Сіздің балаңыз қандай? Сіздің балаңыз қандай?
1 минута - 11.03.2016, 13:02
Сіздің балаңыз қандай?

Сіздің балаңыз қандай?

1 минута - 11.03.2016, 13:02

Үнемі сыналатын ортада өскен бала – айыптауды үйренеді;

Көп келеке болған бала – сенбеуді үйренеді;

Қастықты сезінген бала –  дүниенің жаман жағын ғана көруді үйренеді;

Жауыздық ортасында өскен бала – қатыгез болуды үйренеді;

Түсініспеушілік ортасында өскен бала – басқаларды естімеуді үйренеді;

Үнемі алдаусыратылған бала – өтірік айтуды үйренеді;

Қылығы бетіне басыла берген  бала - өзін кінәлі сезінуді үйренеді;

Бірақ:

Үнемі қолдау көрген бала – қорғауды үйренеді;

Басқалардың үміт артатынын көрген бала – сабырлы болуды үйренеді;

Қауіпсіздікті сезініп өскен бала – сенуді үйренеді;

Мақталатын бала – өзіне сенімді болуды үйренеді;

Шынайы қарым-қатынасты сезінген бала – адал болуды үйренеді;

Сүйіспеншілік  ортасында өскен бала – жақсы көруді  және махаббат сыйлауды үйренеді;

Таңдау еркіндігі болған бала – жауапкершілікті үйренеді;


Ал сіздің балаңыз қандай? Не үйретіп жүргеніңізді анықтау оңай... 


Menu
×