Алматының маңайында қайда демалуға болады?


Алматының маңайында қайда демалуға болады?


Өздеріне жазда демалыс алуға және шетелдегі курортқа дем алуға сапарға шығуға барлық алматылықтар бірдей мүмкіндік бере алмайды. Біреудің еңбек демалысы қыркүйекте, біреу болса үйін жөндеу жұмыстарын бастап кеткен, бірақ  градус өлшегіш +380С көрсетіп тұрған кезде қапырық қалада қала берген де жөнді іс емес қой, шын ғой? Оның үстіне, балалардың секіріп, жүгіргісі және күнге қыздырынғысы келеді. Pandaland.kz порталының редакторы Жанна Бадаубаева арнайы сіздер үшін Алматының маңайындағы демалысын аймақтарын аралап көріп, олардың отбасымен дем алуға жарамдылықтарына мұқият инспекция жүргізді.

Алматыдан алыс емес жерде қолайлы бағалар бойынша жақсылап дем алуға бола ма екен? Өзіңді бір күнге Түркияның бес жұлдызды отелінде немесе Швейцария тауларында жүргендей сезінуге бола ма екен? Жауап Сізді қуантып тастайды. Болады екен! Өзіміздің туған Қазақстанымызда табиғат өзінің әсемдігімен таң қалдыратын тамаша жерлер көп-ақ. Демалыс жағдайлары да қуантып отыр. Бұл ретте кейбір орындар нашарлап бара жатқанымен, сервис жақсырақ бола бастауда. Балалармен саяхат құра отырып, өздеріңіздің қандай жағдайларда болуға тура келетініңіз әсіресе маңызды. Жарқын жарнамаға қызығып кетіп, қатаң шындықтан көңіліңіз қалуы мүмкін. Біз танымал демалыс орындарын бірқатар критерий бойынша бағалап шығып, енді өздеріңізге қала сыртында қайда демалғыңыз келетініне таңдау жасауды ұсынып отырмыз.

1) «Орман ертегісі» («Лесная сказка») Еуразиялық этно-мәдени саябағы. Демалыс аймағы өткен жылы белсенді алға жылжытыла басталды: Интернетте жарнама, сыртқы жарнама, әртүрлі шаралар қолға алынып, өткізілді. Жарнамадағы берілген уәделер шындыққа сай келе ме екен?

Сайт: www.lesnayaskazka.kz. Ресми сайт қолдануда өте ыңғайлы және жайлы. Сауықтар, орналастырылу туралы толық ақпарат бар. Сайтта көлікке, тамаққа және тұруға бронь жасауға болады. Алайда, қызметтерге онлайн ақы төлеу функциясы жоқ. Басқа жерлерге алдын ала келіп, кепілақы қалдырып кету қажет болғандықтан, шындығына келгенде, бұл да ыңғайлы.

Pandaland Image

Қалай жетуге болады: «Орман ертегісі» («Лесная сказка») Талғар ауданында, Іле Алатауының Ой-Қарағай шатқалында орналасқан. Жол жүріп жету схемасы бар. Жолдағы уақыт: қаланың орталығынан 40 минут.

Демалыс күндері «Орман ертегісіне» өз меймандары үшін демалыс аймағы ұйымдастыратын автобуспен жетуге болады. Ол таңертеңгі сағат 10-да Орталық стадионнан жолға шығады, 16.00 сағатта автобус «Орман ертегісінен» кері қарай      шығады. Алайда, көлікке орынды алдын ала сақтатып қою, яғни бронь жасау керек.

Кіруі: біз үшін саябақ аумағына кірудің тегін болуы күтпеген жағымды жаңалық болды. Автокөлікті тұраққа қою да тегін. Бұл құбылыс уақытша емес деп үміттенеміз.

