«Жоғары қамқорлық комитеті»: Астанада Қазақстандағы шала туылу ауыртпалығы мәселесіне арналған баспасөз-конференциясы өтті
Qazaqsha

«Жоғары қамқорлық комитеті»: Астанада Қазақстандағы шала туылу ауыртпалығы мәселесіне арналған баспасөз-конференциясы өтті

«Жоғары қамқорлық комитеті»: Астанада Қазақстандағы шала туылу ауыртпалығы мәселесіне арналған баспасөз-конференциясы өтті
«Жоғары қамқорлық комитеті»: Астанада Қазақстандағы шала туылу ауыртпалығы мәселесіне арналған баспасөз-конференциясы өтті
01.12.2023, 10:55
Изменено: 09.02.2024, 08:48

30 қарашада Астанада Қазақстан Республикасындағы (ҚР) шала туылу ауыртпалығы мәселесі туралы хабардарлықты арттыруға арналған баспасөз-конференциясы өтті. «Жоғары қамқорлық комитеті» деген атауға ие болған іс-шара медициналық және пациенттік қауымдастықтардың жетекші сарапшыларын өмірінің ерте кезеңдерінде ерекше назар аудару мен айрықша күтім жағдайларын қажет ететін шала туылған нәрестелерді қорғау мақсатында біріктірді. Баспасөз-конференциясы «АстраЗенека», Қазақстан, халықаралық биофармацевтикалық компаниясының қолдауымен өтті.

 

Іс-шараның спикерлері қатарында ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің штаттан тыс бас неонатолог маманы Б.Т.Қарин, Астана қаласының штаттан тыс бас пульмонологы, медицина ғылымдарының кандидаты Л.А.Рамазанова, сондай-ақ «BEKZAT» Шала туылған балаларға көмек қорының негізін қалаушы және директоры Б.Н.Ташманов болды. Баяндамашылар өз сөзінде шала туылған нәрестелер мен олардың ата-аналары тап болатын қиындықтар, сәбилердің асқынулар мен жұқпалы ауруларға жоғары сезімталдығынан бастап, аса ауыр жағдайда мерзімінен ерте туылған нәрестелердегі мүгедектік қаупіне дейінгі мәселелерді қозғады. Спикерлер катамнез кабинеттерінің желісін дамытуды және қазіргі заманғы перинаталдық және оңалту орталықтарын, сондай-ақ республика аумағында ерте араласу кешендерін салу жөніндегі өршіл жоспарларды атап өтті. Бұған қоса, Қазақстанда мерзімінен бұрын шала туылған балаларды күту жағдайларын жақсарту бойынша қабылданып жатқан іс-шараларды да талқылады.

 

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметі бойынша , әлемде жыл сайын 15 миллион бала мерзімінен бұрын туылады. Қазақстанда жыл сайын шамамен 22 000 шала туылған бала өмірге келеді. Бұл нәрестелер вирустық инфекцияларға, мысалы, РСВ-қа (респираторлық синцитиальды вирус) бейім келеді. Қазақстан Республикасының неонаталды көмек көрсетуді ұйымдастыру бойынша стандарттарына2 сәйкес, мерзімінен бұрын туылған баланың өмірге келген сәттен бастап қорғауға және медициналық көмекке құқығы бар.

 

ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің бас штаттан тыс неонатолог маманы Б.Т.Қарин: «Қазақстанда шала туылу көрсеткіші 5%-ды құрайды. Мемлекеттің, Үкіметтің, Денсаулық сақтау министрлігінің және медициналық мамандардың күш-жігерінің арқасында біз оң өзгерістерді көріп отырмыз. 30 жыл ішінде біз неонаталдық өлім-жітімді бес есе азайттық. 2009 жылдан бастап біз бірінші және екінші деңгейдегі босануға көмектесу мекемелері үшін ең төменгі стандарттарды енгіздік және биыл неонатологиялық көмектің жаңа стандартын әзірледік. Қазір елдің кез-келген аймағында шала туылған нәрестелерге күтім жасау үшін қажетті құрал-жабдықтар бар, ал егер олар болмаған жағдайда, біз баланы ең жақын мекемеге жеткізуді қамтамасыз етеміз».

 

Астана қаласының  штаттан тыс бас пульмонологы Л.А.Рамазанова: «Қазақстанда неонаталдық және нәрестелік өлімінің негізгі себебі шала туылу болып табылады. Мерзімінен ерте туылған сәбилерде асқыну қаупі жоғары, әсіресе РСВ сияқты маусымдық вирустардан туындайдын жағдайларды айта кеткен жөн. РСВ жағдайларының жартысынан көбі асқынған өкпе ауруларының негізгі себебін құрайды, бірақ оның әсері балалардың денсаулығына ғана емес, сонымен қатар елдердің денсаулық сақтау жүйелерінің жүктемесіне де әсер етеді, нәтижесінде ол медициналық-әлеуметтік проблемалар санатына енеді. Бүгінгі таңда Қазақстанда шала туылған балаларды РСВ-дан қорғау бойынша қол жетімді шаралар бар. Қауіп-қатер тобындағы балаларға педиатр немесе пульмонолог кеселдің басталуына дейін және ауру маусымы кезінде жеке көрсеткіштер бойынша РСВ ауыр ағымының алдын алу үшін пассивті иммундауды тағайындай алады».

 

«BEKZAT» Шала туылған балаларға көмек қорының негізін қалаушы және директоры Б.Н.Ташманов: «Шала туылу – әлеуметтік мәселе. Мен мерзімінен ерте туылған нәрестелердің әкесімін және өз тәжірибемнен ата-аналардың қандай қиындықтарға тап болатынын білемін. Біздің қор бірінші кезекте осы сәбилер үшін жұмыс істейді. Аналар мен әкелер арасында мерзімінен бұрын босану қаупі, ерте туылған нәрестелерді күту туралы ақпаратқа қол жеткізуді қамтамасыз ету және оларға мерзімінен ерте туылған балаларға қауіпсіздікті қалай қамтамасыз ету керектігі туралы ақпараттық сипаттағы жүйелі қолдау көрсету өте маңызды. Сонымен қатар, біз елдегі дені сау және бақытты балалар мен ата-аналардың санын арттыру үшін шала туылған нәрестелерді күту мен оңалту жолында кешенді динамикалық, уақтылы және көпсалалы тәсілдерді іске асыруда көмек көрсетуге тырысамыз».

 

 

Menu
×