Qazaqsha

Жүктілік кезінде ұл бала белгілері

Жүктілік кезінде ұл бала белгілері
Жүктілік кезінде ұл бала белгілері
16.10.2020, 01:55
Изменено: 26.04.2024, 06:35

Жүктілік әйел затының өміріндегі ең керемет кезеңдердің бірі. Бұл кезде гормоналдық процесстер ғана емес, менталды да көптеген өзгерістер орын алып, келіншек аналық сезімімен алғаш танысатын кез.

Көбісі алдын ала армандап, ұлды немесе қызды болуды қалайды. Ал бүгін жүктіліктің бірінші триместірінде пайда болатын белгілерден бастап, ұл бала өзін ананың ішіндегі кезінде-ақ білдіре бастайтыны туралы әңгіме етеміз.

Жүктілік кезінде ұл бала белгілері

Алғашқы белгі болып апа-әжелеріміз айтып келген, бұрыннан белгілі жайт - құрсағында ұл көтеріп жүрген келіншектің қышқыл мен тұзды, көбірек ащы, етті тағамдарға тәбеті ашылады.

Екінші белгі салмақтың тез қосылуы. Тез қосымша килограммдар жинап, әйелдің жүзі домалана түседі. Аяқтар мұздап, қолдың терісі құрғақ болуы да үшінші және төртінші белгілерге жатады.

Тереңірек ойланатын болсақ, жүктілік көңіл-күйдің жиі өзгеруімен, оңай жылап, тез күле бастайтын гормондардың жоғары шарлап тұратын кезеңі. Тым жоғары сезімталдықта ұл баланың туыларын білдіреді. Бұл бесінші белгі.

Егер әйел күші мол сияқты сезініп жүрсе, мұны алтыншы белгі деп есептейміз, өйткені, қыз күтіп жүрген келіншек гормондарға байланысты өзін нәзік сезінеді. Құрсақтағы ұл анасымен ер мінезімен бөлісіп, оны мықты етеді.

Жетінші белгі деп таң ертеңгі мазасыздануды - көңіл айнып немесе дененің толықтай мазасыз күйде болғанын айта аламыз. Бұл да ұл бала екеніне бір дәлел. Бірақ, токсикоз аздау болады деп гинеколог мамандар айтып жатады.

Сегізінші белгі. Қыз бала болса, қарын жайылып кетеді, ал егер ұл болса, қарын, домаланып, әдемі болып тұрады және әйелді артынан көрген адам жүкті екенін бірден байқамайды.

Жүктілік организмдегі өзгерістер кезеңі. Осы кезде омыраудың бездері сүт беруге дайындалып, оң жақтағысы үлкенрек болса, ұл күтіңіз деген сөз. Осы белгіні тоғызыншы деп есептейік.

Оныншы белгі. Дәрігерге тексерілуге барғанда, құрсақтағы баланың жүрек қағысы минутына 140 қағыстан кем болса ұл туылының белгісі.

Жүктілік кезінде ұл бала белгілері

Ұл көтерген келіншектің жүзі жарқырап, тырнақтары қатайып, шаштары жалтырай түседі. Және де жүктілік жеңілрек өтеді. Осы кезде айтып өтетін он бірінші белгі - ұлға жүкті әйелдің шашы тез өсіп, Жібектей әсем шаш иесіне айналады, бірақ аяқтағы шаштарда қалыңдай түсетін жағдай да қалыпты саналады.

Ең ғажап белгілердің бірі он екінші - ұлдар ертерек қимылдай бастап, ата-анасын бақытқа кенелтеді. Ермінезін танытып, біраз өзін футболшы сезініп, аяғымен, қолымен қарынға сыймай жатқандай итеріп, қолын анасының оң жақ бүйіріне жиі тіреп алады. Мұндай қылық табиғатынан бұзықтау келетін ұлдарға арналған мінез.

Жоғарыда айтып өткен белгілердің бәрі қатып қалған заңдылық емес. Әрбір әйелдің өзіндік саулығы мен табиғатынан генетикалық өзгерістері бар, сондықтан жоғарыдағы белгілер кейде құрсағында қыз көтеріп жүрген келіншектерде де кездеседі.

Жынысы қандай болса да, бастысы біздің балаларымыз аман болсын, денсаулығы мықты, көркем мінезді, ақылды болсын. Отбасының базары - ол бала. Шаттығы да, бақыты да, ырысы да, тынысы да - ол бала. Ұл ма, қыз ба, бастысы барша сәбилер қамқорлық пен махаббатқа толы отбасында есейсін!

Ал болашақ аналар жеңіл босанып, құшағына дені сау баланы бассын! Дүниедегі барлық бала бақытты өмірді сүрсін!

 

 

Автор: Гульжан Реймбай 

Фото: pexels.mom

 

 

 

Популярные статьи и новости

Menu
×