Келін қайын ененің топырағынан жаратылған


Келін қайын ененің топырағынан жаратылған


Қазақ халқы - өте данышпан халық, "халық айтса, қалт айтпайды" – демекші, "Келін қайын ененің топырағынан" - деген ұғым бізде кең таралған. Сол сөздің мағынасына бүгін өзім келін болған соң түсіне бастағандаймын. Ол баста, жігіттер өзіне қалыңдық іздегенде, анасына келбеті жағынан да, мінезі жағынан да ұқсас қыз іздейді екен,өйткені әрбір баланың жүрегінің түкпіріндегі идеалы - ол анасы.

Қыз жат жұрттық, ол белгілі, сол үшін ата-бабамыз қыздарын төрге шығарып, мейлінше құрмет көрсеткен. Қыздарын ұзатқанда: "Балам бақытты бол, барған жеріңді бақытты қыл!" – деп-ақ босағасынан ақ тілекпен шығарып салады. Өз үйіңде еркелеп өскен, жарыңның отбасына келгенде біраз қиналатының шындық. Егер келін жарының үйіне "өзім бақытты болам",- деп келсе, ол қате ұғым, "бақытқа бөлеймін" - деп барса, онда бағы ашылғаны. Болашақ жарыңмен кездесіп жүргенде барлығы басқаша болатын, ол кездесуге келгенде өте сыпайы, ұқыпты. Барлық жауапкершілікті өз мойнына алатын, ал үйде басқаша барлығына жауапты сенсің. Таңертең тұрғаннан не киетіні, не ішетіні, жұмысқа түскі асын жинап беру, қалған ұсақ-түйекті айтпағанда - барлығы сенің мойнында. Әрине, сен оны сүйетіндіктен барлық бұрын көрмеген қылықтарына көз жұма қарайсын, оның ішінде әр жерде шашылған шұлықтар да болуы мумкін. Ол ештеңе емес, жаным, күнім деп оны өз айтқаныңа көндіру қиын емес. Басқа келіндерді қайдам, мен үшін ең қиыны - енемнің көңілінен шығу болды. Қайын енең сенің үйінде тұрса, басқаша болар еді, егер сен енеңнің үйінде тұрсаң, сені жаңағы мәтелдегідей өз топырағынан илеп, өзіне ұнайтын келін жасап шығарады. Басында қарсыласып көрдім, мен енді он бес жасар қыз емеспін ғой, бақандай жиырма бесте болдым, өз ойым қалыптасқан, көріп білгенім - бір басыма жетерлік және туа біткен бірбеткей, турашыл мінезім бар. Маған өте қиын болды, енем өз ісіне пысық, өзін күтіп қалған және кірпияз адам болып шықты, оған қоса тамақты да жақсы жасайтын. Екеуміз екі түрлі көзқарастамыз, ол кісі жылдар бойы уйде отырған, үйдегі жиһаздардың орнын жиі ауыстырып, кілем, перде, ыдыстың әр түрлі болуын, және бір-бірімен үйлесіп тұрғанын жақсы көреді екен. Мен үйдің жұмысына қарағанда, даланың жұмысын жақсы көретінмін, кілем, перде, ыдыс тұрмақ, үстімдегі киімімді де тек ыңғайлы болса болды деп таңдайтынмын. Үш жылдың ішінде мен енемнен көп нәрсе үйрендім, кіші жүздерше шай құюды, баптап ет асуды, конақ күтуді, тағысын тағылар. Үйренгенім бір бөлек, сол кісінің көңілінен шығу үшін тура сол кісі калай ұнатады, солай жасайтын болдым, Шайды толтырмай құямын, тамақтың майын сәл көбірек қосамын, әңгіме өрбіту үшін үйде өсіретін гүлдері туралы интернет желісінен оқып, қалай баптап, күту керектігін айтып отырамын. Тіпті күлетін боларсыз, шай басында "Гули осындай келін, Раши осындай" дегенде, түсінбей абдырып қалатынмын, сөйтсем, ол сериалдардағы келіндер екен, сол күннен бастап әлгі сериалды қарайтын болдым.

Недеген әділетсіздік десеңізші, өз басым, әрине, кемшілігім деп білемін, қыз болып жылтыраққа қызығып, бет жүзімді әрлеп көрмеппін, ал ол кісі үнемі күтініп, боянып, бүкіл жылтыраған нәрсені киімімен уйлестіріп таққанды ұнатады, мұнда да компромисс іздеуіме тура келді. Бетімді боямасам да, жасайтын бет күтімін бірге жасап, мейрамдарда сыйлыққа косметика сыйлауды әдетке айналдырдым.

Бала тәрбиелеуде де көз қарасымыз қарама қайшы, мен көп балалы отбасында дүниеге келдім, үйде бізді ешкім қатты еркелетпейтін, әкем: "баланың бетінен сүйме, маңдайынан иіске" - деп отыратын, ол жақсы көрмегендіктен емес, өмірге бейім, салмақты болып өсіру үшін. Қазір ұлым өте ерке, бетінен қақпаймыз, апасы ренжіп қалады, қол көтермек түгілі, қатты сөйлесең. Бізді, яғни әке-шешесін, атымен атайды, ол да ештеңе емес, тек тәрбие жөнінде ұмытпаса деймін. Ол кісі немересінің айтқанын істейді, ал мен балама айтқанымды істеткім келеді. Ол кісі мінезі сондай дегісі келеді, мен баламның бойына жақсы мінез қалыптастырғым келеді.

Сырт көзге жақсы келінмін, енемді де көрген құрбыларым мақтайды, ал оның ішінде үлкен еңбек жатқанын бірі білсе, бірі біле бермейді. Өзімді мақтап, енемді даттап жатқан мен жоқ, тек жеке басымнан өткен тәжірибе десем де болады. Келген қонақтардан, көршілерден жиі естігенім: "Келін қайын ененің топырағынан деген осы!" - деп жатады біз туралы.

Менде тек қайын ене бар, жарым жанұясында жалғыз бала, сондықтан бізде жеке шығып кету деген мақсат жоқ. Кейбір келіндердің қайын енесі, қайын атасы, қайын іні-сіңлілері болады, солардың әрқайсысының көңілін тауып, үй шаруасын дөңгелетіп жүрген келіндер қаншама, соларға медаль беріп қою керек шығар?))) Сіз қалай ойлайсыз?


Теги:

СЕМЬСНОХИСВЕКРОВКИОТНОШЕНИЯ  



Bukvus

Поделиться:


Популярные блоги




Инкар
Инкар

Всего постов — 27

Алдияр Аниятулы

3 года 4 месяца




1 179
+0