empty image Әкесі мен ұлының қызықтары
2 минуты - 25.03.2015, 03:32
empty image

Әкесі мен ұлының қызықтары

2 минуты - 25.03.2015, 03:32

Бәріңізге сәлем! Бүгін мен pandaland.kz сайтында тұңғыш рет қазақ тілінде жазып отырмын.

 

Өзім әжемнің қолында өскен едім, ата-енеммен қазақша сөйлесетін едім, қазір сол адамдар дүниеден озып кеткен, сол үшін қазақ тілінде сөйлесетін кісі қалған жоқ (кісілер бар ғой, бірақ қасымда жүрген қазақтардың бәрі орыс тілінде сөйлеседі). Бәріміз бір мемлекетте тұрамыз. Екі тілде сөйлейміз, сол үшін бүгін мен қазақшалап жазғым келіп отыр. Қателері болса айып етпеңіз.

 

Ал енді қысқа күлкілі әңгімемен бастайын (менің семьямда болған көріністер).

 

Жексенбінің таңғы уағы. Мен және кіші ұлым (2 жаста) тұрып, тәбетімізді ашып жүрміз. Мен асықпай шай ішіп отырмын. Кіші ұлым өзімен-өзі ойнап жүгіріп жүр. Біраз уақыттан кейін отағасы оянды. Ұлымыз әкесін көріп, соған қарай жүгіріп, қолынан ұстап: Жүр,жүр, - деп тартады. "Мити-Нити, Мити-Нити", - деп бірдеңені сұрай бастады. Қайдағы "Нити-Нити", бұл не екен деп ойланып, әкесі, түсінбей, ұлынан сұрай бастайды.

 

- Мынау ма?

- Жоқ!

- Анау ма?

- Жоқ, - деп бала ренжи бастады.

- А, «Мистер умелец» (мультхиқая) па? - деп сұраса

- Ия! Жарайсың! (маладесс) - деп ұлы әкесінің қолын ұстап, теледидар тұрған бөлмеге алып кетті.

 

Мен бәрін естіп, ештеңе айтпай, тыңдап отырмын. Ұлы мен әкесі тіл тауып, бірін-бірі түсініп, екеуі сол мультхиқаяны құшақтасып қарап отырды.

 

Әкесі мен ұлының қызықтары

 

Қызығы сол - керек болғанда бәріміз бір-бірімізді түсінеміз.

 

 

*Автордың тілі және стилі сақталынған

 


Популярные статьи и новости

×