Төрт жастағы ұлым маған 'сiз' деп айта бастады Төрт жастағы ұлым маған "сiз" деп айта бастады
2 минуты - 14.03.2016, 09:22
Төрт жастағы ұлым маған 'сiз' деп айта бастады

Төрт жастағы ұлым маған "сiз" деп айта бастады

2 минуты - 14.03.2016, 09:22

Мен өз әке-шешеме әрдайым "сiз" деп айтамын. Бiз солай өстiк. Әкем мұндайды қатты қадағалап отыратын. Ал жолдасымның отбасында бәрi басқаша - улкенi де, кiшiсi де бiр бiрiне "сен" деп сөйлейдi. Менiң ойымша, мұнда бiр жаман ештеңе жоқ сиякты. Бiлмеймiн, бұл тұрғыда әркiмнiң ойы әртүрлi. Қазақта үлкендерге сый-құрмет көрсетiп, "сiз" деп жатады. Ол да, әрине, дұрыс. Бiрақ қазiр заман басқа. Кiм қалай қаласа, солай сөйлей бередi.

Мен осы күнге дейiн менiң балаларым да "сен" деп сөйлейтiн шығар деп ойлап жүретiнмiн. Соңғы үш-төрт күнде төрт жастағы үлкен ұлым Арсен менi таң қалдырып жүр. Маған келiп, мама сiз... деп бастайтын болыпты айтар сөзiн. Мен үшiн бұл қызық, "сен-ге" етiм үйренiп кеткен - оғаштау естiледi екен.

Үйде тек мен ғана және енеме ғана "сiз" деп сөйлеймiн. Бiрақ менiң әке-шешем апта сайын келiп тұрады қонаққа. Мүмкiн сол кездегi менiң сөздерiме қарап, ұлым анализ жасайтын болар. Қазiргi заман балалары анализ жасағанға өте шебер.

Бәрiн уақыт көрсетер деп мен үндемей жүрмiн. Бiрақ, шынымды айтсам, "сiз" дегенi дұрыс болса да, маған көбiрек "сен" дегенi ұнайтын. Осы ойым қате сияқты, бiрақ арамыз жақынырақтай өзiмдi сезiнемiн "сенсiреген" ұлыма қарап.

Арсен қалай айтып бастаса, кенжем Асланым да солай айтарына еш күмәнiм жоқ.

Сiз қалай ойлайсыз, заман ағымына сай "сен" жақсы ма, әлде өзiмiздiң қазақи "сiз" жақсы ма?


Menu
×