оны қажет дәрумендермен және микроэлементтермен қоректендіреді. Кремнің басқа белсенді қосындылары тері жасушаларын жаңартады және де оны қатайтады.Бұл құралдың ылғалдандыру мен қоректендіру қасиеттерінің әсері 100 сағатқа дейін жетеді. Сонымен қатар теріні жылдам құрғапкетуден және тартылудан сақтап, оған жарқындық мен жайлылық сыйлайды. Кремді үнемі қолдансаңыз теріңіз бапталған әрі жас болып көрінеді. 25 жастан бастап өте құрғақ да сусызданған теріге күшті келеді. Құрамында минералды майлар мен бензофенон,сульфат, парабен, триклозан, триэтаноламин жоқ.Image title

ТҮНГІМАСКА

 

Арналуы. Түнгі маскалардың түрлері өте көп – ылғандандыру мен қоректендіру, ағару мен жасару үшін арналған.

Қолданылуы. Түнгі маскалар кәдімгі маскаларды сияқты аптасына 2-3 рет қолдану қажет. Түнгі (Sleepingpack ) маскалардың кремнен айырмашылығы— олардың қоректендіру қасиеттері көп. Маска теріге 100% сіңу үшін ұйықтар алдында бетке 20-30 минут бұрын жағу керек .


 

Бірақ мен өзіме жағатын түнгі масканы әлі тапқаным жоқ. HolikaHolika Wine Therapy Sleeping Mask-ақ және қызыл шарап түрлерін сынап көрдім, бірнеше рет түнгі маскалардың күштісін TonyMoly Intensive Repair Dual Effect Sleeping Pack қолданып көрдім. Олардың бәрінен бетім қабына бастады.

Терім майлы болғасын маған мына өнімдер жарамай қалды, бірақ, құрғақ теріге жақсы келетін сияқты.Image title Image title

Түнгі маскалардың орнына мен MizonAloe 90 Soothing GelImage title

және HolikaHolika Purity 99% Aloe Soothing Gel алоэ гельдерін қолданамын

Image title

 

Бұл гельдердің екеуі де теріні күшті ылғалдандырып, жайландырады. HolikaHolika теріге тезірек сіңетіні болмаса, екеуінің ешқандай айырмашылығы жоқ.

Image title

 

НҮКТЕЛІҚҰРАЛДАР

 

Еттекір күндері қабынуға қарсы нүктелі Патч(наклейка) қолданамын. Өзіме бәрінен бұрын Skinfood Trouble Clear Spot Patch (Somaderm Spot) құралы өте тиімді болып көрінді. Түн ішінде барлық қызару мен бөртпелерді азайтып, жоқ қылады.Image title 

 Innisfree Jejubijaanti-trouble spot essence R и W. R– тері қызарған кезде немесе бөртпе пайда болған кезде, W-терідегі ұсақ тесіктер лық толған кезде қолдануға арналғанImage title

САНБЛОК

 

Соңында макияж жасар алдында мен міндетті түрде санблок қолданамын.Жоғарыда айтқанымдай, терім гиперпигментацияға бейім, ал корейлік өнімнің бәрі қалайда болса ағартуға бағытталады. Корейліктер ақ жүзді де жарқын бет терісіне әуес. Сондықтан мен терімді қосымша (құрамында жоғары УФ-қорғанышы бар ВВ креммен қатар) ультрафиолет сәулелерінен қорғаймын, Көптеген корейлік санблок ішінен Misshaall-around Safe Block Mild Essence Sun Milk SPF 45 таңдап алдым. Өзі жеңіл де майлы емес. Еуропалық маркаларға қарағанда, осы өнім туралы бірдебір жағымсыз пікір естігенім жоқ- өте жеңіл және бетте ақ жағал із қалдырмайтын санблок. Құрамында көптеген тиімді ингредиенттер бар. Қорғаныс деңгейі - 45.

Image title 

 

Корейлік күтім косметикасын қолданғаныма бір жыл болды. Бұл уақыт ішінде терім оңалып,ағарып, қабынулар азайып, бет реңім жақсарып қалды. Бастысы бағасы мен сапасына ризамын.Өзімді корейлік күтім мен декоративті косметикасының әсіре жанкүйері деп те айта аламын.

