Шет ел арналары бiздiң балаларға қалай әсер етедi? Шет ел арналары бiздiң балаларға қалай әсер етедi?
3 минуты - 16.03.2016, 09:43
Шет ел арналары бiздiң балаларға қалай әсер етедi?

Шет ел арналары бiздiң балаларға қалай әсер етедi?

3 минуты - 16.03.2016, 09:43

Асланым туылған кезде Арсенді балабақшаға уақытша жiбермеймiн жеп шештiм, өйткенi үнемi ауырып келетiн - iшi өтiп, немесе дене қызуы көтерiлiп. Әрине, мен Арсенге балабақшадағыдай көңiл бөле алмадым - күнде сурет салып, тақпақ жаттап, ән үйрететiн менде күш те, уақыт та болмады. Сондықтан ол өзi ойнап жүретiн.

Менiң көңiлiм тыныш едi, өйткенi жоспарда баланы үш айдан соң бақшаға қайта беремiн деген ой менi босаңсытып тастапты.

Солай мен кiшкентай Асланмен алысамын, Арсен өз ойыншықтарымен және теледидармен алысады. Келiсемiн, теледидарды көп көрген балаға өте зиян, бiрақ Арсен онсыз ойнамайтын, және iнiсiне тыныштық бермейтiн, өйткенi бар назары балаға ауып кететiн.

Арада екi-үш ай өттi. Мен баламның психикасындағы өзгерiстi байқай бастадым. Ол ашушаң, тез ренжiгiш, тез ызаланғыш болып кеттi. "Бөпеңе тиiспе" деген сөзге былай деп жауап беретiн болды:

- Ештеңе етпейди, Гамбол да (мульттегi кейiпкер) солай iстегенде iнiсiне ештеңе болған жоқ...

Мен бұл кезде ештеңеге мән бермедiм. Кейiн байқай бастадым. Арсен ойыншықтарының басын жұлып тастап, "Титаны вперед" деп айқалайды, немесе пышақ ұстағандай болып "сойып" жатады. Мынау не деген сұмдық?! Мен баламмен бiрге отырып мульттерiн қарадым. Мынау масқараның өзi ғой. Бiрнеше айдан берi ұлым неше түрлi сұмдықтарды көрiп жүр екен.

Ендi теледидарды оған аз көрсететiн болып шештiм. Алғашқы күндерi балам сағаттар бойы жылап, шет ел арналарындағы мульттерiн көргiсi келетiн. Өте қиын болды. Бiрақ мен ұлымның назарын басқаға аударып, оған уақыт бөлiп, екеуiмiз бiрге сурет салып, тақпақ жаттап, қолым тимей жатса, жай сөйлесетiн болдық. Қазiр ол мульттерiн сұрамайды және көңiл-күйi де жақсарды.

Бұл жағдай былтыр жазда орын алған болатын, қазiр де ұлым балабақшаға барған жоқ. Бұйыртса, осы айда қайта барады деп отырмыз. Негiзi, баланың өз қатарымен бiрге араласып өскенi өте жақсы деп ойлаймын. Тек бiздiң жағдайымыз басқа болды - Аслан әлi екпе (прививка) алған жоқ, сондықтан да үлкен ұлымды қыс бойы үйде отыруға мәжбүрледiм.

Айтарым, үйдiң шаруасы ешқашан бiтпейдi, ал балаларым өсiп кетедi, бұл күндер қайта оралмайды, сондықтан балаға жиi көңiл аударып, уақыт бөлу керек екен. Қымбатты аналар, шет ел арналарындағы қауiптi мульттерден балаларымызды қорғайық!


×