Qazaqsha

Балаларға кітапты сүйіп оқуды үйренудің жеңіл жолы

Балаларға кітапты сүйіп оқуды үйренудің жеңіл жолы
Балаларға кітапты сүйіп оқуды үйренудің жеңіл жолы
08.10.2020, 05:23
Изменено: 19.04.2024, 11:16

Кітап адамзаттың асыл қазыналарының бірі. Білім баршаға ауадай қажет. Ал кітаптің рөлі мұнда алғашқы қатарларда тұр деуге болады.

Тек қана мектепті немесе арнайы жоғары оқу орнын бітіріп сауатты болып шыға алмаймыз. Адамның ой-өрісін кеңейтіп, ілімін ерекше жоғарылата алатын - кітап.

Осы материалда балаларды кітап оқуды баулуға арналған басты кеңес беріледі. Бұл кеңес балаға деген сыйластықты танытып, оның назарын кітапқа психикалық тұрғыдан жеңіл әрі қызықты етіп үйрету.

Мысал.

Қазіргі таңда 8 жасар ұлым төртінші кітапты ерекше сүйіспеншілікпен оқып тамамдап жатыр. Және де бұл жайтты мен Инстаграмдағы блогымда жариялап отырамын. Бұл мотивация үшін жасалады. Көптеген келіншектер "Ұлыңды қалай үйреттің?", "Қалай балаға жұмсақ түрде кітап оқуды үйретсек?", "Менің баламда осылай оқыса ғой" деп жатады. Сол кезде мен бір ғана кеңес беремін. Өзіміз практикада қолданып жүрген кеңес.

Кеңес

Бала ата-анасына қарап өседі, дамиды және губка тәрізді отбасындағы жағдайды бойына сіңіреді. Балаға сөзбен емес іспен дәлелдеген дүниелер ерекше сіңімді болады. Әдетке айналған ритуал біздің отбасында кітап оқу. Бос болған кезде, қолымнан кітап түспейді. Мұны екі ұлым көріп өсіп келеді. Олар әріп танымай тұрып-ақ, кітаппен танысып қойған, талай рет ұстап көріп, тактильді эмоцияларға беріліп көрген. Ол кезде бала мен кітаптың арасында махаббат пайда болу үшін, кітапқа аса құрметтпен, шаттықпен қарадым.

Балаларға кітапты сүйіп оқуды үйренудің жеңіл жолы

Менің қызығушылығым балада да қызығушылық оятты. Айтпағым, өзіңіз кітап оқуға құштар болмасаңыз, балаңызда сондай болмақ. Бірақ, әлі де кеш емес. Ұлым алғаш сауатын ашып бастағанда оған оқы деп тиіспедім. Екі жасынан бастап суреті көп кітаптар алып, өзім оқып беріп, қызықтырып жүрдім. Өзіңіз кітап оқи алмасаңыз осы тәсілді пайдаланыңыз - балалар ертегісін ұл-қызыңызға оқып, бірге талқылаңыздар, мазмұндаңыздар.

Жетіден асқан соң, ұлыма: "Енді сен тез оқи аласың, көп нәрсені түсініп оқисың, сен оқығанда мен қатты мақатанамын, саған қарап, қуанамын" деген сияқты әңгімелер айта бастадым. Сөйтіп бір күні ертегі кітапты қолына ұстаттым. Қысқаша текст болды. Оны оқыған соң ұлымды мақтап қойдым және бәріне айта бастадым, әрине балаға естіртіп. Бұл жолы ол өзі-ақ оқығысы келіп тұратын болды. Және де әрдайым мен көңілді болып, "Арсен жарайсың, ақылдым" деп тағы да үйге келгеннің бәріне және блогымда айтып жүрдім. Балам жауапкершілікті сезе бастады, ал айналадағының бәрі көрген сайын, қанша ертегі оқығанын сұрайтын болды.

Маңызды жайт - балаларға жасына сай шығармаларды ұсыну. Ұлым бес жасында оқып көрді, бірақ ертегілердің өзі ауырлау болды. Қазір сегіз жаста. Үлкен ертегілер жиынтығын сүйіп оқиды. Әрине көп оқы деп қинамау керек.

Сонымен, балаға кітап оқуды үйренудің жеңіл жолы - қызығушылығын ояту, алдын ала дайындау, кітаптың құндылығын жеткізе білу, содан соң жасына сай әдебиетті ұсыну. Әрине қолдау көрсетіп, мақтап отырғанда маңызды.

Біздің балаларымыз дана болуға, білімді болуға лайық!

Фото: pexels.com

Популярные статьи и новости

Menu
×