Аумағы және инфрақұрылымы: этно-мәдени саябақ теңіз деңгейінен 1650 метр биіктікте созылып жатыр және  5,4 гектар жерді алып отыр. Саябақта өзіне шатырларды, киіз үйлерді, беседкалар мен палаткаларды, мейрамханаларды, коттедждерді, ағаштардағы деревняларды, ат орталығын және сан көптеген аттракциондарды қосатын, пикникке арналған аймақ бар.  Осында су мен тіскебасар тағамдар сатып алуға болатын кафе бар. Дәретханалар коттедждерде, мейрамханаларда және көшелерде орналасқан, бірақ бұл а-ля натюрель стиліндегі кеңестік дәретханалар емес, қазіргі заманғы WC. Іші таза және мұнтаздай ұқыпты. Жалпы алғанда, аймақ өте күтімге алынған. Табиғаты өте әдемі және ауасы таза. «Орман ертегісі» қарағайлы орманда орналасқан, аумағында шағын өзен ағып өтеді. Кей жерлерінде жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр, бірақ ол дем алуға кедергісін келтірмейді. SPA-орталық салынып бітейін деп қалды. Жаздың ортасына қарай барлығы дайын болады деп уәде беріліп отыр.

Pandaland Image

Тұруы: коттедждегі номерлерде немесе ағаштардағы деревняда тоқтауға болады. Стандартты, жартылай люкс және люкс номерлер бар. Коттедждер түстері бойынша ерекшеленеді, ал номерлердің өздері өте жайлы. Номерлердің құны 17.000 теңгеден басталады.

Ересектерге арналған сауықтар: арқанды саябақ, пейнтбол, ат мініп серуендеу, скалодром, тир және троллей. «Орман ертегісінде» келушілердің, тым болмағанда белсенді және экстремалды демалыспен әуестенушілердің іштері анық пыспайды. Бір троллейдің өзі неге тұрады десеңізші! Бұл аттракцион бізге тарзанканы еске түсірді, айырмашылығы тек мұнда жардан төменге қарай секірмей, жерден 80 м биіктіктен еңіс арқан бойымен төмен қарай түсетініңде ғана. Адреналиннің қуаты қамтамасыз етілген деуіңізге әбден болады!

Pandaland Image

Балаларға арналған сауықтар және жайлылықтар: кішкентай балалардың да іштері пыспайды. 3 жастан бастап балалар үшін қауіпсіз арқанды бағыттар қарастырылған. Ересектеу балалар өз күштерін нұсқаушылардың жетекшілігімен скалодромда және ат орталығында сынап көре алады. Жасы кішілеу балаларға балалар бөлмесі бар, мұнда кішкентай баланы бала күтушімен – саябақ қызметкерімен қалдыруға болады. Алайда, балалар алаңы жоқ, бұл, біздің ойымызша, кемшілік болып табылады.

Тамағы: Осында Грузиядан келген аспаз жұмыс істейтін «Чашнагири» мейрамханасында түскі ас ішуге болады. Бағалары құптауға лайық. Орташа чек - шамамен 5000 теңге. Сондай-ақ, «Ақ Ауыл» мейрамханасында дәмін татып көруге болатын ұлттық тағамдар да бар. Айтпақшы, «Орман ертегісі» осында әлемдегі ең үлкен киіз үйдің орналасқандығына үміткер болып отыр. Ол 300 адамға дейін сыйдыруға қабілетті. Егер тек шай немесе кофе ішкілеріңіз келсе, «Орман ертегісі» кофеханасында отыруға болады. Ал егер табиғат аясында ауқаттанғыңыз келсе, өзіңізбен ет пен азық-түлік алып, осында пикник жасауыңызға болады, бірақ бұл үшін беседкаға немесе киіз үйге бронь жасауыңыз керек. Бұл үшін Сіз саябаққа алдын ала телефон шалып, алдын ала бронь жасайсыз, келгеннен кейін Сізге пикниктің орнына байланысты 20.000 теңгеден басталатын мөлшердегі депозит қалдырып кету керек болады. Бұл ақшаны Сіз аттракциондарда жұмсай аласыз. Өзіңізбен мангал немесе сексеуіл алу қажет емес. Мұның барлығы саябақта бар. Сексеуілдің құны - байламына 1000 теңге.

Pandaland Image

Балалар мәзірі: тура мағынасында алғанда, дәл мұндай мәзір жоқ. Балалардың орындықтары да жоқ. Алайда, мәзірде балаларға да ұнайтын әр алуан тағамдар бар.

Бағалары: супер-тролльде төмен түсу Сізге 5000 теңгеге түсетін болады. Ат мініп серуендеу – 10 мин үшін 1000 теңге және 30 минут үшін 2500 теңге. Жарда өрмелейтін саябақтағы бағалар 1000 теңгеден, ал арқанды аттракционда 1200 теңгеден басталады.

