Жент - қазақ халқының талқанынан жасалынатын ұлттық тағамдарының бірі. Ол өте дəмді, құнарлы əрі тойымды десерт. Оны салқын жерде сақтау керек. Женттің жақсы қасиеті оның ұзақ сақталуында.

Дайындау тəсілі:

1. Егер сіз тары қолдансаңыз оны қосымша қуырып алған жөн және үккішпен үгітіп алыңыз. Немесе дайын талқан қосыңыз.

2. Майды ерітіп оған қант қосып араластырасыз.

3. Егер сіз мейізді ұнатсаңыз жентке мейіз қоссаңыз болады.

Осы заттардың бəрін қосып жақсылап араластырыңыз. Қалыпқа (форма) салып жарты сағат тоңазытқышқа қойыңыз. Жарты сағаттан соң жентті қалауыңызша бөліп дастарханға қоюға болады.

Назарыңызға женттің тағы бір түрін ұсынамыз. Ол үшін:

. Талқан немесе жарма (қуырылып үгітілген тары) - 1 стақан
. Жаңғақ-фундук және миндаль - 100 гр
. Қант - 3 ас қасық
. Ванильді қант - 1 шай қасық
. Қолдың майлы айраны - 3-4 ас қасық

Дайындалуы: алдымен жаңғақтарды ұсақтап бөліп алады. Бір ыдысқа талқанды, қантты, ванильді қантты салып үстіне айранды құяды, жақсылап араластырады да беті жабылатын бір ыдысқа құйып (қоспа кукуруз ботқасы сияқты қоймалжың болу керек) бетін тегістеп, нығыздап жауып, тоңазытқышқа 30 минутқа қояды. 30 минуттан кейін тəрелкеге төңкеріп саламызда бетіне ұсақталған жаңғақты қойып безендіреміз.

Женттің тағы бір түрі:

. Тары немесе бидай, талқан - 300 гр
. Үгітілген печенье - 100 гр
. Сары май - 2-3 ас қасық
. Бал - 2-3 ас қасық
. Сəндеуге шоколад

Талқанмен үгітілген печеньені құрғақ күйінде араластырады. Сосын ерітілген бал мен сары майды құйып жақсылап араластырады. Жентті үлкен кесеге тығыздап салып, тəрелкеге төңкереді. Үстін қалауыңызға қарай сəндейсіз (шоколад сеуіп). Ең бастысы көз тартымды етіп жасасаңыз, мерекелік дастарханның сəнін келтіреді, жəне ешбір чизкейк, тирамисулерден кем түспейді.

Популярные статьи и новости

×