Елуден кейiн де махаббат бар Елуден кейiн де махаббат бар
4 минуты - 11.05.2016, 14:56
Елуден кейiн де махаббат бар

Елуден кейiн де махаббат бар

4 минуты - 11.05.2016, 14:56

Кеше ғана орыс тiлiнде осы тақырыпты қозғаған болатынмын. Ал қазiр соны толықтағым келiп отыр.

Мен тұрмысқа шыққанымда келiн болып түскен әулетте өңкей "бiрсүйер" кiсiлер екен. Махаббаттары мықты болғаны соншама жылдар бойы жалғыз өмiрсүрiп келедi екен аға-тәтелерiмiз. Әрқайсысына арнап бөлек пост жазғым келедi. Ал бүгiн қайын атамның iнiсi туралы жазамын.

Менiң есiтуiмше, жас кезiнде ағамыз өте қатты ғашық болған, сөйтiп үйленемiн деп үй iшiне айтады, бiрақ әке-шешесi, бауырлары "қоя тұр, үйдiң шаруалары бастан асып жатыр" деп, үйленуiне қарсы болады. Бiрақ ағаға бұл қатты тиедi, қайдағы бiр шаруаларды деп оның тағдырын осылай оңай шеше салғаны ма?! "Қазiр үйленбесем, ешқашан үйленбеймiн" деген ағаның сөзiне ешкiм көңiл бөлмейдi. Той болмайды. Бiрақ содан соң аға шыныменде үйленбейдi.

Отыз жыл бойы ол жалғыз жүредi.

Мен тұрмысқа шыққан күннен бастап, осы күнге дейiн, ағамыздың бiзге тиген көмегi зор. Ол жалғыз, бала-шағасы болмағандықтан ба, менiң балаларыма мейiрiмi қатты түстi. Сөйтiп, бiр мәселе болса, мен "аға" деп iздейтiнiм де дәл сол кiсi. Өйткенi, жолдасым үнемi жұмыста.

Көп уақыттан берi ағамызды қатты уайымдап жүр едiм, қартайған шағында жалғыз болмаса екен деп. Осылайша, мен ағамды бiр өте сыпайы, жақсы, өзi сияқты жалғыз өткен келiншекпен таныстырайын деп шештiм.

Ағамды ашық әңгiмеге шақыру маған өте қиын болды, өйткенi ол менiң үлкен қайын ағам ғой. Келiнге мұндай әңгiме жарамас деп ұзақ толғандым. Ақыры енемнен кеңес сұрадым.

- Бұл әңгiменiң еш ұяттығы жоқ, сөлесiп көр, - деп енем қолпаштап қойды. Сөйтiп, соның буымен, ағамызға өз жоспарымды жайып салдым.

Ол күлiп отырып тыңдады.

- Менi уайымдағаныңа рақмет, бiрақ мен ол жанды кездестiрдiм, - дедi.

Мұны есiтiп, мен қатты қуанып қалдым, бiрақ сұрақтың астына алудан ұялып, ары қарай ештеңе сұрамадым.

Сол әңгiмеден берi жарты жылдан көп уақыт өттi. Ағамыздың жұбымен бiрiншi танысқан мен болдым.

Бiздiң қоғамда көп адамдар елуден асқан соң жаңа отбасы құруға асықпайды, өйткенi ұялады, ел не дейдi деп қысылады. Бiрақ менiң айтқым келетiнi - әр адам бақытты болуға лайық. Сондықтан, үлкен кiсiлер ұялмай өз жұптарын тапса екен. Менiң жеке ойым мен пiкiрiм.

Ал қазiр ағамыздың көзiндегi пайда болған отты көрiп, жас балаша қуанып жүргенiн көрiп, көңiлiм жай тауып, мен де бiр күштi күй кешiп жүрмiн. Өз әкемдей силайтын және жақсы көретiн ағамның жүзiнен осы бақыт кетпесе екен деп Алладан iштей тiлеп отырамын.

Жақында той тойлаймыз деп мен мәз мейрам болып жүрмiн. Қандай керемет күндер өтiп жатқан. Көңiл бөлiп, оқығандарыңыз үшiн рақмет.


Популярные статьи и новости

Menu
×