Тәрбие түбі - тал бесік Тәрбие түбі - тал бесік
7 минут - 24.05.2016, 05:48
Тәрбие түбі - тал бесік

Тәрбие түбі - тал бесік

7 минут - 24.05.2016, 05:48

Қазір заман басқа, адам басқа, Бұрын біз әке-шешемізден қорқатын болсақ, қазір балаларымыздан қорқамыз. Бала кезінде "бақытты балалық шақ сыйлай алдым ба" деп? Жасөспірім кезінде "Қатты сөз айтсам: суицид жасайды ма?" деп , ер жеткен соң "ел қатарлы той жасап бердім ба?" дегендей тағысын тағылар. Қазір әлеуметтік желілердің барлығында бала тәрбиесі жөнінде ақпараттар толып жатыр. Оның қайсысы дұрыс, қайсысы бұрыс екеніне әркім өзі сарапшы,

Негізі елімізді дамытып, жұртымызды жоғары деңгейге жеткізу үшін білімді, жан-жақты, саналы ұрпақ өсіруіміз қажет. Білімді, қайратты,саналы ұрпақ аспаннан салбырап түспейді, оны біз тәрбиелеп өсіруіміз қажет. Адам бойындағы ең жақсы қасиеттің бірі - азаматтың саналы болуы. Сана - адам бойына туа біткен қасиет, яғни ес,түйсік,қабылдау. Адам баласы жан-жануардан айырмашылығы ойлау қабілеті мен санасында емес пе? Адам санасыз болып туылуы мүмкін емес? Сананы қалыптастырып дамыту қажет.

Әлемдегі ең дамыған мемлекеттердің бірі жапондар, бала тәрбиесінде мынандай ілімді қолданады екен: "Балаңды жеті жасқа дейін патшаңдай күт, он бес жасқа дейін құлыңдай жұмса, он бес жастан кейін досыңдай сырлас". Негізі өте дұрыс, бала бес жасқа дейін сана-сезімі қалыптасып болады, ол жан жағын еш шектеусіз тануы қажет, бала бес жасқа дейін көп нәрсе бүлдіреді, мысалы, сумен, құммен ойнағанды жақсы көреді, сондықтан суды төгеді, шашуға болатын барлық затты шашады, мейлі ол ұн, қант, уйдегі гүлдің топырағы болсын. Қолына қалам ұстап үйренгенде қолы жеткен жердің бәріне сызады, бояйды, ал қайшы ұстап уйренгенде ол қиғысы келген заттын барлығына тәжірбие жасап көреді, ол ақша болсын, мейлі сіздің су жаңа көйлегіңіз болсын. Жапондықтар бұл әрекеттерге куле қараса, бәз біреулер баланы ұрып, бұрышқа қойып жазалауды жөн көреді. Он бес жасқа дейін құлыңдай жұмса дегенімен толықтай келісемін, баланың жасөспірім шағында еш еркіндік бермеуге тырысу керек, бұл уақытта баланы мейлінше еңбекке баулыған дұрыс. Бос уақыты мүлдем болмасын, уй шаруасына көмектессін, сабағын оқысын, қосымша сабақтарға барсын, денесін шынықтырсын, тіптен бос уақыты артылса кітапханаға барып білімін жетілдірсін. Балаңыздың жасөспірім шағындата өзіңізде үнемі ізденісте болыңыз, ол сізден үлгі алады, білмегенін сізден сұрайды. Он бес жастан кейін досыңдай сырлас дегені - бала санасы қалыптасты, білімі жетілді, енді сізге мамандық таңдауда, одан келе жар таңдауда еш қымсынбай оз ойын білдіре алуы,

Қазақтар: "Баланы жастан" - дейді, демек баланы жастайынан тәрбиелеу керек дегені, "Тәрбие түбі - тал бесік" - деген сөз бар, тәрбие қайдан басталады, ошақ алды отбасынан. Бала ес тоқтатақанан ананы сыйлау, әкені құрметтеу, улкенге ізет, кішіге көмек көрсету сияқты тәрбие түрлерін бойына сіңіру қажет. Ұяда не көрсен, ұшқанда соны ілесің демекші балам адал, еңбекқор, жаман нәрседен ада болсын десең, алдымен оз отбасынды тәртіпке келтір. Өзіңді тәрбиеле, өз іс әрекеттеріңе жауап бер. Өзің темекіні бұрқыратып отырып, көңіліңді ащы сумен көтеріп жүрсен балаңа не ақыл айтасың? Көршің бір зат сұрап келсе, бар нәрсені жоқ десең, қай бетіңмен өтірік айтпа дейсің? Баламыз - біздің айнамыз! Тазалыққа уйрет, темірдей тәртіпке уйрет, спортқа баулы, білімге сусындат, балаңның болашағы үшін аянып қалма, атам қазақтың сөзі мірдің оғындай, үш-ақ сөзбен тәрбие берген екен, Жаман болады! Ұят болады! Обал болады!

Жаманмен жолдас болма, жаман нәрсе айтпа, жамандықтан аулақ жур деп жатады. Жақсымен жүрсең жақсы нәрселер көресің, жаманмен жүрсең жаман нәрселерге тап боласың. Жақсы сөз - жарым ырыс.

"Өсек, өтірік айтпа, ұят болады, үлкеннің алдына түсіп сөйлеме ұят болады" - деп өсірген. Қыздарын қырық үйден тиып, ұлдарын "Қоянды қамыс, Ерді намыс өлтіреді"- деп өсіреген халықпыз,Атамыз үш арсыздан аулақ бол деп отыратын, онысы орынсыз күлкі, беймезгіл ұйқы, тойымсыз тамақ. Абай атамның: "Бес нәрседен қашық бол, бес нәрсеге асық бол, адам болам десеңіз" - дегендегі бес нәрсеге ден қойыңыз, олар: талап, еңбек, терең ой, қанағат, рахым. Қашық бол дегені өсек, өтірік, мақтаншақтық, еріншектік және ысырапшылдық. Баланыздың бойына осы бес нәрсені сіңіріп, осы бес нәрседен бойын аулақ ұстап өсірсеңіз балңызды адам қылдым дей беріңіз.

"Құстың ұясын бұзба, обал болады, нан қоқымын баспа, обал болады"- деп баланы жанашырлыққа тәрбиелеген. Адам бойында жанашырлық қасиет болса, қатыгездіктен сақтайды, "Жетімді жылатпа, досыңды сұратпа" - деп, қамқорлыққа, достықта адал болуға тәрбиелеген дана халқымыз.

Сөзімді қортындылай келе не ексең, соны орасың дегім келеді. Болашақ - біздің балаларымыз, саналы ұрпақ өсіруді бәрімізге нәсіп етсін!


Menu
×