Босанғаннан кейінгі құрсақ: тарту керек пе, әлде тартпау керек пе? Босанғаннан кейінгі құрсақ: тарту керек пе, әлде тартпау керек пе?
9 минут - 09.09.2015, 06:02
Босанғаннан кейінгі құрсақ: тарту керек пе, әлде тартпау керек пе?

Босанғаннан кейінгі құрсақ: тарту керек пе, әлде тартпау керек пе?

9 минут - 09.09.2015, 06:02

Герцогиня Кэтрин Миддлтон босанғаннан кейін бірден-ақ әйелдің  мінсіз көрінуі тиіс екендігі туралы аңыздың тас-талқанын шығарды.

Таблоидтардың бірінші жолақтарынан жуырда ғана ата-ана болған бақытты жұбайлардың – принц Уильямның және герцогиня Кэтрин Миддлтонның есімі түспей отыр. Миллиондар тауып жүрген атақты әйелдердің бір де бірі тамаша Кейт Миддлтон секілді осыншама назар аударып, табынушылық пен кейде тіптен сүйіспеншілік тудырмады.

Және де, корольдік жұбайлардың келесі күні жұртшылық алдына алғаш шығуы да біз осыған баспасөзде көргенге соншама ұқсамайды. Барлығынан көп түсініктемелерді және дау-дамайды жаңа босанған ананың айтарлықтай сезінерлік құрсағы тудырды. Шындығын айтып, ағымнан жарылсам, менің бірінші ойым мынандай да болды: шынымен де, корольдік отбасына жататын әйел адам жұрт көзіне шығу үшін құрсағын тарта алмаған ба? Мен осы ойымды анаммен бөлісіп едім, ол бұл табиғи құбылыс, бұл жерде ұялып-именетін ештеме жоқ екендігін айтып, қарсы сөз айтты.

Сондықтан, мен босанғаннан кейінгі құрсақ тақырыбына тағы бір рет оралуға шешім қабылдадым. Құрсақты тарту керек пе, жоқ па? Өзім жүкті болғанға дейін мен босанғаннан кейін құрсақ автоматты түрде жалпақ болып шығады деп аңғырттықпен ойлаған едім. Одан кейін қарынның бұлшық еттерінің әлсіз екендігін, бірақ жатырдың қысқаруына орай, құрсақтың біртіндеп тартылатындығын білдім. Ал пресске жаттығулармен табиғи босанудан кейін кем дегенде 6-8 аптадан кейін және жатырды кескеннен кейін 2-2,5 айдан кейін шұғылдану ұсынылады.

Ал, босанғаннан кейін бірден не істеу керек? Перзентханаға қажетті заттардың тізімінде әрқашан құрсақты тартуға арналған жаялық, әлде босанғаннан кейінгі бандаж кездеседі. Маған өзінің бандажын құрбым берген, босанғаннан соң 6 сағаттан кейін оны киюге шешім қабылдадым. Таң қаларлық сезім болды – менің қарным енді қатты және серпімді болған жоқ, ол салбырап тұрды, жұмсақ және іш жағынан бос болды.  Қаншама әрекеттенсем де, оны ішке тарта алмадым. Сондықтан кереуетке жатып, бандажды жатып кидім. Маған іс жүзінде салбырап тұрған қарнымды алып тастауға әлде жатырдың қысқаруы ма, әлде бандаж ба көмегін бергенін білмеймін.  Шындығында, перзентханрада мені бақылайтын дәрігер менің бандажда жүргенімді байқап қалып, мені сөгіп тастады. Бандажды босанғаннан кейін бірден киюге болмайтындығын, өйткені мұның ауруларға алып келетіндігін айтты.

Қандай ауруларға алып келетіндігі есімде қалған жоқ, өйткені, өздеріңіз түсініп отырғандарыңыздай, менің миым нәресте туралы ғана жалғыз ой ойлаумен болған еді. Бірақ, кейіннен жатырдың бөлінулерден (лохиялардан) босануы үшін, еркін қысқаруға тиіс екендігін оқыдым. Сондықтан, ауруханадан шыққаннан кейін мен құрсағымды тартпадым.