Pandaland Image

Медициналық пункт: кезекшілікте үнемі дәрігер болады.

Сервис: персонал инабатты. Барлық дерлік банктердің карточкалары төлемге қабылданады.

Pandaland Image


Pandaland.kz берген бағасы: Pandaland Image

2) Түрген форель шаруашылығы. Алматының тұрғындары мен қонақтары демалыс күндерін Түрген форель шаруашылығында өткізгенді жақсы көреді, өйткені ол орналасқан Түрген шатқалының өзі өте көрікті, әдемі.Мұнда өзіне «Аюлы сарқырамағай көтерілуді, Есік қорғандарына, страус фермасына және форель шаруашылықтарына баруды қосатын бір күндік турлар ұсынылады. Мұнда ине шаншар жер болмайтын күндер болады, бірақ басым бөлігінде мерекелік және демалыс күндері осылай болып тұрады. 

Сайт: сайты жоқ.

Қалай жетуге болады : Түрген ауылының алдында оңға қарай бұрылып, жоғары қарай 9 км жүру керек. Жол шамамен 1,5 сағат алады. Форель шаруашылығы экологиялық бекеттен кейін орналасқан, экологиялық бекетте сіздерге бір адамға 500 теңгеден беруге тура келеді.

Pandaland Image

Кіруі: машинадан 200 теңге және егер сіздер автобуспен жеткен болсаңыздар, бір адамнан  50 теңге.

Аумағы және инфрақұрылымы: шаруашылықтың аумағы үлкен болғанымен де, ол келушілер үшін жайлылық жасауға қарағанда, форель өсіруге көбірек есептелген. Балыққа арналған бірнеше бассейн, балық аулауға арналған орын, атқора, жайдақ ағаш кереуеттеры және беседкалар – бүкіл форель шаруашылығы осымен аяқталады. Ешқандай кереметтер жоқ. Шөп кей жерлерде құрғап кеткен, ландшафты қарапайым. Форель шаруашылығын көркем тауларға ашылатын көрініс құтқарып тұр, ал былай ерекше ештеме жоқ. 5 жыл бұрын бұл жер әдемі болып көрінетін еді, ал қазір – бұл шалғайдағы балық шаруашылығы. Дәретханалар көшеде орналасқан және жарамдылығымен ерекшелене бермейді.

Pandaland Image


Тұруы: шаруашылықтың өзінде тұратын жағдай жоқ, бірақ маңайда осында түнеуге тоқтауға болатын шағын демалыс аймақтары бар.

Ересектерге арналған сауықтар: мұнда балық аулау деп атайтынды әккі балықшылар балық аулау деп есептемейді. Бірақ, балықты жаңадан аулай бастағандар үшін бір-екі балықты қармаққа іліп алғанның өзі қуаныш. Қармақты жалға алу 400 теңге тұрады. Атпен серуен құруға болады. Бұл шағын серуен үшін ақы 2000 теңге тұратын болады.

Pandaland Image


Балаларға арналған сауықтар және жайлылықтар: барлығы ересектерге арналғандағыдай. Мұнда балалар алаңы жоқ, құндақтайтын үстел, ана мен бала бөлмесі тәрізді, ана мен балаға арналған жайлылықтар да жоқ.

Тамағы: сіз аулаған форельдің бір килограмы үшін 3000 теңге беруге тура келеді, бұл орташа алғанда қымбат. Бір килограмда шамамен 3 балық болады. Дәп осы жерде Сізге балықты 600 теңгеге майда және 700 теңгеге грильде қуырып береді. Балықты шаруашылық аумағындағы кафеден дайын түрінде де сатып алуға болады. Қуырылған форельдің порциясы 2000 теңге, ал грильде әзірленгені 2100 теңге тұрады. Балыққа қоса 800 теңгеге көкөніс  кеспесіне және 150 теңгеге салқын сусындарға тапсырыс беруге болады. Жалпы алғанда, қымбат емес болып шығады. Орташа чек - 3000 теңге.

Балалар мәзірі: Балаларға арналған тағам ретінде Сізге картоп-фри және кәуап ұсынады.

Бағалары: беседканы немесе ағаш кереуетті жалға алу 2000 теңгеден бастап тұратын болады.

Медициналық пункт: біз таппадық.

