14.04.2021 03:19

ЖҮКТІЛІКТІҢ 1 АПТАСЫ

Бүкіл әлемдегі дәрігерлер жүктілік мерзімін соңғы етеккірдің бірінші күнінен бастап санайды, бұл көбінесе болашақ аналар арасында түсініксіздікті тудырады, олар жүктіліктің нақты күнін білеміз деп санайды.

Бұл әдіс "акушерлік" деп аталады және ол болашақ баланың қандай даму сатысында екенін түсінуге мүмкіндік береді. Бұл ұғым ұрықтандырудың нақты қашан болғанын анықтау өте қиын болғандықтан пайда болды.

Әдетте әйелдің етеккір циклінің ортасында пісіп жетілген жұмыртқа жасушасы аналық безінен шығып, құрсақ қуысынан жатыр түтігіне өтеді. Бұл процесс овуляция деп аталады. Әйелдің жұмыртқа жасушасы жатыр түтігінде болған кезде, сперматозоидтармен «кездесі күнін» күтеді және 24 сағат бойы тірі болады. Сперматозоидтар әйелдің ағзасына еніп, ұрықтандыру қабілетін 3-5 күнге дейін сақтайды. Осылайша, жүкті болу жыныстық қатынастан бірнеше күн өткен соң пайда болуы мүмкін.

Жүктіліктің 1 аптасындағы әйелдің сезімдері

Жүктіліктің алғашқы аптасында әйелдің аяғы ауыр екенін анықтау мүмкін емес, ал дамудың бұл кезеңі әлі эмбрион болмаған кезде "жұмыртқа" немесе "эмбрионға дейінгі кезең" деп аталады. Бұл кезең жүктіліктің алғашқы екі аптасына созылады. Әйел жүктілік болды немесе болатынын білмеуі де мүмкін, бірақ дәл осы уақытта болашақ ана өзін күтуді бастауы керек.

Бала: ұрықтың дамуы, 1-апта

Қазір сіздің болашақ балаңызды тек микроскоптың көмегімен көруге болады, бірақ оның гендерінде тұқым қуалайтын ақпараттар қазірдің өзінде бар: жынысы, көзінің түсі, бойы және бет ерекшеліктері.

Күйеуі тек ұл немесе тек қыз тууын сұрайтын аналар үшін жақсы жаңалық! Болашақ баланың жынысы ер адамға байланысты. Сперматозоидтарда хромосомалардың 2 түрі болуы мүмкін, күйеуіңіз қай хромосоманы алып жүретініне байланысты (X немесе Y), қыз немесе ұл туылады.

Кеңес:

Егер сіздің жүктілігіңіз жоспарланған болса және сіз алдын-ала қажетті анализдар тапсырып, дәрігерлерден өтіп, теңдестірілген және дұрыс тамақтансаңыз өте жақсы. Алайда, көптеген болашақ аналар үшін жүктілік жағымды тосын сый болады, сондықтан сіз өзіңіздің денсаулығыңызға және болашақ балаңыздың денсаулығына қамқорлықты дәл қазір бастауыңызға болады.

Келесі оқитыныңыз: ЖҮКТІЛІКТІҢ 2 АПТАСЫ

Жүктілік күнтізбесін апта бойынша қадағалаңыз!

Сурет: unsplash.com

Поделиться

ЖҮКТІЛІКТІҢ 12 АПТАСЫ

Дәрігерлер жүктіліктің 12-ші аптасын баланың алғашқы мерейтойы деп атайды! Олай болса Pandaland.kz ақпараттық порталы сізді құттықтайды! Подробнее

ЖҮКТІЛІКТІҢ 11 АПТАСЫ

Жүктіліктің үшінші айы аяқталуға жақын. Токсикоз «шегінеді», оны күйдіргі немесе одан да жағымсыз жағдай - іш қату алмастыруы мүмкін. Подробнее