Qazaqsha

МЕРЕКЕЛІК 22-24 ЖЕЛТОҚСАН ДЕМАЛЫС КҮНДЕРІН ЕЛОРДАДА ҚАЛАЙ ҚЫЗЫҚТЫ ЕТІП ӨТКІЗУГЕ БОЛАДЫ?

МҰРАТ МҰТЫРҒАНОВ ЦИРКІ, АКВАГРИМ, САНТА-КЛАУСПЕН ЕСТЕЛІК СУРЕТ: АБУ-ДАБИ ПЛАЗА САУДА ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ОЙЫН-САУЫҚ БАҒДАРЛАМАСЫ

13.12.2023, 11:47
Изменено: 30.04.2024, 23:08

Абу Даби Плаза елорда қонақтары мен тұрғындарын 22-24 желтоқсан аралығында демалыс күндерін бірге өткізуге шақырады. Сауда орталығына келушілерді жарқын ойын-сауық бағдарламасы күтеді: жаңа жылдық цирк қойылымдары, Санта-Клаус және басқа да тосынсыйлар.

Мұрат Мұтырғанов қойылымы. Жаңа жылдық шырша жанындағы сахнада атақты Мұрат Мұтырғановтың циркінен жарқын шоу көрсетіледі. Қонақтар акробаттардың өнерлерін, эквилибристердің, жонглерлер мен гимнасттардың қызықты трюктерін, сондай-ақ еліміздің ең танымал сайқымазақшысы Мұрат Мұтырғановтың өнерін тамашалайды.

Шоу кестесі:

  • 22 желтоқсан: 16:00, 18:00, 20:00
  • 23 және 24 желтоқсан: 14:00, 17.00, 20.00.

Ертегі аквагрим. «Детский мир» дүкеніне қарама-қарсы сауда орталығының 2-қабатында әрбір бала өзінің сүйікті кейіпкеріне айналып, ертегі әлеміне аяқ баса алады. Кәсіби аквагрим мамандары қарапайым күнді қызықты, шытырман оқиғаға айналдырып, сиқырлы бейнелерді салады.

Аквагрим аймағы 22 желтоқсанда 17:00-ден 20:00-ге дейін, 23 және 24 желтоқсанда 12:00-ден 15:00-ге дейін, сондай-ақ 17:00-ден 20:00-ге дейін жұмыс істейді.

Сонымен қатар, 22-24 желтоқсан аралығында сауда орталығына келген әрбір қонақ жаңа жылдық шыршаның жанында Санта-Клауспен кездесіп, естелік суретке түсе алады.

«Санта-Клауспен фото» станциясының жұмыс уақыты:

  • 22 желтоқсан: 17:00-20:00
  • 23 және 24 желтоқсан: 12:00-15:00, 17:00-20.00

Келушілер үшін барлық ойын-сауық іс-шаралары тегін.

Сонымен қатар, 30 желтоқсанға дейін «Абу Даби Плаза» сауда орталығында Бурабайдағы Санта-Клаус ауылына «Жаңа-жылдық Экспресс» мерекелік науқаны өтеді. Сауда орталығында 10 000 теңгеден басталатын сомаға сауда жасап, ұтыс ойынына қатысушылар 4 адамнан тұратын (2 ересек, 2 бала) отбасына Rixos Borovoe қонақ үйіне 2 түндік тур ұтып ала алады.

Толық ақпарат әлеуметтік желілердегі ресми парақшаларда.

Menu
×