Сервис: жақсырақ болғанын қалайсың. Тек қолма-қол ақша қабылданады.

Pandaland.kz бағасы: Pandaland Image

3) Park/resort «Сегіз көл» («Восемь Озер»). Орны табысы орташа және орташадан жоғары адамдар үшін жанұямен дем алуға арналған орын ретінде анықталады. Орналасқан орны тым әсем емес, бірақ бұл тек бір қарағанда ғана осылай болып көрінеді, өйткені аумақта осылардың маңында жайлы дем алуға болатын, саф таза артезиан суы бар сегіз көл орналасқан. Әрі бұл да ең бастысы емес! «Сегіз көл» («Восемь Озер») – бұл нағыз «шөлдегі оазис», тамаша бассейні және дамыған инфрақұрылымы бар сәнді-сәулетті курорт, бірақ, барлығын рет-ретімен баяндап берейік!

Сайт: www.8ozer.kz– қазіргі заманғы дизайны бар, қолданушыға түсінікті сайт. Тіпті демалыс аймағының құс ұшқан биіктіктен жасалған бейнематериалы бар. Онлайн-броньдау және карточкамен ақы төлеу қол жетімді.

Қалай жетуге болады: «Сегіз көл» («Восемь Озер») Талғар ауданында, «Каменное плато» кентінде орналасқан. Жол жүру картасы бар. Жолда сілтегіштер ілініп тұр, бірақ кей жерлерде адасып кетуге болады. Біз қаланың орталығынан көлікпен шамамен 40 минут жүрдік.

Pandaland Image


Кіруі: тегін, бірақ депозиттік жүйе қолданылады, яғни, кіретін жерде Сіз адам басына 3000 теңге төлейсіз және эквивалентті сомаға мейрамханалар мен жалға беру орындарында және т.с. сатып алулар жасай аласыз. 12 жасқа дейінгі балалар үшін кіруі тегін. Автомобильді тұраққа қою тегін.

Аумағы және инфрақұрылымы: Кешеннің ауданы 1200 гектар орасан зор аумағы бар. Демалыс аймағы өте күтілген – әрбір майда-шүйде жақсылап ойластырылған. Кіретін жерде Сізді электрокар алып кетіп, бассейнге, мейрамханаға немесе коттедждерге апарып тастайды. Сонымен қатар мұнда қорық орналасқан, онда хайуандар мен құстардың 50 аса түрі мекендейді. Көлдерде балық бар. Асфальт жолдардың бойымен велосипедте немесе самокаттарда жүріп өтуге болады.

Pandaland Image


Тұруы: Сіз барлық қажетті нәрсемен жабдықталған 24 коттедждің немесе стандартты категориядағы 46 номердің бірінде тоқтай аласыз. Жазғы маусымда коттедждерде тұрудың бағасы екі орындық номер үшін жұмыс күндері 35000 теңге және демалыс күндері 50000 теңге құрайды. Жуырда саябақтың тұрғын қоры номерлермен де толықты, бұл осындағы демалысты тұрғындардың айтарлықтай бөлігі үшін қол жетімді еткізді. Стандартты екі орындық номер үшін баға жұмыс күндері 20000 теңге және демалыс күндері 30000 теңге, стандартты номерлерде жұмыс күндері 15000 теңге және демалыс күндері 20000 теңге құрайтын болады.

Ересектерге арналған сауықтар: жазда «Сегіз көлдегі» негізгі көрікті жер және жан қалаған демалыс орны өзіне артезиан суы бар екі ересектер және бір балалар бассейнін қосатын жағажай клубы болып табылады. Бұл ТМД мен Орта Азиядағы бассейндері бар ең үлкен жағажай кешені. Суы өте таза, меймандарға жататын кереуеттер мен сүлгі ұсынылады. Жағажай клубының пайда болуымен көптеген алматылықтар демалыс күндеріне өзін баяғыдан бері суы онша таза емес және демалыстың онша жақсы емес жағдайлары бар жер ретінде көрсеткен Қапшағай көліне шығуларын қойды. Бассейнге кірудің құны жұмыс күндері - 4500 теңге және демалыс пен мерекелік күндері 7500 теңге, 6 жасқа дейінгі балалар үшін кіру тегін. 18.00 сағаттан бастап 23.00 дейін «Кешкі шомылу» акциясы жүреді. Осы кезде кіру жұмыс күндері - 2000 теңге және демалыс күндері 4500 теңге тұратын болады. Онымен қоса, саябақта басқа да талай сауықтар: теннис, мини-футбол, баскетбол, волейбол және т.с. қарастырылған. Жалпы алғанда «Сегіз көл» («Восемь Озер») – бұл осында спорттың белсенді түрлерімен айналысуға да болатын, достармен бірге көл жағасында балық аулауға да болатын тыныштық бұрышы.

