

Әке
Әкем менің - еңбекқор, шыншыл адам,
Тік мінезді,өте бір сыншыл адам.
Өмірде көрген, білген,түйгені көп,
Тыңдай білген адамға сыршыл адам.
Әкем менің - ақылды, арлы адам,
Бағалауды уйретті барды маған.
Әкем менің білімді бағалаган,
Әкем менің - түйсікті, саналы адам.
Жастайымнан баулыған мені еңбекке,
Қиындықпен күресіп тек жеңбекке.
Кішілікке уйретті ,жақсылыққа
"Білім ізде!"- демепті тектен-текке.
Әкетай, ерке қызын қазір ана,
Есейіп кеткендеймін қазір ғана.