02.10.2020 05:27

Декреттен соң сенімділікті жетістікке ұластыру

3 қадам

Барша әйел затының өміріндегі ең керемет кезеңі шаңырақ көтеріп, ана атану. Отбасын бір қолымен тербетіп, әлемді екінші қолымен тербететін аналарымыз аман болсын. Заман қазір зулап өтіп бара жатқан поезд секілді. Кейде декрет барысында келіншектер өздерін жоғалтып алады.

Ал бүгін біз 3 қадам арқылы бойдақ күндегі энергияны қайтарып, сенімділікті арттырып, үйге де, өзімізге де уақыт бөлуді әңгіме етеміз.

1 қадам

Күйбелең тіршілік, қарбалас шаруалар, күн сайын қайталанатын бала күтімі, тамақ пісіріп, үй жинау, отбасы мүшелерінің бәріне көңіл бөліп үлгеру әйел адамды жәй ғана шаршатып қана емес, өмірге деген құштарлығын сөндіреді. Қайталана беретін шаруа кімді болса да шаршатады. Бірақ, шешімі бар екенін еске алайық.

Өмірді қайта сүйіп, бақытты ана, сүйікті жар болып жүрудің бір жолы - ол режим орнату.

Күнделікті режимге үй шаруасы мен бала күтімінен бөлек өзіңізге уақыт енгізіп қойыңыз. Уақытылы ұйықтап, кейде өзіңіз ұнататын дүниелерге аз да болса зейін қойып, сұлулық күтіміне кіріссеңіз, спортпен айналысып, дене пішімін қалыпқа келтіруді бастасаңыз сеніміңіз пайда болады әрі ерекше қуанышты күйде жүресіз.

2 қадам

Сенімділікті арттыруға, оны үнемі ұстап тұруға бізге білім көмектеседі.

Декретте отырған кезеңде, сіз уақыт жоғалтып жатқан жоқсыз - асықпай өмірден шынайы рақаттанып, әрбір күннің кереметтігін байқайтын кез, балаңыздың алғашқы тәй-тәйін көріп, алғашқы сөзін естіп қуанышқа бөлінетін кез. Және де бұл өсу кезеңі.

Тұрмысқа шықпай тұрып, оқып көргіңіз келген курстар мен марафондарға жазылып қойыңыз. Тоқу, киім тігу немесе тәттілер пісіру декреттің қызықты бөлшегіне айналсын. Жоғары біліміңізді жалғастырсаңыз болады, аспирантура, магистратура, докторантура қорғаңыз.

3 қадам

Біз өзімізге күтім жасағанда және нәтижесін көргенде, қуанышқа кенелеміз. Білім алып, сенімділікті арттырамыз. Ал енді басты қадамды талқылайық. Декретте отырған көп келіншектер хоббиді қолға алып жатады. Ал егер хоббиді монетизацияласақ табысты боламыз. Бұл отбасының бюджетіне үлкен қосымша болмақ.

Декретте отырып, өзімізді жоғалпайық. Сұлу ана болып, хоббиімізді сүйікті жұмысымызға айналдырып, әрдайым оқып, даму үстінде болайық. Заман талабына сай супер-келіншек аталып, өмір қасымыздан өтіп емес, өмірді шынайы сүріп өтейік. Барша әйел заты бақытқа лайық.

Фото: pexels.com

Поделиться

Как найти дело своей жизни

Согласно исследованиям, многие люди занимаются не тем, чем хотелось бы, не любят свою работу или достигли пика в своей карьере и мечтают зарабатывать совершенно другим делом. Подробнее

Права работающих беременных женщин

Ожидание малыша – прекрасное время, особенно если окружающие, в том числе и работодатели, относятся с пониманием к «интересному» положению женщины. Многие работающие беременные женщины не знают о том, что у них есть не только обязанности, но и права. Подробнее

Пособия по беременности и родам в разных странах мира

Будущих родителей закономерно волнует денежный вопрос. Приобретает актуальность система получения пособий и декретных отпусков, но тут стоит признаться, что в Казахстане для многих семей положенной суммы пос Подробнее