Pandaland Image


Балаларға арналған сауықтар: үлкен балалар бассейні, әдемі, ыңғайлы және функционалды балалар алаңы. Балақандардың бақытты болатындығы айдан анық. Дәретханалар құндақтауға арналған үстелшелермен жабдықталған, бұл балақандардың аналары үшін ыңғайлы.  Балалар үшін жалға велосипед, самокат, скейт немесе роликтер алуға болады. Аниматорлар аптасына 7 күн жұмыс істейді.

Pandaland Image


Тамағы: аумақта әр алуан тағамдар ұсынатын 7 мейрамхана орналасқан. Бізге осында Кореядан арнайы шақырылған аспаз Мисс Ли жұмыс істейтін кәріс мейрамханасы ерекше ұсынылды. Біз оның аспаздық туындыларынан дәм тата алмадық, оның орнына жазғы мейрамханада болдық. Ол аңшылық стильде безендірілген және жазғы алаңы бар. Бағалары Алматының орталығындағы жақсы мейрамханадағыдай. Орташа чек - 7000 теңге.

Балалар мәзірі: кішкентай бала үшін дәмді және пайдалы тағамды оп-оңай таңдап алуға болады. Балалардың шағын орындықтары бар.

Бағалары: ересек адам үшін велосипедті жалға алу - күніне 2000 теңге, ал бала үшін - күніне 1000 теңге, көшет осыратын орын бойынша экскурсия - ересек адам үшін 1000 теңге және бала үшін 500 теңге. Орташа алғанда демалысқа түнеуді қоспағанда күніне шамамен 15000 теңге кетеді.

Pandaland Image

Медициналық пункт: бар

Сервис: тамаша. Жайлы демалыс үшін барлық жағдай жасалған. Персонал жылы шырайлы және инабатты. Кез келген банктің карталары қабылданады.

Pandaland.kz бағасы: Pandaland Image

4) “Тау-Дастархан” отбасылық демалыс кешені. Кешен 2002 жылы ашылған және алматылықтарда және қала қонақтарында ең танымал демалыс орындарының бірі болып табылады, бірақ бұл жер бұрынғы орнынан айырылған және SPA-орталықтағы сервиске, судың тазалығына және тұрып жату жағдайларына үнемі сан көптеген наразылықтар келіп түсуде деген сөз шығып жатыр. Осы жерді оқырмандарымызға ұсыну орынды ма екендігіне өз тәжірибемізде көз жеткізуге шешім қабылдадық.

Сайт:www.tau-dastarkhan.kz. Тіптен осыншама көне кешенде онлайн-броньдау кешені жоқ болып отыр. Демалыс аймақтарының сайттары қашан жай ғана ақпараттық ресурстар болуын қойып, клиенттер үшін ыңғайлы сервистер жасай бастайды екен десеңізші! Жалпы алғанда, ақпараттың көп болғандығы соншалықты, мұны кім оқитындығын білмейміз.

Қалай жетуге болады: Алмаарасан шатқалында, экологиялық бекеттен кейін орналасқан. Жолдағы уақыт – қаланың орталығынан 30-40 минут.

Кіруі: тегін, автомобильді тұраққа қою да тегін.

Pandaland Image

Аумағы және инфрақұрылымы: биік тауда, өте көркем жерде орналасқан. Шатқалға өте тамаша көрініс ашылады, ландшафттық дизайны өте әдемі. Шағын хайуанаттар саябағы және балықтар жүзген орасан зор аквариум бар. «Тау-Дастарханы» ең алдымен өзінің мейрамханаларымен даңққа ие болған. Адамдар дәмді тағам жеу және отбасымен немесе достарымен бірге әңгіме-дүкен құру үшін дәл осында келеді. Төрт жұлдызды «Тау-House» отеліне тоқтауға немесе «Тау-Spa»-да шомылуға болады.

