Үнемдеудің 5 тәсілі


Үнемдеудің 5 тәсілі


Балаға сәйкес шығынды қайтіп үнемдеуге болады?

 

Қазіргі заманда әр ата-ана өз баласына ең жақсысын армандайды: азық-түлік, тамақ, киім-кешек, білім және жайлылық әдістері. Бірақ адамның мүмкіншілігі шектеулі болғаннан, қалайтындардың бәрін ата-ана өз сәбиіне бере алмайды. Дегенмен, менің ойымша кейбір мәселелерде сәбиге ең жақсы саналатын нәрселер қажет емес. Сіздің назарыңызға үнемдеуге сәйкес өзімнің күнделікті қолданатын іс әрекеттерім:

 

1) 6 айдан бастап сәбиімді тосатын болдым. Сол себептен үйде болғанда жөргек кигізбеймін. Осы көктемге дейін күнде оның киімдерін кір жуатын машинаға жуғызатынмын. Көктемнен бастап қызым жөргекті тек түнде киетін болды, сол себептен кір киімді сабынды суға 2-5 сағатқа суландыруға саламын. Осы әрекетпен мен жазғы жеңіл киімдерді күнінде өзім жуғанымда, бөпемді тезірек дәретке уйретуге деген талпынысым көп. Сөйтіп үйдің электр қуатын, суын және жөргекке жұмсайтын ақшаны үнемдеймін.

 

P.S.: Қызым балалар алжапқышын киюді қаламайтыннан сурет салғанда немесе кейбір жеміс-жидектерді жегенде, мысалға анар жемісін, мен оған сәйкес ішкөйлек киемін. Келесі кезде сол жуылмаған ішкөйлекті кигіземін.

 

2) Баланы уақытында үлкендердің тамағына үйрететін болдық, сол себептен үйден қонаққа, мейрамханаға, сыртқа еркін шыға аламыз. Шыққанымызда өзіммен бірге су, жидек және печенье аламын. 8 айдан бастап мен қызымның тамағын блендер арқылы өткізуді тоқтаттым. Себебі, блендерді жууға жалқаумын. Әйтсе де, қазір екі түрлі тамақ пісіруге, және тамақты блендер арқылы өткізуде еш керектілік жоқ. Бұл әдіспен мен өз дорбамның бос жерін, уақытымды үнемдеймін.

 

3) Кішкентайынан бастап түрлі дүкенде сататын шырындарды бермейтін болдым, тек су ішуге үйреттім. Кейбір кезде өзім үйде кисель және компот пісіремін, алайда қантты көп қоспаймын. Дегенмен, баланы су, сүт немесе айранға үйреткен кезде, баланың аллергияға және асқазан ауруларынан сақтануына себеп болуға бәлкім.

 

4) Дала жылы, жап-жасыл ағаш пен шөп өсіп, көктемнің гүлдейтін мезгілінде біз балалар жетілдіретін мекемеге баруын тоқтаттық. Оның орнына қаланың парк, зоопарк, жағажайларын аралаймыз. Алайда үйде отырып біз ұсақ моторикаға арналған, есту жадын қалыптастыратын, жаңа сөз бен сандарды жаттайтын, бояу және пластилинді жұмсату сияқты жаттығуларды орындаймыз. Оның бәріне керек заттар әр үйде бар. Мысалға, моторикаға арналған жаттығулар: үрме бұршақты бір-бірден бала саусағына алады да, аузы тар шыны ыдысқа лақтырады.

 

5) Көптеген емізгектерді шкафтың алыс жеріне қойдым, себебі жарты жыл бойы суды күбіден (баклажкадан) ішеді. Емізгекті әр күні жуып, шайып одан кейін стерилдеуді мен жаман көретінмін.

 

Баланы уақытына сай нәрселерге үйретуге мен әрдайым тырысамын. Себебі ол әрекеттер менің және бөпемнің өмірін жеңілдетеді.

 

 

*Автордың тілі және стилі сақталған

 

Продолжение статьи читайте ниже ⇓





Поделиться:


Популярные блоги






Diana Bakbergenova
Diana Bakbergenova

Всего постов — 5

Айзере

47 лет 7 месяцев


 1 426
+0