Біреулер бандаж шындығында да зиянды, әрі қарынды жоғары қарай тарта отырып, шәліні пайдаланған жақсырақ деп есептейді. Мақалаларда бірыңғай пікір жоқ, бірақ ақыр соңында барлық әйелдердің мүсіні біртіндеп қалпына келетіндігі анық. Оның орнына, бұқаралық ақпарат құралдарының әсері көп жағдайда қыздарды олар журналдағы әдемі бикештер секілді тартымды емес деп есептеуге мәжбүрлейді. Хайди Клумның босанғаннан кейін 2 аптадан соң сахнаға суға шомылатын костюмдер көрсетуге шыққандығы туралы жаңалықты естіген кезде, кемістік сезімдері пайда болуы мүмкін. Міне, дәл сондықтан да Кейт Миддлтонның қаншама мүмкін болғанынша табиғи көрінгендігі барша жас қыздар үшін маңызды болып отыр. Мысалға, анадар мен бөбектерге арналған Netmums.com сайтын құрушы Сиобан Фригард герцогиня Кэтрин Миддлтонның босанғаннан кейін бірден-ақ әйелдің  мінсіз көрінуі тиіс екендігі туралы аңыздың тас-талқанын шығарғандығын айтты. Британның Daily Mail таблоидына Сиобан былай деп мәлімдеді:

«Герцогиня Кэтрин Линдо қанатының есіктерінде пайда болған осы қос минутта ол осылайша жуырда ана болған миллиондаған әйелдерге орасан зор қолдауын көрсетті. Кейт өзінің әлі де болса үлкен құрсағынан қысылып-қымтырылмайтындығы бұларға босаенғаннан кейін бірден арық болулары каеректігі күштеп таңылып отырған көптеген әйелдердің өз өзін бағалауын көтеріп тастады. Кейт шындығына келгенде жаңа ғана босанған әйелдің қалай көрінетіндігін көрсетті. Табиғилық – бұл әрқашан тамаша!»

Кейт Миддлтон баяғыдан рольдік модель және көптеген әйелдер үшін еліктеуге үлгі болып отыр. Егер герцогиня өзінің ұлын емшегімен қоректендіретін болса, онда өзінің үлгісімен ол ана мен бала үшін емшекпен қоректендірудің қаншалықты маңызды екендігін көрсетеді. Өзімізге белгілі болып отырғанындай, дамыған елдерде аналар көбінесе мұны өзінің жұмысбастылығымен және мүсінін бұзғысы келмейтіндігімен түсіндіре отырып, көбіне көп жасанды қоректендіруді артық көреді емес пе.

Постскриптум ретінде өзім атап өткен тағы кейбір сәттер туралы жазайын:)

Біріншіден, корольдік жұбайлар өздерінің нәрестесін бірден көрсетіп, фотоға түсіруге рұқсат етті. Ал атақты адамдар болса, басылымдармен кімнің жаңа туған нәрестеге көбірек ақша ұсынатындығын саудалап, бұл істе ақша табады. Мысалға, өздерінің тұңғыш қыздары туған кезде, Анджелина Джоли мен Брэд Питт осылай жасады.

Екіншіден, босанғаннан кейін келесі күні ауруханадан шықты. Еуропа мен Америкада бұл қалыпты тәжірибе, ал бізде ана мен бала, егер жағдайлары жақсы болса, 3-ші күні ауруханадан шығады.

Үшіншіден, принц Уильям автомобильге балалар орындығын өзі орнатып, рульге отырды. Айтпақшы, Еуропада және Америкада машинада балалардың автокреслосын орнату міндетті іс, бізде болса көбінесе балалар ауруханадан шыққан күні де, одан кейінгі бүкіл өмірлерінде де, автокресло дегеннің не екендігін білмей, анасының қолында жайғасады.

Төртіншіден, нәресте шәліге оралған болатын. Бұл өте көңіл жібітетіндей, үйдегідей көрінді. Бірақ, біздің рюштері мол, ауруханадан шыққандағы сәнді конверттерімізбен қандай үлкен контраст десеңізші!

Бесіншіден, бұршақ өрнекті көйлек – қаза тапқан принцесса Диананы еске алу құрметі секілді. Сірә, мұны тек жалқау адам ғана атап өтпеген болар деймін.


Menu
×