Сіздің балаңыз қандай?
Үнемі сыналатын ортада өскен бала – айыптауды үйренеді;
Көп келеке болған бала – сенбеуді үйренеді;
Қастықты сезінген бала – дүниенің жаман жағын ғана көруді үйренеді;
Жауыздық ортасында өскен бала – қатыгез болуды үйренеді;
Түсініспеушілік ортасында өскен бала – басқаларды естімеуді үйренеді;
Үнемі алдаусыратылған бала – өтірік айтуды үйренеді;
Қылығы бетіне басыла берген бала - өзін кінәлі сезінуді үйренеді;
Бірақ:
Үнемі қолдау көрген бала – қорғауды үйренеді;
Басқалардың үміт артатынын көрген бала – сабырлы болуды үйренеді;
Қауіпсіздікті сезініп өскен бала – сенуді үйренеді;
Мақталатын бала – өзіне сенімді болуды үйренеді;
Шынайы қарым-қатынасты сезінген бала – адал болуды үйренеді;
Сүйіспеншілік ортасында өскен бала – жақсы көруді және махаббат сыйлауды үйренеді;
Таңдау еркіндігі болған бала – жауапкершілікті үйренеді;
Ал сіздің балаңыз қандай? Не үйретіп жүргеніңізді анықтау оңай...