Өмір, өмір... Өмір, өмір...
1 минута - 28.12.2015, 07:38
Өмір, өмір...

Өмір, өмір...

1 минута - 28.12.2015, 07:38

Өмір,өмір!

Өмір деген -тоқтаусыз уақыт өтпелі,

Бар оның келер болашағы мен өткені.

Өмір-ол кундер,айлар мен жылдар, ғасырлар,

Жазы мен қысы,күзі бар және көктемі,


Өмір, өмір!

Өмір деген уайымсыз өткен балалық,

Ойын қуып,дала кезіп, әр істе бар шалалық.

Өмір деген жастық шағың, жалындаған жас шағың

Махаббат толы, қызыққа толы ,өте шығар қас-қағым.


Өмір, өмір!

Өмір- курес,жанталас.

Бақыт іздеп, шаттық іздеп, базар ма деймін, қарбалас.

Қуанышы бар,қайғысы бар, әр нәрсенің құны бар,

Шамасы келсе,пейілі жетсе, алады әркім, жоқ талас.


Өмір, өмір!

Өмір деген- өкініш өртер өзекті,

Бәріне берер бақыт бар,тек күту керек кезекті.

Өмір ол біреуге бақыт, біреуге қайғы әкелген,

Амал нешік,зуылдап өткен уақытты кім тежепті?


Өмір, өмір!

Өмір деген- узақ жол ма бітпейтін?

Жолаушысы өзіміз, ешкімді ешкім күтпейтін?

Ұзақ жолда кездеседі сан мың түрлі ғаламдар,

Түзү жолмен жүріңдерші, адаспаңдар, Адамдар!


*Редакция не изменяет орфографию и стиль авторов.


Menu
×