Өз бақытыңды басқаның отбасынан іздеме, ол жерде сен үшін бақыт жоқ! Өз бақытыңды басқаның отбасынан іздеме, ол жерде сен үшін бақыт жоқ!
8 минут - 11.03.2016, 06:11
Өз бақытыңды басқаның отбасынан іздеме, ол жерде сен үшін бақыт жоқ!

Өз бақытыңды басқаның отбасынан іздеме, ол жерде сен үшін бақыт жоқ!

8 минут - 11.03.2016, 06:11

Он жыл бұрын бір әйел уйге телефон соқты. Ол Мира есімді, еш жерде жұмыс істемейтін, бірнеше рет күйеуге тиіп шыққан әйел екен. Менің күйеуіммен ойнас болғалы 11 жыл өткенін, содан бері олардың  екі жасар Майя есімді қызы бар екенін айтты. Звондаған себебі - араларында үлкен жанжал туындаған. Мира, менің жолдасымның тағы бір ойнасы барын біліп қойыпты. Схема түсінікті: ол Мирамен бірге тұрып жүргенде Кенже деген жаңа ойнас тапқан. Кенже тоқал одан жиырма жас кіші, оқымаған тоқымаған, тәрбие көрмеген, ресторандарға "чайка" болып барып жүрген қыздардың бірі.  Сөйтіп маған жасаған әрекеті өз басына қайтып оралды. Ал мен жайбарақат өмірімді жалғастыра бердім, ажырасқым келген. Жан көнбеді, бірақ ойнастармен жүруін де қоймады. Мен  өзімді ұстадым, тіпті бас қатырмауға тырыстым, балаларымды АҚШ-қа оқуға жібердім, олар бітірді, құдайға шүкір, жұмыс істеді, мен жаңадан уй салумен айналыстым, қысқасы мен жайбарақат толыққанды жұмыс істеп өмір сүруді жалғастыра бердім. Жанның сатқындығына күйзелмеу керек деп шештім. Әкенің жақсысы - жездедей-ақ деген бар. Жан болса өмір бойы құпиялы өмір сүрді, ал мен оған: "сенің сырың белгілі, байқа, бір күні опық жеп қалма", - деп талай рет ескерткенмін. Мираның сыры ашылған соң жолдасыма деген ешқандай сезім қалмаған еді, қайта мен оның сол жүрістері үшін қатты аяйтынмын. Ол Кенже тоқалға бар жақсылығын жасапты, оны оқытыпты, сірә Кенже оның жүрегін жаулап алған секілді, естуімше, ол кәдімгідей жезөкшелікпен айналысқан екен. Кәсіби бар амалдарын қолданған болар, әйтеуір Жанды топ еткізіп қақпанға түсірген.. Ал біздің балаларымыздың оқуына, оларды өсіруге күйеуім еш қатыспады десем өтірік болмас. Кенженің ұлын көпке дейін, бес жасқа келгенше мойындамапты, бірақ кейін мойындап тегін де берген екен. Баланы неге мойындамағаны түрінен белгілі, себебі ол баланың тұқымы басқа екенін бірден түсінуге болады. Мұның бәрін мен қайдан білем? Маған ол өзі айтып берді. Ол қазір де күдіктенеді.

 Осыдан бір жарым жыл бұрын, Жан, таңертеңгілік Кенженің уйінен шығып, жұмысқа бара жатып, жолдан өте бергенде машина қағып кетіп, бір ай бойы өлім халінде комада жатты. Сол кезде барлық картина ашылды. Сол кезде Кенже тоқалдың сыры ашылды, ол ауруханаға жүгіріп бара берді, "ауруханадан соң мен оны уйге алып кетейін" - деп сұрады, мен онымен келістім, ауруханадан өзім шығарып, Кенже тоқалдың уйіне өзім апарып тастадым да, Жапон елінде тұратын балаларыма кеттім. Хабарласып тұрдық, еміне, сиделкасына, дәрілеріне қатысты барлық қаражаттарды балаларыммен бірге көтердік. Бірнеше ай өткен соң Кенже тоқал жылай бастады: "мен жаспын, тұрмысқа шығуым керек"- деген сөздерді айта бастады. Себебі, ол құлан таза айығып кетпеді, мүгедек болып қалды, ақша таппады, Кенженің махаббаты таусылды! Сөйтіп  Кенже тоқалдың өлшеулі де шектеулі сатылмалы махаббаты таусылып қалды. Міне содан бері оны өзім қолға алдым, үзбестен емдеп, реабилитация жасап келеміз.

Ал Кенже әлі күнге дейін басқа еркек таппады, ол енді таба алмайтын да шығар, себебі, ол өз бақытын басқа біреудің отбасынан іздеді... Сондықтан аракідік менің жолдасым туралы білгісі келеді, "мүмкін жазылып кетер" деген үміт шоғы да бар шығар.  Бірақ "жазылып кетсе өзі-ақ жүгіріп келеді" - дейтін көрінеді, демек, сенімі мықты. Менің Кенже тоқалым профессионалка. Бүгінде ол туған әпкесі бас дәрігердің орынбасары болып істейтін Алматыдағы 15 емханада оператор болып істеп отыр. Мира тоқал болса, алимент жаулауға арыз беріпті, одан мен "ұялсаңшы, кезінде менен менің балаларымнан оны тартып алмақ болып тырыстың, баласыз бедеу едің, бала тудың, енді сен қайта өз күнәңді жуып, оған жәрдем берудің орнына мұның не, ол менің күйеуім деген құр аты ғана, маған одан өткен көк тиын да жоқ, балаларыма да өткен жоқ, бірақ біз оны емдеп жатырмыз, шығынын көтерудеміз. Қашанғы жұмыс істемей отырасың, еңбек ет, қызыңды өзің бақ, біз онсыз да Жанды емдеумен әлекпіз, саған алимент төлеуге шамасы жоқ, ол бізге мүтуалды қазір"- деп арызын қайтардым. 

Біздің жағдай осы. Айтайын дегенім, бұл фәниде барлық істің жауабы бар. Адам өз бақытын құдайдан тілеп, еңбек етіп әрекеттенуі керек. Басқаның отбасын ойрандап бақыт таба алмайсың. Құрметті оқырман жұртшылық, қыздарыңыздың осылардай ұятсыз арсыз болмауын қаласаңыздар - бала тәрбиесімен айналысыңыздар. Балаларыңызды туған бойдан білімге баулып, дұрыс тәрбие-өнеге көрсетіңіздер. Өскенде өздерінше еңбек етіп адал нанын тауып жеп, қоғамға пайдалы болатын адам тәрбиелеңіздер. Олай болмаған күнде олар өзге отбасылы, бала-шағасы бар, қалталы адамдардың соңына түсіп, солардан пайда көріп күн көрсем деген далбаса өмір сүретін болады. Бұл да надандық, қараңғылық. Бақытсыздық. Осы жағдай туралы мен көп ойландым, мұндайлар қазір өте көп, содан мен де бұл мәселені қоғам алдына көтеріп, бала тәрбиесін дұрыс жолға қоюға ат салысуға кірістім. "Менің балам бақытты ма?" атты кітап жазып шығардым. Сол кітабымды сіздерге ұсынамын. Бүгінгі күні бала тәрбиесі - ең басты іс болуы тиіс. Әйтпесе надандық пен қараңғылыққа бата береміз.


Еще по этой теме
Menu
×