empty image Ұлымның қызықтары
2 минуты - 25.03.2015, 03:32
empty image

Ұлымның қызықтары

2 минуты - 25.03.2015, 03:32

Бәріңізге сәлем!

Тағы да мен, семьямда болған кызық оқиғаларыммен.

 

Кіші ұлымыз үлкейіп қалды, қазір ол екі жастан асты. Кішкентай кезінен жарнаманы жақсы көреді. Барлық балалар солай шығар. Жарнаманың дыбыстарын естісе, қай жерде болса да, соған жүгіріп келеді, қазір кішкене басылды, бірақ әр кезде қарайды.

 

Бір күні әкесіне келе жатыр екен, қолында ойыншық - автокөлік, соны әкесіне көрсетіп:

 

- Сіз армандаған автокөлік алған екенсіз ғой (Вы купили автомобиль мечты)! – деп, әкесіне беріп жатыр екен.

 

Үлкен ұлымыздан сұрасақ, ол мама жарнамадан ғой - деп, бізді күлдіріп жіберді.

 

Ұлымның қызықтары

 

Бір күні бәріміз кешкі тамақ ішіп отырмыз, теледидар қосылып тұрған еді (жолдасым тамақ ішкенде жаңалықтарды қарайды), жаңалық бітіп, содан кейін жарнама басталды. Кіші ұлым орындықтан тұрып бара жатыр екен:

 

- Ұлым қайда бара жатырсың? – деп, сұрасақ.

 

- Тұра-тұрыңыздар, мен билеп алайын! – деп, тұрды да жарнаманың музыкасына билеп, содан кейін тамақ ішуді жалғастырды.

 

Біздер күлмей, қандай тамаша билейсің! - деп, назар аудардық. Соған мәз болып, салып берген тағамды қалдырмай жеп қойды.

 

Ұлымның қызықтары

 

Баланың аты бала, балаларымыз бақытты болса, біздер де бақыттымыз!

 

 

*Автордың тілі және стилі сақталған

 


Популярные статьи и новости

Menu
×