Ең қызықты әрі пайдалы 7 фильм

Ең қызықты әрі пайдалы 7 фильм

5 минут - 01.05.2020, 02:04
Ең қызықты әрі пайдалы 7 фильм

Ең қызықты әрі пайдалы 7 фильм

5 минут - 01.05.2020, 02:04

Карантин кезінде көру керек ең керемет 7 фильмдер тізімі.

Балалар мектепке бармағандықтан, олардан шаршаған боларсыздар. Үйде 24 сағат бірге болғанда үй ішіндегілердің әңгімелесетін тақырыптары қалмайды. Балалармен бірге фильм қарау сізге де, оларға да өте пайдалы болады. Себебі төмендегі фильмдерден соң балаларыңыздың сізге алғыс айтып, өмірлеріне қанағатшылдықпен қарайтынын көресіз. P.s. бұл фильмдерді міндетті түрде балаларыңызбен бірге көруге кеңес беремін. Содан кейін бірге әңгімелесуге көптеген жаңа тақырыптар пайда болады)))

«Золотые руки. История Бена Карсона»

Әкесіз өскен Бен және оның отбасы кедейшілікте өмір сүреді. Мектепте бағалары төмен, бұзық, мінезі нашар баласын анасы өз махаббатының, Құдайға деген сенімінің және ұлының ашылмаған талантын ашу арқылы өмірін өзгертеді. Баланы ұрсу, қорқыту арқылы емес, қызықтырып, еліктіріп, болашаққа деген үлкен сенімін ұялатады. Бен – шын өмірдегі нейрохирург дәрігер. Сиам егіздерін еш қатерсіз ота жасау арқылы аман алып қалған әлемдегі атақты дәрігерлердің бірі. Бұл фильм шынайы өмірден алынған.

«Невидимая сторона»

Атақты спортшы Майкл Оэр жайлы фильм. Бақыт өміріңнің қай кезеңінде келетінін білмейсің, сол секілді 17 жасар Майклға да ол белгісіз еді. Бірақ анасының нашақор, әкесінің белгісіз адам екеніне қарамастан, ол бай отбасына кезігеді. Осыдан бастап Майкл үшін бәрі өзгереді. Жаңа отбасының оған деген сенімі, өзінің туғанындай қабылдауы Майклды спортта жетістіктерге әкеледі. Бұл фильм де болған оқиға желісімен түсірілген.

«Мальчик который обуздал ветер»

Уильям Камквамба – қарапайым фермер отбасынан шыққан бала. Мектепке барғанды қатты қалағанымен, ата-анасының материалдық жағдайы көтермейді. Соған қарамастан амал тауып, мектептің кітапханасын пайдалануға рұқсат алады. Анасының махаббаты мен үлкен сенімінің арқасында Уильям бір ауылды аштықтан аман алып қалады. Балаларыңызға үкен әсер ететін фильмдердің бірі. Бұл фильм биографиялық жанрда түсірілген.

«Королева из Катве»

Жас шахматшы Фиона Мутези жайлы биографиялық фильм. Өз елі Уганданың атынан шахматтан өткен түрлі жарыстарға қатысады. Тамаққа ақша таба алмай жатқан отбасынан шықса да, қайсар қыздың таланты таң қалдырады. Бұл фильмде де ананың сенімінің маңызды екенін көруге болады. Қыз да өз отбасын тығырықтан шығара алатынын көріге болады.

 

«Пеле:Рождение легенды»

Футбол тарихында аты алтын әріппен жазылған ұлы адамның өмірі жайлы фильм. Эдсон Арантиса ду Насименту (Пеле) – әкесінің арманын орындаған, Бразилия елінің атағын шығарған және футболды өзгеше стильде ойнаған ең мықты футболшы. Үйренетін дүниелер көп. Балаға дұрыс тәрбие берсе, ол міндетті түрде ата-анасының мақтанышы мен қуанышына айналатынына көзім жетті. Бұл фильмді шедевр деуге болады.

«Сила воли»

1936 жылы Берлинде өткен Олимпиадалық ойындарында 4 алтын алып, рекорд жасаған афроамерикалық Джесси Оуэнс жайлы биографиялық фильм. Қарапайым отбасында өмірге келіп, Гитлердің алдында өз талантын көрсеткен атақты спортшының өмірі жайлы қызықты фильм.

«Дангал»

Үндістанның бұрынғы балуаны Махавир Сингх Пхогат және оның төрт қыздары жайлы биографиялық фильм. 2017 жылдары үнді және қытай кассалық жинау бойынша бестселлер болған фильм. Басты кейіпкерлермен бірге күлесіз, жылайсыз, алаңдайсыз. Жалпы Аамир Кханның фильмдері тамаша ғой.

Фото: интернет


Menu