18.11.2022 08:17

Мені “Есірткі берді”,- деп айыптады. Бала күтушінің күнделігінен естелік

Мен көп жылдар бойы бала күтуші болып жұмыс істеп келемін. Менің әр жылым, тіпті әр күнім бір-біріне ұқсамайды. Себебі жұмысым арқылы өзіме жақын болып кеткен екінші балаларым мен олардың отбасын кезіктірдім. Әр адамнан үйренген де, жиренген де кездерім болды. 

  Менің жұмыс тәжірбиемде ең қиын бір бала болды. Оның өзгелерге ұқсамаған себебі, оның денсаулығының болмауы және өте ауыр мінезі еді. Сол балаға өзімнің жастық шағымды арнадым.

Алғашында мен бұл отбасына үй қызметшісі ретінде келдім. Ол уақытта бұл үйде менен басқа да үй қызметшілері болды. Олармен алғашқы күнен бастап араласып кете алмай, бөлектеніп жүрдім. Бір күні өзге қызметшілердің: “жұмысқа шықпаймыз, балаларының қиын екенін өздері көрсін. Бізге төлейтін ақшасы аз, оның үстіне біздің денсаулығымызды да құртты”, - деп айтып жатқандарын естіп қалдым. Ол менің шаруам болмағандықтан араласпадым, өз жөніммен екі күндік демалысыма кеттім. Ертеңіне шынымен кешегі ақылдасып жатқан қызметшілер жұмысқа шықпай қалған екен. Содан үйдің қожайындары не істерін білмей, мен келген бойда балаларын маған тастап кетті.

Осы уақытқа дейін қараған балаларымда қиындық болмағандықтан, үй қожайындары «1-2 сағатта жаңа күтуші тауып келеміз,»- деген соң, үйде балалармен қалдым. Шыныменде бала тынымсыз болған еді. Қолымды қанағанша тістеді, ұрды, шашымнан жұлды. Мен соның бәріне төздім. Баланы ойынға айналдырып, бірге ұзақ уақыт өткіздік. Сосын кеш батқанда ұйықтап қалды. Үйдің қожайындары келіп баласын көріп шошып кетті, себебі бала бұған дейін осындай ерте уақытта ұйықтамаған екен.

Сол кезде баланың әкесі менен күдіктеніп, маған жала жапты. Балаға дәрі-дәрмек немесе есірткі берді деп ойлап, баласына сараптама жасау үшін дәргерлерді шақырды. Олар ұзақ уақыт бойы баланы тексеріп, сараптама қортындысын шығарды. Нәтижесінде баланың бойынан ешнәрсе таппады. Менің көңілім орнына түсіп үйге қайтып кеттім. Сол түні бала әкесіне бүгінгі күннің ерекше өткенін және мені бала күтушісі ретінде қалдырғысы келетінін айтқан екен. Үйдің қожайыны менен кешірім сұрап, ертесі күні бала күтуші ретінде жұмысқа алды. Мен бар ынтамды салып, балаға бар мейірімді арнадым. Осы отбасында жұмыс істеген уақытта қаншама қызметшілер ауысты. Тек мен ғана ұзаққа тұрақтап қалдым.

Мен де балаға бауыр басып қалдым. Оның көңілін аулау үшін түрлі ойындар ойнап, үнемі арқалап көтеріп жүретін едім. Біз баламен бірге өстік, өмірін түзеуге тырыстық. Оның денсаулығына байланысты 10-12 мәрте шет елге шығып тұратын едік. Бұл жағдай менің жеке дамуыма да көмектесті. Дегенмен мен араға 6 жыл салып, бұл отбасымен қоштастым. Бұл жылдар менің өмірім мен күнделігімде бағалы уақыт ретінде сақталып қалды.

Бұл өмірлік оқиға “Няня” веб-сериалының негізін қалғанын айта кетейік.

Поделиться

Детский сад или няня: что выбрать? Плюсы и минусы

Ваш малыш уже подрастает, и возникает резонный вопрос: «Детский сад или няня?». В каждом из вариантов есть свои плюсы и минусы. Давайте рассмотрим их, а также прислушаемся к мнению мамы и психолога в нашем материале. Подробнее