Арықтауды неден бастаймыз?
Барлықтарыңызға салем! Бүгінгі тақырып арықтауды неден бастаймыз, сол туралы болмақ.
8 сыныптан бастап артық салмағы бар қыз ретінде, мен бірнеше дүркін арықтауды бастаған болатынмын. Құпия ретінде әрине, ол кезде басқаларға диетадамын деп айтудың өзі ұят көрінетін. Оның сыртында диетада отырмын дегенің, менің артық салмағым бар деп ел жұртқа жариялағанмен бірдей болды. Сондықтан өздігімнен диеталарға да отырып, бірақ аяғы салмақтың оралуымен, не керісінше үстінен тағыда салмақ қосумен аяқталатын. Ол одан да үлкен стресс, сенімсіздік, және басқа да негатив сезімдер алып келетін.
Сондықтан арықтауды диета түрін таңдаудан емес, ең бірінші өте маңызды қадам, өзіңді кешіруден бастау керек.
! Айна алдында тұрып, өз өзіңнен денеңді сондай дәрежеге жеткізгенің үшін, артық килограммдар үшін, түнде тоңазытқыш алдында отырып, стрессті тағаммен толықтырғаның үшін барлығы үшін кешіреміз. Болды өткен зат кетті, 2-3 не 5 жылға қайтіп өзіңе тамақ жеме деп айта алмаймыз ғой, өткенді өзгерте алмаймыз. Болды сенде қазір сен жинаған салмақ. сол үшін өзімізді кешіріп, өткенді ұмытамыз.
! Одан кейін бұл да өте маңызды қадам, өзің үшін арықтау керек. Келе жатқан той, жолдасыңның сұрауы, жазға, отпускке, жаңа жыл, ескі киімге сыю, барлығын ұмыту керек. Мен өзім үшін арықтаймын, өзімнің көңіл күйім көтеріңкі болып, денсаулығым жақсарту үшін арықтаймын.
3 қадам, бірнеше жылдар бойы жиналған артық салмақтан 3-5-10 күнде айырылу мүмкін емес, айырылған жағдайда да, организм шокқа түсіп, не теріңіз салбырап, өзінен кейін түрлі аурулар алып келеді. Ғажайып дәрі жоқ! Түнде ішіп, таң ертең ап арық сұлу қыз боп шығпайсыз. Егер мен 1 айда -5 кг арықтаймын деп, ондай нәтиже көрсетпесем, ол стресс, артық тамақ, артық салмақ қайтып айналып жүре береді. Сондықтан өзімізге уақыт берейік.
Назарсыз сенімділікті қалдырмау керек. Бұл көбіне мен секілді 1001 диета ұстап көргенде пайда болады. Ой қайта толамын, нәтиже бермейді, арықтаған қиын, дәмсіз, тағысын тағы. Бір арықтауға мың сылтау табамыз. Нәтиже өзіме сенген кезде пайда бола бастайды. Ол үшін арықтаған адамдардың нәтижелерін қарай бердім. -10 кг -60 -80 кг арықтаған адамдырдың қолынан келгенде, менің де қолымнан келеді деген сенімдік пайда болды. Мен әліде арманымдағы салмаққа жетемін деген сенімдік бар.
Соңғы айтарым, ортаның маңызы! Осыған байланысты мен жеке видео түсірген болатынмын, сілтеме арқылы өтіп көре аласыздар. Арықтар кезде кем дегенде бір адаммен бірге арықтаңыз. Максималды түрде, майлы тамақ пен, тәтті жегіштер ортасынан алшақ болуға тырысу керек. Өзіңізді арқтап жүрген адамдармен қоршаңыз.
Сіз арықтауды неден бастадыңыз?