Енеңнен не көрсең келiнiңе соны iстейсiң Енеңнен не көрсең келiнiңе соны iстейсiң
2 минуты - 14.03.2016, 07:35
Енеңнен не көрсең келiнiңе соны iстейсiң

Енеңнен не көрсең келiнiңе соны iстейсiң

2 минуты - 14.03.2016, 07:35

Бiраз уақыттан берi қазақ тiлiнде пост жазғым келiп жүр едi, мiне, оған тақырып та пайда болды. Менiң көпшiлiкпен бөлiскiм келетiнi - келiн мен ененiң жағдайы. Негiзi, кiшкентай күнiмнен бастап "қатал" мiнездi енелердi көп көрiп өстiм. Менiң әжем, нағашы әжем, және де көптеген енелер келiндерiне күн көрсетпей жататын. Менiң санамда "ененiң бәрi осындай екен" - деген ой қалыптасып, сiңiп те кеткелi қай заман.

Өмiр өзi үйретедi екен бәрiне. Мен 23 жасымда тұрмысқа шықтым, және енеммен бiр үйде тұрғым келмейдi деп үнемi айтушы едiм. Бiрақ екi-үш айдың iшiнде менiң ойым түбегейлi өзгердi. Оған себеп болған менiң енемнiң жайсаң, жұмсақ мiнезi.

Үйде жөндеу жұмыстары жүрiп жатты, менiң аяғым ауыр болатын, сонда енем жұмыстан шаршап келсе де көмектесiп, менi аяп жүретiн.

Қазiр тұрмыс құрғаныма алты жылдың шамасы да болып қалды. Жақында енемнен былай деп сұрадым:

- Апа, менен қаншама қателiк кеттi, сонда да неге еш бетiме салмадыңыз?

- Есiңде болсын, сен келешекте келiнiңе менен не көрiп, не естiсең, соны iстейсiң. Менiң енем өте жақсы кiсi болған және менiң көп қателiктерiме көз жұма қараған. Ал мен бәрiн кезi келгенде түсiндiм. Сенде бiр күнi өз қателiктерiңдi түсiнсең, мен үшiн сол ең үлкен жеңiсiм болмақ.

Мен ойланып қалдым. Ендi менiң түсiнуiмше, әр адам қателеседi, бiрақ титтәй нәрседен мәселе жасағанша тату-тәттi өмiр сүрген жақсы екен.


Menu
×