Махаббат неге көр соқыр? Махаббат неге көр соқыр?
4 минуты - 06.05.2016, 12:26
Махаббат неге көр соқыр?

Махаббат неге көр соқыр?

4 минуты - 06.05.2016, 12:26

Баяғыда, жердің бір жерінде адамға тән барлық сезімдер мен қасиеттер жиналыпты.

- Келіңдер, жасырынбақ ойнайық ! - деп ұсыныс жасапты.

Ессіздік ойынның шартын түсіндіреді. Шарт бойынша, біреу көзін жұмып, миллионға дейін санайды, қалғандары осы уақыттың ішінде жасырынып үлгеруі керек екен. Кім соңғы табылса, келесі жолы сол көзін жұмады.

Құлшыныс Масаттанумен билей жөнеледі, Қуаныш секіргені соншалық, Күмәнді ойнауға көндіреді. Тек ештеңеге қызықпайтын Апатия ойнаудан бас тартады, Шындық жасырынбады, өйткені ол түптің түбінен де шығып қала беретін. Тәкаппарлық бұл ақымақтардың ойыны деді, өйткені оны өзінен басқа ештеңе қызықтырмайтын, Қорқақтық тәуекел ете алмады.

Ессіздік бір, екі, үш деп санай бастады.

Ең бірінші Жалқаулық тығылды, ол жолдың бойындағы жақын жатқан тастың артына жасырына салған еді.Сенім көкке самғады, Қызғаныш өз күшімен ең биік ағаштың басына шыққан Салтанаттың артына жасырынды. Адамгершілік көпке дейін жасырынатын орын таба алмай әуре болды, өйткені әрбір жасырынғысы келген орынды достарына лайық деп ойлады. Мөлдір таза су - Сұлулыққа, ағаштың жырығы - Қорқынышқа, көбелектің қанаты - Құмартпаздыққа, желдің есуі еркіндік үшін, ол сонымен күннің сәулесінде бүркемеленді. Менменшілдік тек өзіне ғана жылы жұмсақ, жайлы орын тапты. Өтірік мұхиттың түбіне жасырынды.( Шынында ол кемпірқосақта отыр еді). Құмарлық пен Тілек жанартаудың өзегіне тығылды. Ұмытшақтық есімде жоқ, ол маңызды емес.

Ессіздік 999999 деп санап жатқанда, Махаббат жасырынатын орын іздеп әлі жур еді, барлық орын бос емес екен. Бір кезде Махаббат әдемі қызғылт раушан бұтасын көреді, соның әдемі гүлдеріне барып жасырынады.

Ессіздік миллион деп санап бітеді.

Әрине, ол бірінші Жалқаулықты тапты, кейін Қудаймен таласып жатқан Сенімді естиді, Құмарлық пен Тілекті жанартаудың дірілінен тауып алады. Содан соң Қызғанышты көріп, Салтанаттың алыста емес екенін біледі. Менменшілдікті іздеу қажет болмады, ол жасырынған жер аралардың ұясы екен, кутпеген қонақты олар қуып жіберіпті. Ессіздік шөлдеп су ішуге барғанда Сұлулықты көреді, Күмән дуалда әлі күмәнданып отыр екен, дуалдың арғы беті ме, бергісі ме деп. Солай ол бәрін тапты. Талант жасыл шөпте, Өкініш қараңғы үңгірде, Өтірік кемпірқосақта, (шын негізінде мұхиттың түбінде болған).

Махаббатты табу өте қиынға соқты, әрбір ағаштан, әрбір бұлақтан, таулардың шыңынан, теңіздердің суынан іздеп таба алмады. Әбден шаршағанда Ессіздіктің көзі әдемі қызғылт раушан бұтасына түседі, ол қарамақшы болып бұталарын жылжытқанда Махаббаттың жан дауысын естиді, сөйтсе, ол раушан гулінің тікенектерімен Махаббаттың көзін жарақаттап алыпты. Ессіздік есі шығып, не істерін білмей, Махаббаттан кешірім сұрады, жылап жалбарынды, өзінің күнәсін жуып шаю үшін Махаббатты өмір бойы жетелеп өтуге уәдесін берді.

Міне, содан бері Махаббат көр соқыр. Ессіздік оны үнемі жетелеп жүреді.


Материал ғаламтордан алынған, аударған - Мазатбекова Іңкәр.


Menu
×