Астанада отбасымен демалуға арналған топ 5 орын Астанада отбасымен демалуға арналған топ 5 орын
4 минуты - 05.07.2015, 12:13
Астанада отбасымен демалуға арналған топ 5 орын

Астанада отбасымен демалуға арналған топ 5 орын

4 минуты - 05.07.2015, 12:13
Барлығыңызға сәлем! Міне, көптен күткен суық та келіп жетті! Бірақ та біз белсенді әрі жас ата-аналармыз, бүкіл қыс бойына балаларымызбен үйімізде, жылы көрпенің астында отыра беруді қаламаймыз. Сіздердің назарларыңызға Астанада отбасымен дем алуға арналған топ 5 орынды ұсынамын.

1. Алтын Қырғауыл
«Алтын Қырғауыл» демалыс базасының 7 жайлы номері, мейрамханасы, караоке залы, бильярд залы, саунасы және т.с. бар. Мұнда бірнеше күнге отбасымен немесе дос-жарандардың тобымен келіп, сан көптеген қызметтерді:
•Шана, шаңғыны жалдау
•Сноутюбинг (төбеден баллондарда сырғанау)
•Қарда жүргіштер
•Ат мініп серуендеу
•Ит (хаски) шеккен шанамен серуендеу қызметтерін пайдаланып, қаланың күйбең тіршілігінен дем алуға болады


Pandaland Image

2. Green Park
Астанадан 20 км жердегі Қосшы кентіндегі жаңа Green Park Демалыс аймағы. Меймандардың үйлері, балаларға арналған шағын хайуанаттар саябағы, ат мініп серуендеу қызметі, мейрамхана, моншалар бар. Өте жайлы жағдай жасалған, аумақта демалыс аймағына одан бетер жайлы атмосфера беріп тұрған, қызықты шағын үйлер және раритет машиналар бар.

тел: +7701 720 22 77, +7776 720 22 77

Pandaland Image

3. АҚБОЗАТ
Қала сыртындағы АҚБОЗАТ мейрамханасы Қарағанды жолының бойында орналасқан. Жексенбілік кешті джаз дуэтінің сүйемелдеуімен жайма-шуақ ортада жанұя аясында өткізуге арналған керемет орын. Сонымен қатар, кешен ат мініп серуендеуді және қардай аппақ аттар жегілген күймеде серуен құруды ұсынады.


Pandaland Image

4. Эко-деревня
Қала сыртындағы «Эко-Деревня» демалыс кешені Астана қаласынан 13 км жерде, жиырма бір гектар аумақта орналасқан.
«Эко-Деревняның» аумағында ағашпен жағылатын, жапсарлас салынған моншалары бар 11 меймандар үйі, кафе және конференц-залы бар әкімшілік кешені, аққайыңды шағын ормандағы жазғы беседкалар, ат спорты клубы, жинақы орналасқан хайуанаттар саябағы бар.

Кешен аққайыңның арасында ат мініп және жаяу серуендеуді және квадрациклдер мен қарда жүретін көлікті жалдауды ұсынады.


Pandaland Image

5. Құлагер
«Құлагер» ат спорты клубы Астана қаласынан көлікпен бар болғаны 15 минутта жететін жерде орналасқан. Ат мініп серуендеуден өзге, кешеннің аумағында фин саунасы бар үш шағын үй және инфрақызыл саунасы бар бір шағын үй жұмыс істейді, бильярд, балалар алаңы бар. Сондай-ақ қазақтың киіз үйін жалға алуға болады. Балалардың және олардың ата-аналарының дем алуына арналған тамаша орын. Айтпақшы, мұнда пэйнтбол ойнауға арналған алаң бар.


Pandaland Image

Достар, сәтті демалыс тілейміз!


Menu
×