Бала тілі балдай
Кішкентай кезімде менде театралдық әртіс боламын деген арман болған. Бірақ арманым сол күйінше қалды, қазір сол арманымды мен үлкен ұлымнан көріп жүрмін. Кішкентай кезінен ол өте жақсы ұқсатып әр көрген мультфильмнің батырларын (геройларын) салады. Дауыстарын және қылықтарын көрсетеді. Балабақшаға барып жүргенде өзінің достарының қылықтарын көрсетіп келетін еді. Енді қәзір де, мектептен келгенде, сыныптас оқушылардың қылықтарын маған қайталап жүр.
Бір күні:
- Мама мен саған көрсетейін бе, қалай сен ініме тамақ беріп отырдың, - деп менен сұрады.
- Көрсете ғой, жаным, - деп мен де қызығып қалдым.
Содан соң ұлым көрсете бастады, сен тамақ беріп отырғанда сенің бетің (жымиып) мынандай болды, - деп мені көрсетті, әкемнің беті (ойланып) мынандай болды, мен былай (қуанып) тұрдым, әлгі менің інім былай (рахаттанып), мынандай бетімнен сүйіп жатты, - деп, біздерді күлдіртіп жіберген.
Мен өзім ішімнен ойлаймын, біздің ұлымыз үлкен театралдық азамат болады ғой деп:))
Әлгі кіші ұлымыз да артта қалып жүрген жоқ, ағасынан көргенінің бәрін кайталап көрсетеді де, айтады да.
Қазір сөйлеп жүр, сөйлегені біздерге соңдай қызық. Бірнеше қызықтарын жазып жіберейін.
Өзі екі жарым жаста болса да, гаджеттерді біледі, саусағымен жүргізу екенін біледі. Ағасының планшетімен ойнауды жақсы көреді, бірақ біздер оған көп рұқсат етпейміз. Ағасы інісінен тығылып көрсетпей ойнайды. Бір күні ұлым іздеп жүр екен, дауысын жіңішкертіп (біздер байқап жүрміз, бірдеме сұрағысы келгенде, дауысын солай жіңішкертеді): Менің сүйікті планшетім қайда, - деп бәрмізден сұрап шықты. Сол планшетпен ғаламтордан ағылшын тілін үйреніп алды, өкінішке орай, қазақ тілінде тек санауды-сандарды біледі. Ағылшын әріптерін біледі де, таниды да. Ағылшын сөздерді көрсе, бар әріптерін айтып береді. Ағылшын сандарын біледі.
Бір күні ұлым Даша путешествинница деген мультхиқаяны қарап, содан соң барып сандармен ойнап жүр екен, біраздан кейін қарасам, бөлмеде жүгіріп жүр екен.
- Секс жоқ, секс жоқ, - деп, маған келді.
- Балам, не жоқ, - деп мен қайта сұрадым.
- Секс жоқ, - деп ұлым жүгіріп кетті.
Мен ойнап жүрген бөлмесіне барып қарасам, сандарды реттеп қойған, ішінде алты саны жоқ екен. Өзінше ағылшын тілінде алтыны айтып, соны іздеп жүр екен =)
Менің дауысымды көтергенімді жақтыртпайды, кішкене қорқады, жылай бастайды.
Бір күні ойланып: менің ағам қайда? - деп, менен сұрады.
Мен оған: тұра тұр, қазір мен оны шақырамын, ол басқа бөлмеде, бірақ сен қорықпа, - деп, мен кішкене ғана дауысымды көтеріп, үлкен ұлымды шақыра бастадым, содан кейін кіші ұлыма қарап сұрадым: қорқып қалған жоқсың ба?
Ол маған қарап: жоқ мама, әлі (еще нет) қорқып қалған жоқпын, - деп мені күлкідірткен :))
Бір күні екеуіміз даладан үйге келіп, домофонға звондап тұрмыз. Акесі сұрап тұр:
- Кім келді? Ұлым оған: Мен, Аукеша және менің сүйікті анам, ө деп мені аспанға дейің көтеріп жіберді!
Әр жаста балалардың өз қылықтары болады. Дәл қазір, екі жастағы ұлымыздың қызықтарын көріп, соған мәз болып жүрміз!
Ал сіздердің балаларыңыз қандай кызықтарды істейді?
*Автордың тілі және жазу стилі сақталған