 

 

 

Корейлік косметиканы қайда сатып алуға болады

 

 

Астана:

1.Asian Beauty, Республика даңғылы- Кенесары көшесінің бұрышындағы «Сұңкар» сауда үйі,

кіру- НalykBank жақтан,+77019823326, asianbeauty.kz 

2. BB shop, «Азия Парк» СОО, bbshop.kzvk.com/bbshopkz

3. Монобутик Itkav4s skin, «Керуен» СОО

4. Lkav4Ocean Marina, locean.org, Мирзоян көш.4, BRAVA әсемдіксалоны,8(7172)352075, +77751214040, +77015700901

 

Алматы:

1. Missha дүкені ,Толе би мен Фурманов көш.қиылысы,2613567, 87055066748, missha.kz

2. Missha дүкені,Гогольмен Байсейітовакөш. қиылысы

3. «Кореана», Ташкент даңғылымен— Сүйінбайкөш. қиылысы, «Мерей» саудаүйі,2 қабат.Жұмысуақыты 10:00-20:00,күн сайын, демалыссыз+77058605636

4. Жароков пен Мынбаев көш.қиылысы (Жарокова көшесімен түсіп,Сәтпаев пен өту керек, сол жағындағы жеке секторда, маңдайшасы бар).+77772333008, 3955085, kortec.kz

5. Lkav4Ocean,Абайдаңғылы,52б, 3294617

6. Itkav4sskin бутигі, Сәтпаев көшесіндегі ADKСОО (эскалаторға қарама қарсы)

7.Mizon и Welcos, Тастақм-н (Төлеби — Бауман көшелері, Рамсторға қарама қарсы),«АСЫЛ» СҮ,3 қабат,+77476469883, +77058786187. Астанадағы байланыс телефоны- +77773349064

 

Он– лайн:

Сынамалар (пробники)

1. TESTKOREA - егер сізге корейлік сынамалар қажет болса, осысайтқа кіріңіз. Интернет дүкенде өнімді толығымен сатып алуға болады, бірақ, ассортименті кең емес.Mizon, Skinfood, Etude, Beauty Credit, Welcos, Missha, Innisfree, Theface shop, Janskin, Skin 79, Itkav4s skin, Baviphat, Tonimoly, VOV,Purederm, Holika Holika, Nature republiс жәнебасқа брендтер бар.

Бағалары қолайлы - BB-кремнің1 мл. 10 даналық жинағының орташа бағасы 80 бат (немесе 380 kzt). testerkorea.com

Жеткізілуі: халықаралық жеткізу, бағасы тауардың салмағына байланысты: (100 гр. дейін-455 kzt, 250 гр. дейін-680kzt , 500 гр. дейін-1000 kzt, 1 кг. дейін-1500 kzt, 1,5 кг. Дейін-2130 kzt, 1,8кг. дейін- 2760 kzt. - 1 тай баты= 4,7 kzt). Жіберу PriorityMail арқылы, трекинг номермен бірге, Қазақстанға дейін 7-10 күн ішінде жетеді.

Төлеу:PayPal.

 

 

 

2. CLICKTO KOREA - сайт ассортимент пен бағасы жағынан TESTKOREA –ға ұқсас, бірақ сынамаларды бұл сайтта бір-бірлеп сатып алуға болады. clicktokorea.net

Косметикасына full-size сатып алу

 

1. SASA -үлкенде танымал дүкен web1.sasa.com/SasaWeb/eng/product/shop_by_brand.jsp

 

Корейлік косметикамен бірге халықаларалық брендтер де сатылады.

Full-sizeбағасы TESTKOREA-дантөмен, бірақ Gmarket-ке қарағанда арзандау.

Жеткізілуі: халықаралық жеткізу, тапсырыстың бағасы 75$- данасатын болса – трекинг номермен ақысыз.

Төлеу:PayPal.

 

2. GMARKET -сауда алаңы, ассортименті өте кең.

 

 global.gmarket.co.kr/Home/Main 

Брендтердің барлығы бар.

Бағалары: SASA-ға қарағанда, корейлік косметиканың бағасы арзандау. Жеңілдіктер мен арзандатып сату жиі-жиі өткізіліп тұрады.

Жеткізілуі: EMS халықаралық жеткізу

Төлеу: PayPal.

 

3.    Ebay, Amazon - бәріне танымал халықаралық сауда алаңдары, бұл сайттарда корей косметикасының бағасы GMARKET-пен салыстырғанда төмен.

 

amazon.com/beauty-makeup-fragrance-skin-care/b/ref=sd_allcat_bty?ie=UTF8&node=3760911

 

ebay.com

 

Бүкіл брендтер өнімі сатылады.

Бағалары: таңдаған тауарыңыздың ең төмен бағасын білу үшін shopping.com сайтын зерттеуге болады.

Жеткізілуі: халықаралық жеткізу сатушыға байланысты, Қазақстанға тауарды барлығы жібере бермейді.

Төлеу: PayPal.

 

Халықаралық жеткізу бар корейлік косметика дүкендері:

 

COSMETICLOVE - cosmetic-love.com

 

COSME-DE - cosme-de.com/en/main/main.html

BONJOUR - bonjourhk.com/en/main.aspx

KOREADEPART - en.koreadepart.com

SKINFOODLOVERS - skinfoodlovers.com


 

Мақала тиімді болады деп үміттенемін! Және корей косметикасын сіздің де ұнатып қалатыныңызға сенімдімін! 

 


Популярные статьи и новости

Menu
×