Pandaland Image

Тұруы: тәулігіне 30.000 теңгеден басталады. Отельде стандарттыдан бастап «Люкс» категориясына дейінгі 53 номер бар.. Интерьер қоңыр реңде орындалған. Отельдің басты артықшылығы – таза ауамен тыныстау мүмкіндігі, сонымен қатар барлық меймандар үшін «Тау-Spa»-ға бару тегін.

Ересектерге арналған сауықтар: «Тау-Spa»-ға бару. Келушілерге бассейндер, озонды суы бар ванналар, фин, түрік және жапон сауналары, солярийлер және джакузи қызмет көрсетеді. Көзге бірінші түсетіні – бұл демалыс күндері адамдардың көп саны. Қайта құрастырудың тұрақты процесіне қарамастан, орталық бұрынғы ажарынан айырылған және бұл жоғарғы санатты демалыс болып табылады-ау деген сезім тудырмайды. Бәлкім, осындай танымал орын үшін аумағы шағындау болар. Жататын кереуеттер бір біріне тым жақын орналасқан, ал кешке қарай су дас бола бастайды. «Тау-Spa» аумағына бір рет кірудің құны ересек адамнан 10.000 теңге және 3 жастан 10 жасқа дейінгі бала үшін 3000 теңге құрайды. Сүлгіні немесе халатты жалға алу үшін 5000 теңге төлейсіз, бұл бәсекелестермен салыстырғанда айтарлықтай қымбат. Бұл тұрғыдан алғанда «Тау-Spa»-ға ұқсас жерлер әзірге болмағандықтан, бұл емделу әсерін алу үшін келуге тұрарлық жер.

Балаларға арналған сауықтар: балалар шағын хайуанаттар саябағынан және екі балалар алаңынан шат-шадыман болады. Жалға велосипедтер және самокаттар алуға болады.

Pandaland Image

Тамағы: Қазақстан халықтарының ұлттық тағамдарын әзірлейтін бес мейрамхана меймандарды өздерінің молшылығымен қуантып тастайды. Меймандарда ең сүйікті жерлердің бірі «Авлабар» және «Тау-Мерген» болып табылады, мұнда грузин және қазақ тағамдарынан дәм татуға болады. Орташа чек - 7000 теңге.

Балалар мәзірі: мейрамханаға байланысты

Бағалары: отбасымен демалыс кешені салтанатты атап өткісі келетіндер немесе тыныш, аспай-саспай, асықпай дем алуды артық көретіндер үшін мінсіз орын. Мұнда белсенді сауық құру үшін жағдайлар жасалмаған. Тиісінше, демалыстың құны тек Сіздің тәбетіңізге байланысты болады. Сан алуан жеңілдік бағдарламаларының, клуб карталарының, абонементтердің және басқасының бар екендігі қуантады. Артық төлеп жібермеу үшін, клиенттердің ниеті түзулігіне арналған бағдарламалар жайында сұрастырып алыңыз.

Медициналық пункт: бар

Сервис: жалпы алғанда жақсы сервис. Шындығын айтқанда, кейде Интернетте теріс  сын-пікірлер кездесіп жатады. Барлық төлем жүйелерінің және банктердің карталары қабылданады.

Pandaland.kz берген баға: Pandaland Image

5) «Home Club» табиғи-сауықтыру саябағы. Бұл қала сыртындағы клуб туралы көп естігенбіз, бірақ қашықтық үркітіп келген болатын. Алматылықтар үшін алыстау, орынның несімен көрікті екендігі жайындағы ақпарат та аздау. Осында келіп, өзімізді бір мезгілде АҚШ пен КСРО-да жүргендей сезіндік. Саябақтың иесі Голливудқа барып көріп, «Universal Studio» сауықтар саябағы тәрізді нәрсе жасағысы келген деген сезім туындады, бірақ ауқымы да ондай емес, ұлттық әдеттер де өзге. Алайда, барлық істің балаларға деген үлкен сүйіспеншілікпен жасалғандығы байқалып тұр. Саябақтың негізгі бетке ұстары табиғат пен көркем көл болып табылады. Мұнда үйлену тойының шерулері келеді. Қызметкерлермен бірге дем алуға да болады. Мұнда көңілді корпоративтер үшін барлық жағдайлар жасалған.

