Ішіме сыймаймын! (немесе көп балалы анаға ақылсыз сұрақтар қоймаңыздар) Ішіме сыймаймын! (немесе көп балалы анаға ақылсыз сұрақтар қоймаңыздар)
4 минуты - 22.06.2015, 07:19
Ішіме сыймаймын! (немесе көп балалы анаға ақылсыз сұрақтар қоймаңыздар)

Ішіме сыймаймын! (немесе көп балалы анаға ақылсыз сұрақтар қоймаңыздар)

4 минуты - 22.06.2015, 07:19

Мен төрт баланың анасымын. Бұл дегеніміз менде қуаныш пен бақыт үшін себеп 4 есе көбірек деген сөз. Бірақ бұл мен өз балаларымның денсаулығына/бос уақытына/күйлеріне азырақ қам жейді дегенді білдірмейді. Маған сенсеңіздер, дәл осылайша ойлайтын адамдар көп-ақ. Олар маған өзімнің «көп балалығым» туралы қандай орынсыз сұрақтар қоймады десеңізші! 4-ші балаға жүкті болып жүргенімде, танысым: «Атын кім қойғыларың келеді?», - деген сұрағын қойды. Менің жауабымды күтпестен, өзіне өзі жауап беріп те тастады: «Сендер бұған қара терге түсіп қинала да қоймайтын шығарсыңдар, бақандай төртіншісі емес пе» (иә, біріншісі секілді ат қоямыз, осымен болды). Немесе серуен құрып жүргенімізде, бір маматай мынандай пікірін ақтарып салды: «Сен балаларыңның шапқылап, асыр салып жүргендеріне  аспай-саспай қарайсың. Ал мен болсам жалғызымның жайын ойлап, дегбірсізденемін» (әрине, менің балаларым төртеу емес пе, олармен алда-жалда бірдеме бола қалса, несіне уайымдаймын). Әлде міне, тағы бір көрініс: «Балалардың көп болғаны жақсы ғой, оларды күні бойы немен алдарқататыныңды ойланбайтын да шығарсың» (дәп солай, барлығын бір бөлмеге қамай саламын – бір бірін алдандырсын). Соңғы ішіме сыйдырмағаны такси жүргізушінің тығырыққа тіреген сұрағы болды: «Үшінші және төртінші баланы тууға неліктен бел будыңыз, алғашқы екеуі сәтін беріп, ұл мен қыз бала болды ғой?» (күшік пен мысықтың баласы туады деп ойлаған шығармыз).

 Адамдар??!! Үшінші/төртінші нәрестені күту/оның өмірге келуі/оны тәрбиелеу тұңғыш нәрестені күтуден/оның өмірге келуінен/оны тәрбиелеуден несімен ерекшеленеді? Тәжірибе көбірек демесеңіз. Былайша алғанда, дәл солай нәрестеммен кездесетін күнді санап жүрдім, дәл солай оның қандай болатындығын армандадым, дәл солай күйеуіммен баланың аты тақырыбына дауластым! Мен барлық балақандарымның алғашқы тәй-тәй басқан қадамдарына, алғашқы шыққан тістеріне шат-шадыман болып, тіркеп аламын (фото/бейне). Мен барлық жақындарыма балаларымның whatsup-тағы суреттерін үйіп тастаймын. Өзімді қоса отырып, барлығына қызықты болуына есеп құра отырып, ойындар мен сауықтар ойлап табамын. Ағымнан жарылып айтсам, мен бірінші қызыммен жүргенде де абыржып-саспайтынмын, серуен кезінде көше бойлап, оның артынан жүгірмейтінмін, балаларымның ешқайсысымен де басқаша болмаған. Әрі өзімнің ересек балаларымның мектептегі жиналысындағы секілді, кішірек балаларымның жиналыстарында да жылайтыныма сенімдімін. Біз – көп балалы маматайлар – дәл сол бір/екі нәрестенің маматайлары секілді ұябасарлармыз.

Ал жалпы алар болсам – танысқаныма қуаныштымын, көңіл бөлгендеріңізге рахмет)))


Популярные статьи и новости

Menu
×