Келіннің соқыр сенімдері, немесе неліктен мен әлі күнге дейін күйеуге шықпай жүрмін Келіннің соқыр сенімдері, немесе неліктен мен әлі күнге дейін күйеуге шықпай жүрмін
5 минут - 24.07.2015, 05:52
Келіннің соқыр сенімдері, немесе неліктен мен әлі күнге дейін күйеуге шықпай жүрмін

Келіннің соқыр сенімдері, немесе неліктен мен әлі күнге дейін күйеуге шықпай жүрмін

5 минут - 24.07.2015, 05:52

Жуырда шайды дер кезінде құймағаны және күйеуінің ата-анасына лайықты құрмет көрсетіп, оларға көңіл бөлмегені үшін (олардың көзқарасынша) күйеуге шықпай қалған қыз туралы мақала оқыдым. Әрі бұл мақаланың астында осында қыз балалар бұл қыздың қарапайым тәрбиеден мақұрым екендігі, мұны өз өзін азды-көпті құрметтейтін әрбір әйелдің білетіндігі және мұның барлығына анасы оқытып-үйретуге тиіс екендігі туралы даурыққан талай түсініктемелер болған еді. Басқаларда қалай екендігін білмеймін, бірақ мысалға алар болсам, менің отбасымда қатаң ережелер, тыйым салулар жоқ, біз терең діндар емеспіз, әрі дәл сол кезде керемет бір еуропаланып та кетпегенбіз, біз әдеттегі орташа статистикалық қазақстандық отбасымыз, әрі әйел міндетті – әйел осылай жасауға тиіс деген осы тәрізді әңгімелерді естіген кезімде, мен жеңіл-желпі абыржып қаламын.

Бәлкім, мен осы өмірде бір нәрселерді түсінбейтін де шығармын, бірақ тұлға ретінде орнығып қалған, өз өзін іске асырған қыз бала неліктен күйеуге шығып, айналадағылардың барлығына міндетті болуға тиіс, ол өз жанұясын құрып, жанұясын және өз ерімен қатынастарын ретке келтіруге тиіс болып отырғанда, енелеріне-апаларына-тәтелеріне жағып қалуға тырыса отырып, неліктен өз бойында тұлғаны басып тастауға тиіс? Әрі басқалардан кем болмау үшін, өзіне, мәселен, дәл сол бір атышулы Майкл Корстан сөмке сатып алуға мүмкіндігі болуы үшін, неліктен әйел адам ер адамнан кем түспейтіндей жұмыс істеуге тиіс? Ал көп жағдайда әйел адам сөмке үшін емес, жанұядағы негізгі қаражат табушы ретінде жұмыс істейді.

Міне, күні бойы еңбектеніп, үйіңе келесің де, барлық қалған ісіңді тастап, ас үйге жүгіруің керек, өйткені диванда жұмыста қалай шаршағанын және қарны қалай шұрқырағанын білдірген жабырқаңқы түрін көрсетіп, жан-тәніңмен сүйген күйеуің аяғын аспанға көтеріп жатыр. Оны тамақтандырып барып, ыдыс-аяқ жуасың және ертеңге не әзірлеуге болатындығын күш салып ойлана бастайсың. Яғни, өз жұмысыңнан өзге, сенің арқаңда үйдегі бүкіл жұмыс, балаларды тәрбиелеу және енеңмен қарым-қатынасты жолға қою жатыр, әрі ерің алда-жалда басқа әйелге кетіп қалмауы үшін, шебер ашына әйел және сезімтал психолог болуға тиіссің. Ал осының барлығына қоса балаларың бар болса, онда жағдай мүлдем қиын, осының барлығына уақыт тауып, бәрі қолынан келіп жүрген барша әйел киборг секілді болып көрінер)))

Мен күйеуге шықпағанмын және, ағымнан жарылып айтар болсам, күйеуге шығуға асығып та отырған жоқпын, өйткені шындығында да күйеуге шығып, оның сан көптеген туған-туысқандарымен тіл табыса алмаймын ба, олардың барлық қылықтарына шыдай алмаймын ба деп қорқамын, егер олар мені өкпелетіп алса, күйеуім мені қорғаштамайды ма деп қорқамын, тұрмыс күйеуіміз екеумізді жегідей жеп, бір бірімізге әзер-әзер шыдайтын боламыз ба деп қорқамын, балалар пайда болып, бұл одан бетер көбірек жауапкершілік бола ма деп қорқамын, күйеуімнің тасы өрге өрлемей, ол әйелінің отбасының бюджетін өз мойнына арқалауына келіскен, рухы құм болған ер адамдардың бірі болып шыға келе ме деп үрейленемін. Бірақ, менің әкем айтатындай: «Күйеуге шығу – бұл қыз бала үшін тыныс алу секілді табиғи нәрсе», сондықтан, өзінің көзқарасын теріске шығару және отбасын құрып, өзі және өз балалары үшін өмір сүруден, өз күйеуін, оның туған-туысқандарын қандай болып табылса, сондай етіп қабылдаудан және өзінің Құдай қосқан қосағын барлық ер адамның мақсаттарына жетуіне ынталандырудан талай оңды тұстар табу үшін ерте ме, кеш пе, әйтеу бір тәуекелге бел бууға тура келеді.


Популярные статьи и новости

×