Сайт: www.home-club.kz. Сайтта болып, осы тамаша көлді, бассейнді және сауықтар саябағын өз көзімізбен көргіміз-ақ келіп кетті. Электронды коммерция туралы тіс жармай-ақ қояйық.

Қалай жетуге болады: Қарасай ауданы (жоғарғы трасса), Жандосов кенті. Жол бір сағаттан көп уақыт алды.

Pandaland Image


Кіруі: 100 теңге. Балалар еліне кіру – ересек адам үшін 500 теңге және бала үшін 300 теңге.

Аумағы және инфрақұрылымы: «Home Club»-ты Hollywood жазуы секілді, төбедегі қызыл әріптердің арқасында алыстан көруге болады. Саябаққа жетер жерде жол екіге бөлінеді. Сіз бірден  «Home Club»-қа бара аласыз немесе басында ғажайып «Балдырған» балалар еліне кіре аласыз. Мұнда не жоқ десеңізші, бәрі бар! Сіздер пираттардың кемесін де, Мыстан Кемпірдің үйшігін де, голланд деревнясын да, ағылшын фортын да көре аласыз! Бұл жер балаларға ұнап қалатындығы сөзсіз. Балалар елінде күні бойы төмпешіктерде және аттракциондарда асыр салып ойнауға болады. Одан кейін мұнда үлкен балалар алаңы, қазақ халқының алтыбақаны, бассейн, коттедждер, қарап шолу алаңы және әр алуан тағамдар ұсынатын мейрамхана орналасқан «Ноme Club» аумағына бет бұруға болады.

Pandaland Image

Тұруы: аумақта шале стиліндегі 5 коттедж орналасқан. Коттеджде тұрудың құны тәулігіне 30000 теңгеден басталады. 25000 теңгеге бір күнге киіз үйді жалға алуға болады.

Ересектерге арналған сауықтар: балық аулау, теннис, ат мініп серуендеу, сауна, бассейн, картинг, пейнтбол.

Pandaland Image

Pandaland Image


Балаларға арналған сауықтар: бұл жерде балаларға барлығынан қызықтырақ болады – біз сауықтардың осыншама санын еш жерде көрмедік! Жалғыз «Балдырған» балалар елінің өзі неге тұрады десеңізші! Аниматорлардың қызметтері бар. Балалар алаңы ең кішкентайларға арналған төбешіктермен жарақтандырылған, айналаның барлығын көгал жауып жатыр.

Pandaland Image

Pandaland Image

Тамағы: орыс, қазақ және Еуропа тағамдары.  Ілгішке ілінген тұтас қойға немесе көкталға тапсырыс беруге болады. Бағалары жанға жайлы, қуантып тастайды. Орташа чек - 5000 теңге.

Pandaland Image

Балалар мәзірі: балалар үшін жеке мәзір бар, бірақ бұл тағамдардың пайдалылығына күмәнденуге тура келеді! Айтыңызшы, неліктен балалар мәзірі - бұл картоп фри, майонез және кәуап? Мұнда балалардың шағын орындықтары жоқ.

Бағалары: аттарды жалға беру – жарты сағатқа 1500 теңге, тау велосипедтерін жалға алу- сағатына 1000 теңге және күніне 3000 теңге. Катамаранды жалға алу - сағатына 500 теңге. Сауна - бір сағатқа 3000 теңге.

Pandaland Image

Медициналық пункт: бар

Сервис: аниматорларды, отельдің әкімшісін табу өте қиын. Даяшылар негізінен алғанда қазақ тілінде сөйлеседі.

Pandaland.kz берген баға: Pandaland Image


Біздің шолуымыз өзіңіз және отбасыңыз үшін дем алуға арналған орынды анықтауыңызға көмегін береді деп үміттенеміз, ал біз болсақ Сіз үшін ақпарат жинауымызды және демалыс орындарын, отельдерді, мейрамханаларды және балалардың сауық орталықтарын жанұямен дем алуға жарамдылыққа тексеру жүргізуімізді жалғастыратын боламыз.

Фото: Жанна Бадаубаева.




Bukvus

Поделиться:


Популярные блоги




Жанна Бадаубаева
Жанна Бадаубаева

Всего постов — 19



1 544
+0