Qazaqsha

ДАРИЯ ЕСІМІНІҢ МАҒЫНАСЫ

Есімнің шығу тегі (парсы, араб, славян, қазақ, мұсылман).
ДАРИЯ ЕСІМІНІҢ МАҒЫНАСЫ
Есімнің шығу тегі (парсы, араб, славян, қазақ, мұсылман).
ДАРИЯ ЕСІМІНІҢ МАҒЫНАСЫ
Есімнің шығу тегі (парсы, араб, славян, қазақ, мұсылман).
23.04.2021, 09:06
Изменено: 03.05.2021, 14:52

«Дария» есімінің жалпы сипаттамасы

 

«Дария» есімі парсы патшасы Дарийдің есімінен шыққан және «жаулап алушы», «егеменді» дегенді білдіреді. Екінші нұсқаға сәйкес, Дара есімі славян туыстас және «сыйлық, сыйға тартылған» дегенді білдіретін славяндық Дарья, Дарена, Дарина есімдерінің бір түрі болып табылады. Үшінші нұсқа бойынша, Дария есімі мұсылмандық деп саналады, өйткені ол араб тіліндегі «дара» етістігінен шыққан және «білімді, білетін» деген мағынаны білдіреді. Қазақ тілінен аударғанда «дария» сөзі «теңіз», «үлкен өзен» дегенді білдіреді. Орталық Азиядағы ең үлкен екі өзеннің Амудария мен Сырдария деп аталуы кездейсоқ емес. Дария - мықты, батыл, өзіне сенімді, келбеті керемет әйел. «Жаз» және «күз» мезгілдерінде туылған Дариялар - көбінесе өте сұлу, олардың айналасында айтқанын істеуге дайын ер адамдар көп жүреді. 

 

Дария отбасы ішінде

 

Отбасын құрудың уақыты келгенде, Дария өзінің барлық әйелдік айлакерлігін және практикалық тапқырлығын болашағы бар жас жігітті табуға, оны қызықтыруға және қасында ұстап қалуға жұмсайды. Бұған оған анасынан алған сабақтар үлкен көмек береді. Әдетте, Дарияның қалаулысы - жауапкершілікті сезінетін жас жігіт, оның отбасы туралы көзқарасы оның қалыңдығының тұжырымдамасымен толық сәйкес келеді. Дария күйеуінің намысын қалай қорғауды біледі және әдетте туыстарымен, әсіресе анасымен жақсы араласады. Ақылды Дария - сирек кездесетін әйел, ол қайын енесі үшін ең жақсы дос болады, онымен бірге саяжайға, дүкенге, тіпті бірлескен демалысқа кетеді. Дария - баласына табынып, ессіз сүйетін ана. Ол баланы, әсіресе тұңғышын, қатты еркелетіп өсіреді.

 

Дария істе, қоғамда

 

Дарияны күйеуімен бірге ұйымдастыратын отбасылық бизнесте үлкен жетістік күтеді. Дария жақсы көшбасшы бола алады, адамдар оны құрметтейді және оның көшбасшылыққа бейімділігін шын мойындайды. Егер жұмыс барысында бірдеңе кедергі болса, бұл Дарияның бастаған ісін өзінің мәресіне жеткізе алмауы, ол тез салқындап, жағдайды өз ағысымен жібере салатындардың бірі. Дария ақша табуды біледі, бірақ сонымен бірге ол өзіне жүзқырықыншы сөмке сатып алып, сұлулық салондарында тапқан-таянғанының бәрін «ағызып» жұмсап тастай алады. Сондықтан, егер күйеуі отбасылық қаржыны бақылауға алса, бұл екеуі үшін де жақсы болады.

 

Балаларға арналған сипаттамасы

Бала кезіндегі Дария

 

Дария - отты қыз, шулы ойындардың әуесқойы. Ол үстелдің астында қуыршақтарымен ойнап, тыныш отыратын қыздардың бірі емес. Дария басқару үшін дүниеге келгендей. Ол зорлық-зомбылықты болдырмау үшін жұдырықтарын оңай қолдана алады. Жасөспірім кезінде сыныптастар Дарияның шебер қолданатын өткір тілінен қорқады: оның келеке әзіл-қалжыңдары бүкіл мектепке жайылып кетеді, ал егер бір бала Дарияға ұнамайқалса, ол баланың жағдайы қиын болады. жағдайы қиын болады. Дария - ананың сүйіктісі, одан әйелдік айла-қулықтарды тез сіңіріп алады. Дарияға мектепте табандылық пен сабырлық жетіспейді, бірақ ол өзінің ұшқырлығы мен кез-келген тақырыпты лезде «қағып» алу қабілетінің арқасында жақсы оқиды.

 

Келесі оқитыныңыз: «Томирис» есімінің мағынасы

 

Сурет: unsplash.com

Menu