27.03.2017 07:55

Көп балалы аналарға берілетін жәрдемақы 2017

Қазақстандағы көп балалы отбасына арналған жеңілдіктер әрқашан өзекті мәселелердің бірі болмақ. 5-6 бала немесе одан да көп бала тапқан әйелдерді мақтанышпен "Батыр Ана" деп атаймыз, бірақ олардың отбасылары мемлекет тарапынан қандайда бір қолд

Қазақстандағы көп балалы отбасына арналған жеңілдіктер әрқашан өзекті мәселелердің бірі болмақ. 5-6 бала немесе одан да көп бала тапқан әйелдерді мақтанышпен "Батыр Ана" деп атаймыз, бірақ олардың отбасылары мемлекет тарапынан қандайда бір қолдау табама? Әрине, көп балалы отбасылар сөзсіз, барлық аз дамыған елдерде сияқты, Қазақстандада жеңілдіктер алады, бірақ берілген ақша толық өмір сүруге жеткіліктіме? Желіде көп балалы анаға берілетін көмек туралы бір-бірінен айырмашылығы көп ақпараттарды жиі байқаймыз: мысалы, біреуінде қомақты қаржы немесе баспанаға ие болған бақытты отбасы туралы айтылса, ал екіншісінде, кейбір себептермен ешбір жеңілдік немесе көмек ала алмаған отбасылар жайлы айтылады.

Сонымен, Қазақстанда 2017 жылы көп балалы анаға арналған  жеңілдіктер бар екенін білуіңіз қажет. Заңға сәйкес, бір үйде 4 және оданда көп  бірге тұратын кәмелетке толмаған балалары бар отбасылар көп балалы болып саналады. Қазақстанда батыр аналар екі түрлі марапатқа ие болады - «Алтын алқа» және «Күміс алқа». Алғаш рет көп балалы аналарды марапаттау жүйесі 1993 жылы еңгізілді.

«Алтын алқа» кем дегенде 10 бала босанған аналарға, ал« Күміс алқа» 8-9 бала босанып, тәрбиелеген аналарға берілген. 2010 жылдан бастап марапаттау жүйесіне елеулі өзгерістер еңгізілді. Енді «Күміс алқа» 6 бала туған анаға беріледі, бірақ 6-шы баласы бір жасқа толған, қалғандары тірі және дені сау болуы міндеттелген.

Ал «Алтын алқа» 7 және оданда көп бала босанған аналарға, жоғарыда айтылған шарттарға сәйкес беріледі. 2017 жылы «Алтын алқа» сыйлығын иеленгендерге арналған жеңілдіктер арналған: пәтер алу мүмкіндігіне иеленеді, мемлекет тарапынан тиісті жәрдемақы алады және коммуналдық төлемнен босатылады.

Ал «Күміс алқа» иегерлеріне қаражат жергілікті бюджеттен төленеді. Төрт және оданда көп балалары бар отбасына берілетін жәрдемақы көлемі - 8000 мың теңге. Сыйлықтың біріне иеленгеннен кейінгі жәрдемақының ай сайынғы құны 12000 теңгеге дейін көбейеді. Сондай–ақ, марапатқа ие болған аналар көлік, жер салығынан және белгілі бір жағдайларда мемлекет салығын төлеуден босатылады.

Сыйлыққа ұсыну үшін қажетті құжаттар:

ЛЬГОТЫ МНОГОДЕТНЫМ СЕМЬЯМ В КАЗАХСТАНЕ -  Статья на русском

Поделиться